- Преподавателю
- Физика
- Сабақ тақырыбы: §§19, 20Термодинамиканың І заңы. Газ бен будың ұлғайғандағы
Сабақ тақырыбы: §§19, 20Термодинамиканың І заңы. Газ бен будың ұлғайғандағы
Раздел | Физика |
Класс | - |
Тип | Научные работы |
Автор | Жалел Б.А. |
Дата | 04.03.2016 |
Формат | docx |
Изображения | Есть |
Сыныбы: 8аәб
Сабақ тақырыбы: §§19,20Термодинамиканың І заңы.Газ бен будың ұлғайғандағы
жұмысы.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға термодинамиканың бірінші заңы, және оның жалпы сипатының мәні , газ бен бу ұлғайғандағы жұмыс түсінік алуға жағдай жасау.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. «Заттың агрегаттық күйінің өзгеруі» тарауын қорытындылау.
1. 1 кг затты жанған кезде бөлінетін жылу мөлшерін анықтайтын физикалық шама
А. Меншікті булану жылуы В. Меншікті жану жылуы
С. Жану жылуы Д. Меншікті балқу жылуы
Е. Меншікті жылу сыйымдылығы.
2. Булануға кері процесс
А. Компенсация В. Диссоциация
С. Конденсация Д.Рекомбинация Е. Диффузия.
3. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының формуласы
А. В.
С.
Д. Е.
.
4. Массасы 1 кг сұйықты қайнау температурасында буға айналдыру үшін қажетті жылу мөлшерін анықтайтын физикалық шама
А. Меншікті булану жылуы В. Меншікті балқу жылуы
С. Меншікті жылу сыйымдылығы Д. Меншікті жану жылуы
Е. Жыуөткізгіштік.
5. Қуаты 1150 Вт электр шәйнегінде 0,6 кг су бар. Судың меншікті булану жылуы 2,3·106 Дж/кг. Қанша уақыттан кейін шәйнектегі су қайнап бітеді?
А. В.
С.
Д. Е.
6. Ауаның ылғалдылығын анықтайын аспап
А. Динамометр В. Психрометр С. Ареометр
Д. Мензурка Е. Ешқайсысы да емес.
7. Меншікті булану жылуының өлшем бірлігі
А. КгВ. Дж
С. Дж/кг
Д. Дж/кг∙К
Е. К.
8. Көлемін де, пішінін де сақтайтын дене
А. Сұйық
В. Газ
С. Қатты дене
Д. Үшеуі де
Е. Үшеу де емес.
9. Будың сұйыққа айналу құбылысы
А. Компенсация
В. Диссоциация
С. Конденсация
Д.Рекомбинация
Е. Диффузия.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Термодинамиканың І заңының математикалық өрнегі:
Жүйеге берілген жылу оның ішкі энергиясының өзгеруіне және жүйенің сыртқы денелермен істейтін жұмысына жұмсалады.
Қысым тұрақты, ал температура мен көлемі өзгеретін термодинамикалық процесті изобаралық процесс деп атайды.
Изобаралық ұлғаю кезінде газдың сыртқы күштерге қарсы атқарған жұмысы газ қысымын оның соңғы және бастапқы көлемдерінің айырымына көбейткенге тең.
(а-сурет) изобаралық ұлғаю кезіндегі газдың жұмысын график түрінде көрсетілуі.
IV. Пысықтау.
Термодинамиканың І заңы қалай тұжырымдалады?
Оның математикалық өрнегін жазыңдар.
Қандай термодинамикалық процесті білесіңдер?
4. Әр түрлі термодинамикалық процестер үшін термодинамиканың І заңын жазыңдар.
Үйгетапсырма
Бағалау