Жаңа сабақ. фотоэффект. А. Г. Столетовтің ғылыми еңбегін таныстыру

Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Физика

Сабақтың тақырыбы: Фотоэффект

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға фотоэффект ұғымы мен оның заңдарын

меңгерту, фотоэффект құбылысын тәжірибе жүзінде алғаш зерттеген

А.Г.Столетовтің ғылыми еңбегін таныстыру.

ә) Дамытушылық: оқушылардың танымдық деңгейлерін

кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, энергия түрлерінің түрленуін талдай білуге дағдыландыру.

б) тәрбиелілігі : оқушыларды білімділікке, ізденімпаздыққа, белсенділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Оқыту технологиясы, әдістері:ауызша, жазбаша, сұрақ-жауап

Оқыту құралдары мен көрнекіліктер: интерактивті тақта, «Физика 11 сынып» электрондық

оқулығы, слайдтар, видеороликтер, тапсырмалар.

Сабақтың пәнаралық байланысы: математика, информатика

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі (Оқушылармен сәлемдесу. Топты түгелдеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару).

ІІ. Өтілген материалдарға шолу жасау. (Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында әңгіме жүргізу.оқушылар оқытушы қойған сұрақтарға толық жауап береді)

  1. Макс Планк гипотезасы қалай тұжырымдалады? (Планк электромагниттік сәулелену үздіксіз емес, жеке энергия үлестері - кванттар түрінде шығарылады)

  2. Әр кванттың энергиясы неге тең? (Әр кванттың энергиясы жиілікке пропорционал: E=hv)

  3. Фотон қандай бөлшек? (Фотон - элементар бөлшек)

  4. Планк тұрақтысы неге тең? (h=6,63·10-34Дж·с)

  5. Фотон дегеніміз не? (Фотон дегеніміз - жарық кванты. Фотон деп кез келген жарық толқындарын айтуға болады.)

ІІІ. Жаңа сабақ.

Фотоэффект

Фото - грек сөзінен аударғанда - жарық, эффект латын сөзінен аударғанда - әсер деген мағынаны білдіреді.

Фотоэффект деп түскен жарықтың әсерінен заттардан (метелдар мен сұйықтардан) электрондардың ыршып шығу құбылысын айтады.

Фотоэффект құбылысын тәжірибе үзінде алғаш зерттеп, заңдылықтарын тағайындаған орыс ғалымы А.Г.Столетов. Бұл құбылысты зерттеуде Герцтің шәкірті, неміс ғалымы Ф.Ленард, американ ғалымдары Р.Э. Миллекен үлкен үлес қосты.

Фотоэффект теориясының шығу кезеңдері:

  • Жарық табиғаты жөніндегі 1887 жылы неміс ғалымы Генрих Герцтің кванттық құбылысы;

  • 1888 жылғы орыстың көрнекті ғалымы А.Г.Столетов тәжірибесі;

  • 1905 жылғы ағылшын ғалымы А.Эйнштейннің теориясы;

Фотоэффект заңдары:

  • Жарықтың металл бетінен 1 с ішінде ыршытып шығаратын электрондарының мөлшері сол уақыт ішінде жұтылатын жарық энергиясына тура пропорционал.

  • Фотоэлектрондардың максимал кинетикалық энергиясы жарық жиілігіне қарай сызықты түрде артады да, жарықтың интенсивтігіне тәуелді болмайды.

.


  1. Топтық жұмысты қорытындылау.


  1. Жаңа материалды бекіту. Электрондық оқулықтағы тақырып бойынша тапсырмаларды орындау


  1. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігін бағалау.

© 2010-2022