Термодинамика негіздері ( 8 сынып)

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

С.Мұқамеджанов атындағы орта мектеп І жарты жылдық бойынша математика пәнінің өтілу барысы

2015-2016 оқу жылы

Мектепте математика пәні оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Бағдарлама оқу жылының басында мемлекеттік стандартқа сай құрылған. Математика пәні 6-шы сыныпта аптасына 6 рет жүргізіледі. Алгебра пәні 7 сыныпта аптасына 3 рет, 10 сыныпта аптасына 3 рет. Геометрия пәні 7 cыныпта және 10 сыныпта аптасына 2 сағаттан жүргізіледі. Пән мұғалімі: Конкышева Г.М ІI санатты. Математика пәнін жүргізу барысында оқушыларды негізінен ұқыптылыққа, дәлдікке, тазалыққа, тиянақтылыққа, жылдамдыққа икемдеу басты назарда болады. Математика пәнін оқыту барысында оқушылар сызу аспаптарымен дұрыс жұмыс істей білуге машықтануы тиіс. Бағдарламаны оқу жоспарына сәйкес жүргізгенде оқушылар математика пәнінің қандай салаларда қажеттіліктеріне хабардар болды. Одан әрі сабақтар барысында сызуқұралдарымен туралы мағлұматтар алды.

Математика пәнінен оқушылардың білім деңгейін анықтау барысында әр тарау соңында оқушылардан бақылау жұмыстары алынып отырды. Сабақ барысында оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Қабілеті жоғары оқушылар С деңгейінің тапсырмаларын және қосымша оқулықтардан күрделі есептер орындайды. Оқушылардың білім деңгейін одан әрі дамыту үшін оқыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру қажет.



Пән мұғалімі: Конкышева Г.М

Бірлестік жетекшісі: Мұзафарова М.Е





С.Мұқамеджанов атындағы орта мектеп І жарты жылдық бойынша технология(ұл балаларға) пәнінің жүргізілу барысы

2015-2016 оқу жылы

Технология пәні оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Бағдарлама оқу жылының басында мемлекеттік стандартқа сәйкес құқрылған. Мектепте ұл балаларға технология пәнінен Махатов Қ.Б сабақ береді І санатты. 5,6,7,8,9,10 сынып ұлдарына. Технология сабағында оқушыларды еңбекке баулуға, еңбексүйгіштікке, табандыллыққа, шыдамдылыққа үйретеді. 5,6,7,8,9,10 сыныптағы ұл балаларға технология сабағында әр түрлі материалдармен жұмыс істеуге үйретеміз. Ең алдымен қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, сабақ барысында қайшы, ара, балға сияқты құрал, аспаптармен жұмыс істеу барысында аса ұқыпты, тиянақты болуларын қадағалаймыз. 8,9,10 сынып оқушыларымен сабақ барысында қауіпсіздік ережелерін пысықтап, қатаң сақтауға талап қоямыз. Бұл сыныптарда сабақ кезінде әр түрлі материалдармен жұмыс істетуге дағдыландарамыз. Сонымен қатар теориялық білім негіздерін қалыптастырамыз. Мысалы: ауылшаруашылығы өндірісіндегі техникалар туралы, олардың қандай жұмыс атқаратындығы туралы түсінік береміз. Сабақ барысында әр түрлі маьериалдардың қасиеттері, сапасы және қандай салада қолданылатыны туралы ақпарат береміз. Жоғары сыныптарда электроника және электротехника негіздері туралы да мағлұматтар беріп, таныстырамыз. Технология сабағында мектепте арнайы шеберхана болмағандықтан көп жағдайда ауқымды,кең жұмыстар атқарылмай қалады. Мысалы: ағаш материалын өңдеу, металдарды кесу, ою сиқты жұмыстар. Жоғарыда аталғандай оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру мақсатында технология пәні сабағында бағдарламаға сәйкес сабақ өткізіледі. Оқушылардың еңбек етуге деген қасиеттерін қалыптастыруға қолдан келгенше ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі.

Пән мұғалімі: Махатов Қ.Б

Бірлестік жетекшісі: Мұзафарова М.Е



С.Мұқамеджанов атындағы орта мектеп І жарты жылдық бойынша бейнелеу өнері пәнінің жүргізілу барысы

2015-2016 оқу жылы

Бейнелеу өнері пәні 5-ші, 6-шы сыныптарда оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Пәнді жүргізетін мұғалім: Махатов Қ.Б І санатты. Бейнелеу өнері пәнін жүргізу барысында оқушылар бойында эстетикалық тәрбие қалыптастыру басты назарда болады. Сабақ барысында оқушылардың түстерді топқа сәйкес ажырата білулері, заттардың перспективалық кқрінулері, орналасуы туралы түсінік беру керек. Оқушылар затқа қарап сурет салу барысында, заттардың көлемін, түстерін, жарық, көлеңке түсу ерекшеліктерін көрсете білуге үйрену керек. Бұл жұмыстарды орындау кезінде әсіресе пейзаж, тұрмыстық заттарды қағаз бетіне түсіргенде оқушылар игерген білім,дағдыларын көрсетеді. Сонымен қатар ойша елестету арқылы оқушылардың сурет салуға бейімділігін қалыптастыру қарастырылады. Бұл кезде, табиғатқа, тарихи тақырыптарға жұмыс жүргізу қарастырылады. Бейнелеу өнері пәніноқыту кезінде оқушылар графика жанрында қарындашпен жұмыс істей білуге, акварель, гуашь бояуларын әр түрлі тақырыптарда жұмыс істей білуге үйренулері тиіс. Сабақ барысында оқушылар анималистік жанрда яғни жан-жануар, аңдар бейнелерін кескіндеп көрсетулері керек. Сонымен қатар адам бейнесін, келбетін кескіндеулері тиіс. Бейнелеу өнері сабағы кезінде оқушылар ермексазбен, түрлі-түсті қағазбен әр түрлі әшекей заттар жасап үйренеді. Бейнелеу өнері сабағын өткізу барысында оқушылар бойында әдемілікке, әсемдікке деген қасиеттерін қалыптастырып, өнер туындыларын қабылдай білуге, бағалай білуге қалыптастыру.

Пән мұғалімі: Махатов Қ.Б

Бірлестік жетекшісі: Мұзафарова М.Е





© 2010-2022