Конспект урока по физике Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі

Сабақтың тақырыбы: §6 Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі.Сабақтың білімділік мақсаты: Дененің еркін түсуі туралы түсінік беру, еркін түсу үдеуіне анықтама беру.Сабақтың дамытушылық мақсаты: Денелердің еркін түсуін бақылай отырып, оқушылардың ойлау қабілетін, танымын дамыту, формулаларды, өлшем бірліктерін есептеулерде қолдана алу дағдысын дамыту.Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа, бірлікке, байқампаздыққа, еңбектене білуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру ...
Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 21.09.09

Сабақтың тақырыбы: §6 Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі.

Сабақтың білімділік мақсаты: Дененің еркін түсуі туралы түсінік беру, еркін түсу үдеуіне анықтама беру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Денелердің еркін түсуін бақылай отырып, оқушылардың ойлау қабілетін, танымын дамыту, формулаларды, өлшем бірліктерін есептеулерде қолдана алу дағдысын дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа, бірлікке, байқампаздыққа, еңбектене білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы.

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, талдау, оқулықпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Формулалар, сызбалар, суреттер.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі;

2. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау;

3. Үй тапсырмасын сұрау;

4. Өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап;

5. Жаңа тақырыпты түсіндіру;

6. Есеп шығару.

7. Үйге тапсырма.

Сабақтың жазбасы: §6-тың ең маңызды мәселелері.

Қандайда бір биіктікте бос тұрған дене Жерге құлайтыны бәрімізге мәлім. Жоғары лақтырылған дене қайтадан жерге түседі. Мұның бәрі Жердің тарту әсерінен болады дейміз. Мәселен ауыр шар тез құлап түседі, ал жұқа қағаз парағы біртіндеп, күрделі траектория бойымен қалықтап түседі.

Демек құлайтын денелердің жылдамдығы мен үдеуі, қалыпты жағдайда, денелердің ауырлығына, олардың өлшемдері мен пішіндеріне тәуелді болады. Мұндай денелердің қозғалысын тек Жердің тартуы әсерінен ғана еркін түсуі деп айтуға болмайды. Тәжірибеде бұл айырмашылықтардың қозғалыстағы денеге ауаның әсер етуінен болатынын көрсетеді.

Ең алғаш мұндай тұжырымды итальяндық ұлы ғалым Галилео Галилей жасаған болатын. Галилей 1583 жылы Пиза қаласындағы биік көлбеу мұнара үстінен диаметрлері бірдей, ауыр және жеңіл шарларды бір мезгілде тастап, олардың мұнара табанына шамамен бір уақытта келіп түсетініне көз жеткізеді. Мұндай тәжірибелерді Галилей пішіндері мен өлшемдері әртүрлі денелермен, олардың түрлі орталардағы түсуін бақылай отырып, сан мәрте қайталаған. Міне, осылайша өз тұжырымдарының дұрыстығын тәжірибе арқылы көз жеткізе отырып, Галилей ауасыз кеңістікте барлық денелер бірдей уақытта түседі деп ұйғарды.

Алайда Галилей өз ұйғарымын денелерді ауасыз кеңістікте түсіріп тексере алмады. Өйткені Галилей өмір сүрген XVII ғасырда ауа соратын арнайы құралдар, сорғылар жоқ еді. Оны тек 80 жыл өткен соң И. Ньютон жүзеге асырды. Ол жүргізген тәжірибе Галилей гипотезасының дұрыс екенін дәлелдеді. И.Ньютон жасаған тәжірибесінің мәнісі мынада. Ұзындығы бір метрдей шыны түтікке қорғасын кесегі (бытыра), ағаш қабығынан жасалған тығын және құстың қауырсыны салынады.Түтікті тез төңкерген кезде бұл денелер түтіктің түбіне әртүрлі уақытта жетеді: әуелі бытыра, сосын тығын, ең соңында қауырсын түседі. Ал егер түтіктің ішіндегі ауаны сорып шығаратын болса, онда денелер бір мезгілде түседі. Міне осындай ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі - еркін түсуі деп аталады.

Еркін түсу үдеуі Конспект урока по физике Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі. әрпімен белгіленеді. Еркін түсу үдеуінің векторы Конспект урока по физике Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі. әрдайым төмен қарай бағытталады. Еркін түсі кезіндегі барлық денелер Жер бетіне жақындаған сайын теңүдемелі қозғалады.Есептеулерде жуық түрде Конспект урока по физике Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі. немесе Конспект урока по физике Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі. деп аламыз.

6. Есеп шығару. 5- жаттығу.

1. Биіктігі Конспект урока по физике Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі. ағаштан алма үзіліп түсті.Ол қанша уақытта жерге түседі? Түскен мезеттегі жылдамдығы қандай болады? (Ауаның кедергісі ескерілмейді).

Есептің шығарылуы:

Берілгені: Талдау: Шешуі:

Конспект урока по физике Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі.Конспект урока по физике Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі.Конспект урока по физике Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі.;

Т/к: Конспект урока по физике Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі., Конспект урока по физике Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі.Конспект урока по физике Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі.Конспект урока по физике Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі.;

Конспект урока по физике Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі.; Жауабы: Конспект урока по физике Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі.Конспект урока по физике Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі.

Сабақты қорыту:

Үйге тапсырма: §6 оқу, 5- жаттығу.


© 2010-2022