Практикалық сабақ «Электр тізбегін есептеу»

Теориялық есептер шығару. 1. Егер қалта фонары шамының  кернеуі 3,5 В, ал ток күші 0,28 А болса,ондағы электр тогы 5 минутта қандай жұмыс істейді   (A=UIt)   2. Егер резистордағы ток күші  10мА,  ал кедергісі  1кОм болса, онда 10 минут  ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады. ( )   3. Кедергісі 1кОм резисторды кернеуі 100 В тізбекке қоссақ,онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады  ( ) 4. Кернеуі 400 В электр двигателіндегі токтың күші 92А. Электр двигателінің орамындағы токтың қуатын анықтаңдар (P=IU) 5.      Кернеуі 220 В болатын дәнекелегіштегі ток күші 0,9А. Дәнекерлегіштегі токтың қуатын табыңдар       (P=IU) 6.
Раздел Физика
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары


Класс: 8 а,ә Өткізілетін күні _____________


Сабақ тақырыбы: Практикалық сабақ .Электр тізбегін есептеу

Сабақ мақсаты:

1. Электр тізбектері туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру, өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау, токтың жұмысы, қуаты олардың бірліктері, Джоуль-Ленц заңы туралы түсініктерін бағалау

2. Оқушыларды ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, амперметр, вольтметр, деңгейлік тапсырмалар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.


ІІ. Тест І вариант
1. Гальвони элементі және аккумулятор генераторды жалпы түрде қалай атайды?
(а) ток көзі
ә) ток күші
б) электр тогы
2. Генератор сөзінің мағынасы:
а) өсу
ә) кему
б) өндіру
3. Ток күшінің формуласы:
(а) I=q/t
ә) I=U/R
б) R=RS\l
4. Кернеу бірлігін жасаған итальян ғалымы:
а) Ампер Анде Мари
(ә) Вольта Алессандро
б) Ом Георг
5. Кедергінің өлшем бірлігі:
а) А
ә) В
(б) Ом
6. Өткізгішті тізбектеп қосқандағы ток күші неге тең?
(а) I=I1+I2
ә) I=I1=I2
б) I=U/R
7. Электр тогының жұмысы:
а) А=FS
ә) A=UJt
(б) U=A/q
8. Қуаттың формуласы:
(а) P=A/t
ә) A=UJt
б) p=UJ
9. Қазіргі қыздыру шамының негізгі бөлігі:
а) нихром
ә) алюминий
(б) вольфрам


ІІ-вариант


1. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысын не деп атайды?
а) электр өрісі
ә) электр тогы
(б) электр күші
2. Аккумулятор қандай сөзді білдіреді?
а) белгілеу
(ә) қосу
б) жинау
3. Ток күші қалай белгіленеді?
(а) I (А)
ә) U (В)
б) R (Ом)
4. Ток тудыратын электр өрісін сипаттайтын шама:
(а) ток күші
ә) кедергі
б) кернеу
5. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы:
а) J=A/q
(ә) I=U/R
б) U=A/q
6. Амперметр тізбекке қалай жалғанады?
а) перпендикуляр
ә) параллель
(б) тізбектей
7. Кернеудің өлшем бірлігі:
(а) Вольт (В)
ә) Ом
б) Ампер (А)
8. Ток күші мен кернеу ,кедергі арасындағы байланысты тағайындаған ғалым:
(а) Ом Георг
ә) Вольта Алессандро
б) Ампер Андре Мори
9. Параллель жалғағандағы кернеу неге тең?
а) U=U1+U2
(ә) U=U1=U2
б) U=A/q


ІІІ.2 - тапсырма: Тұрақты ток заңдары.


1

2

3

Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы.

Толық тізбек үшін Ом заңы.

Джоуль-Ленц заңы.

Тізбек бөлігі арқылы өтетін ток күші бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ал оның кедергісіне кері пропорционал.

Тұйық тізбектегі ток күші оған әрекет ететін Э.Қ.К. күшіне тура пропорционал, ал тізбектің ішкі және сыртқы кедергілерінің қосындысына кері пропорционал.

Өткізгіштердегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына , өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақытына тура пропорционал.


Электр тогының жұмысы, қуаты .Джоуль - Ленц заңы.

Электр тогының жұмысы

А

Дж

А=IUt

Электр тогының жұмысын есептеу үшін- ток күшінің,кедергінің, уақыттың шамаларын көбейту керек

Электр тогының қуаты

Р

Вт

P=IU=U2/R=I2R

Токтың қуатын есептеу үшін - ток күші мен кернеудің шамаларын көбейту керек

Джоуль- Ленц заңы

Q

Дж

Q=I2Rt

Жылу мөлшерінесептеу үшін ток күшінің квадратын,кедергіні,уақытты өзара көбейту керек


Электр тогын өткізу қабілетіне қарай заттар бөлінеді.


Өткізгіштер

Жартылай өткізгіштер

Диэлектриктер

Металдар

Газдар

Электролиттер

Кейде өткізгіш

Кейде диэлектрик

Мүлдем электр тогын өткізбейтіндер.

« Топтастыру » стратегиясы

р/с

Өткізгіштерді қосу

Ток күші

Кернеу

Кедергі

1

Тізбектей қосу

I = I1 = I2

U = U1 + U2

R = R1 + R2

2

Параллель қосу

U= U1 =U2

I = I1 + I2

1/R=1/R1+1/R2






1 - тапсырма:Суретке қарап кестені толтыру

Құрылғы атауы

Нені өлшейді

Өлшем бірлігі

Практикалық сабақ «Электр тізбегін есептеу»

вольтметр

кернеу

В

Практикалық сабақ «Электр тізбегін есептеу»

амперметр

Ток күшін

А

Практикалық сабақ «Электр тізбегін есептеу»

реастат

электр желісіндегі кернеуді немесе токты тежейтін және реттейтін электр құрылғысы.

Ом

Практикалық сабақ «Электр тізбегін есептеу»

резистор

элементтердің кедергісін қалпына келтіру үшін немесе электр тізбектерінде кернеу мен токты реттеу үшін қолданылады

Ом

Практикалық сабақ «Электр тізбегін есептеу»

ваттметр

Токтың қуатын өлшеуге арналған аспап

Вт

Теориялық есептер шығару.

1. Егер қалта фонары шамының кернеуі 3,5 В, ал ток күші 0,28 А болса,ондағы электр тогы 5 минутта қандай жұмыс істейді (A=UIt)

2. Егер резистордағы ток күші 10мА, ал кедергісі 1кОм болса, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады. (Практикалық сабақ «Электр тізбегін есептеу»)

3. Кедергісі 1кОм резисторды кернеуі 100 В тізбекке қоссақ,онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады (Практикалық сабақ «Электр тізбегін есептеу»)

4. Кернеуі 400 В электр двигателіндегі токтың күші 92А. Электр двигателінің орамындағы токтың қуатын анықтаңдар (P=IU)

  1. Кернеуі 220 В болатын дәнекелегіштегі ток күші 0,9А. Дәнекерлегіштегі токтың қуатын табыңдар (P=IU)

IV. Бекіту

  1. "Есептеп көрелік" 16-17 -жаттығулар

1) Бер: q= 4*10-9Кл Шешуі: ; U=Ed;

r1=10см=0,1м Е1=

r2=20см=0,2м Е1=

Т/к: U-? U1=E1d1; U1=36*102Н/Кл*0,1м=3,6*102Дж/Кл

U2=E2d2; U2=9*102Н/Кл*0,1һ2м=1,8*102Дж/Кл

3) Бер: U=1600B Шешуі: А = Uq

q=5*10-8Кл А=1600B*5*10-8Кл=80*10-6Дж=80мкДж

Т/к: А -?

4) Бер: q= 0,25Кл Шешуі: ;

A=0,7Дж

Т/к: U -?

5) Бер: q= 4,8*10-18Кл Шешуі: φ1- φ2=Ed=;

r=10нм=10-8м φ1- φ2=

Т/к: φ1- φ2 -?

2) Бер: C=3*10-6Ф Шешуі:

q=4,4*10-4Кл U= 4,4*10-4Кл/3*10-6Ф=150В

Т/к: U-?

Электр тогын сипаттайтын параметрлер. Формуласын жазып көрсет


Таңбалануы

Атауы

Формуласы

Өлшем бірлігі

Бірлік атауы

1

I

ток күші

1A=1кл/1с

Ампер

2

U

электр кернеуі

1В=1А*1Ом

Вольт

3

R,r

кедергі

1Ом=1В/1А

Ом

4

q

заряд

1кл=1А*1с

Куллон

5

Е

электр қозғаушы күші

1В=1Дж/1кл

Вольт

6

A

токтың жұмысы

1Дж=1А*1В*1с

Джоуль

7

P

токтың қуаты

1Вт=1А*1В

Ватт

8

Q

жылу мөлшері

1Дж=1А2* 1Ом*1с

Джоуль

Физикалық диктант

1. Зарядталған б..........ң реттелген бағытталған қозғалысы э....р тогы деп аталады.

2. Уақыт бойынша өзгермейтін т... тұ....ы ток деп аталады.

3. Э....р т.....ң әсерлері болып табылады ж.....қ, х......қ, м.......к. әсерлер

4. Уақыт бірлігіндегі өтетін з....тың мөлшеріне тең шама т.. к....і деп аталады.

5. Ток күші А....рмен өлшенеді.

6. Кулондық күштермен бөгде күштердің жасаған қосынды ж....ы эл...р к.р...і деп аталады.

7. Тізбек бөлігіндегі токтың ж....ы сол т....ң шамасына ,тізбек бөлігіңдегң к.....ге және ток өтетін уақытқа тура пропорционал.

8. Токтың қ...ы ток күші мен к.....дің көбейтіндісіне тең физикалық шама.

9. Өткізгіште болінген жылу м......н есептеу үшін ток күшінің квадратын,өткізгіш ке.......сін және электр тогының өту у.....н өз ара көбейту керек.

Сабақты қорытындылау

Үй тапсырмасы: Өткен тақырыптарды қайталау

Әдебиеттер:

  1. Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006

  2. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001

  3. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г







© 2010-2022