Коучинг сабақтың тақырыбы: ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болуы керек?

Сабақтың атауы: Сабақты жоспарлау, зерттеу және байқау   Жалпы мақсаты Барлық мұғалімдер нені оқытатынын және оны қалай істейтіндігін жоспарлау қажет, мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер беру. Әдістемелерді/деректерді алу (мысалы, бейне, сурет немесе аудио арқылы). Мұғалім игерген  ақпаратты зерделеу, басқаларға көмек көрсету тәсілдерін жасау – инновациялық, жақсартылған, модификацияланған.Ақпаратты беруге арналған құрал жасау және оны нақты қолдану Оқыту нәт...
Раздел Физика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг сабақ жоспары.

Коучинг сабақтың тақырыбы: ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болуы керек?

Сабақтың атауы:

Сабақты жоспарлау, зерттеу және байқау

Жалпы мақсаты

Барлық мұғалімдер нені оқытатынын және оны қалай істейтіндігін жоспарлау қажет, мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер беру. Әдістемелерді/деректерді алу (мысалы, бейне, сурет немесе аудио арқылы). Мұғалім игерген ақпаратты зерделеу, басқаларға көмек көрсету тәсілдерін жасау - инновациялық, жақсартылған, модификацияланған.Ақпаратты беруге арналған құрал жасау және оны нақты қолдану

Оқыту нәтижесі

Сабақ жоспарын қалай құруды білу

Сыныптағы өзара байланысты қалай бақылап, жазуды білу

Негізгі идеялары

Сабақты жоспарлау барысында мұғалім тек интернеттен дайын жоспар алып қомай,өз сабақ жоспарын құра білу,бұл оның беретін сабағының мазмұнын түсіне білуіне,әдістемелік нұсқауларды пайдалана білуіне көптеп септігін тиігізеді. Сабақты жоспарлау бұл мұғалімнің көп ізденіс үстінде болуы,ойлау мен тәжірибеден құрайды және бұл дағды мұғалімді анықтауға көмектеседі. Сабақ жоспарына қатысты «қалай істеу керек» білімі де маңызды, бұл кәсіби мұғалім мәртебесін арттыру жолындағы маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Тапсырмалар

1-тапсырма: ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болуы керек.Мұғалім не үшін өзгеру керек.

2-тапсырма:Иновациондық сабақ үлгісін бейне ролик арқылы көрсету,мұғалімдердің пікірін тыңдау.

1-кезең. Кіріспе (10 минут)

Гулдердің суреті арқылы топқа бөлу,сыныпта атмосфера құру,топ мүшелері топ атымен,топ ережесімен,топ ұранымен таныстыру керек.

2-кезең. Сабақты зерттеу (30 мин).

Тапсырмалар бойынша өз пікірлерін қағазға жазып,топтық,жұптық пікір алмасу керек,өз ойларын ортаға салып

Қолданылатын модуль

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, (Диалогтық оқыту, сұрақ қою стратегиялар), Сыни тұрғыдан ойлау, Оқытуды бағалау, оқыту үшін бағалау. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды оқыту

Нәтиже

Жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, бір -бірімен жұптаса, сұхбаттаса отырып өз ойларын еркін жеткізе алды,өздерін оқушы орнында отырғанда ғана жаңа әдіс-тәсілді үйрене отырып, бізде осылай сабақ өтсек, бұл біз үшін тиімді әрі қызықты сабақ екендігіне көздері жетті. Жаңа иновациалық мұғалім кім болуын мұғалімдер ұғынды



© 2010-2022