Конспект урока бесік

урок посещен к традиции казахского народа, полностью показана традиции - "бесікке салу" полностью рассказано из чего состоит бесік, сделано несколько снимков, рассказано для чего нужна бесік жыры. также включена само песня:Әлди, әлди, ақ бөпем,Ақ бесікке жат бөпем.Жылама, бөпем, жылама,Жілік шағып берейін,Байқұтанның құйрығынЖіпке тағып берейін,Әлди, әлди, ақ бөпем….
Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шығыс Қазақстан облысы

Көкпекті ауданы, Палатцы ауылы




«Палатцы орта мектебі» КММ







Сабақтың тақырыбы:

«Қойнында халық ер жеткен, Қазақы бесік ән бесік»




















Орындаған фикика мұғалімі: Аманжол Н.











2015 ж.


«Қойнында халық ер жеткен, Қазақы бесік ән бесік»


Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға бесік туралы түсінік беру және жасалу жолдарын, бесік маңызын түсіндіру. Бесікке салу рәсімінің салт - саналық, тәрбиелік тәлімдік ережелерін, ұлағатты қасиеттерінің мәнін үйрету. Қыз балаларға ана міндеті, нәресте киімін тігу әдістерімен таныстыру.
    2. Ұлттық салт - дәстүрдегі ізгіліктер мен жақсылықтарды жаңғыртып, жалғастыруға, барды бағалауға үйрету. Бала дүниеге келгендегі ырымдар мен тыйымдарды үйрете отырып, балаларды халық мұраларын білуге, адамгершілікке имандылыққа тәрбиелеу.
    3. Оқушыларды шеберлік, ұсталық қолөнері дағдыларын қалыптастыру. Ой - өрісін кеңейту. Ұқыптылық, ептілік, қасиеттерін дамыту. Түсіндіру, баяндау, үйрету.

Сабақтың әдісі: Кіріктірілген
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты оқыту
Сабақтың көрнекілігі: Бесік, жасауы, жабдығы, суреті, , қанатты сөздер, бесік жыры
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың оқу - құралы дайындығын, сабаққа қатысуын тексеру. Назарын сабаққа аудару.
Сабақтың мақсаты: бесіктің құрылысымен танысу, нәрестені бесікке бөлеу

II. Жаңа сабақ.
«Бесіксіз үйде береке жоқ» дегендей, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі ерлі - зайыптылардың тіреу - діңгегі.
Қазақ баласын бесікке салып асырайды. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесік иіп кептірілген талдан жасалады. Жөргегі тартпалары астындағы тесігі, шүмешегі түбегімен баланың таза, жинақ жатуына себепші. Екі басын қайың ағаштан шауып жасайды. Киізден түбек жасайды, оған орта беліне дейін күл салады. Баланы орайтын кеудеше, аяқ жақты қымтайтын көрпешемен (оны жөргек деп атайды) орап таңып, басына жастық салады. Баланы бөлеген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады. Мәселен: бесік көрпе, шапан, кебенек, жүген, қамшы, тон жабу керек.

Конспект урока бесік

Баланы бесікке салуды үрім - бұтағы өскен, беделді қариялардың біріне тапсырылған. Ана бесіктің жасау - жабдықтарын үйіне жасап әкеліп, ағаш бесікке саларында нәрестеден шын - шайтан аулақ болсын деген ниетпен бесікті отпен аластайды. Бұл біріншіден діни ұғымға байланысты, екіншіден микробтарды өлтіру, үшіншіден иіс - қонысты кетіру, яғни гигиеналық тазалық көзделген. Ал нәрестенің киімі 40 - ынан шыққанша көйлегі ит жейде мақтадан иірілген матадан тігіліп, тегіс бұйымының сыртына қарай тігіледі. Жейдеге түйме салынбайды. Пішу әдістері тақтада сызбада көрсетілген

Ұстаздың оқушылармен бірге бесікке салу рәсімін көрсетуі:

Конспект урока бесік

«Нәрестені бесіккке бала өсірген тәжірибелі келіншек, немесе көпбалалы аналардың бірі салады. Қазақ өзінің жақсылығын қашанда ізгі ниетті адамның жақсылығымен жұғысты болсын деп тілейді.

Сонымен, бесікке салушы бесіктің барлық жабдықтарын өзіне ыңғайлы етіп дайындап алғасын, келген қонақтарды шақырып отырғызады. Шашуға әзірленген құрт, май, кәмпит, ежігей, бауырсақ, қант, күміс ақшаны уыстап бесіктің түбегінен төмен шығарып тастағанда әйелдер қауымы қолын тоса қалып, содан алуға тырысады. Шашу үлестірілген соң бесікті отпен аластауда:

«Алас, алас, баладан алас, Иесі келді, пәледен көш! Алас, алас, пәледен алас, Көзі жаманның көзінен алас, Тілі жаманның тілінен алас, Қырық қабырғасынан алас, Отыз омыртқасынан алас» деген сияқты сөздер айтылады.

Содан соң бесіктің арқалығына бірнеше жерден темірмен қарып белгі салады. Әжелер қырандай көреген болсын деп бесіктің арқалығына бүркіттің тұяғын байлайды, жын-шайтаннан, көзден сақтасын деп тұмар жаздыртып тағады»

Конспект урока бесік

Конспект урока бесік

Бесіктің үлкен пайдасы балаға суық тимейді әрі гигиеналық тұрғыдан таза. Мәселен, үйге қонақ келе қалса, баланы кім болса сол қолына ұстап жүрмейді, беті жабылған бесікті кім де болсын тербетіп, сәбиді жұбата алады.

Баланы бөлегеннен кейін бесік жыры айтылады:

Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін,
Әлди, әлди, ақ бөпем….

Бесік жыры ананың баласына деген махаббат ән ұраны. Ол біріншіден әсем әуенмен сәбиді тәтті ұйқыға бөлеуде, екіншіден ананың үміт - сәулесі баласына тілек батасы.
Бесік жырынан халықтың бала тәрбиесіндегі ой арманы анық көрінген. Мал бақ, кәсіп ет, ел - жұртыңды жаудан қорға деген ойын халық бесікте жатқан нәрестеге ақыл кеңес тілек етіп білдірген.

Баланы жастайынан ел намысын қорғаушы азамат болуға баулу, оны ана аманаты ретінде келер ұрпақтың құлағына сіңіру ежелгі ел дәстүрінің озық түрі болған.

III. Сарамандық жұмыс.
Оқушылар тақтадағы бесіктің құрылысы және жас нәресте киімінің тігу әдістерінің сызбасын дәптерге түсіріп, жазып алу. Ер балалар бесікті ағаштан құрастыру жұмыстарын токарлық станок, ағаш жону станогы, балға, желім көмегімен орындайды. Қыздар бала бас киімі мен жиденің үлгісін қағаздан пішіп, дайындайды. Бесік жабдығы, жасауының аттары мен тігілу жұмыстарымен танысып, баланы бөлеу кезіндегі ырымдар мен тыйымдарды айтып өтеді. Қуыршақты пайдаланып баланы бесікке бөлеуді үйренеді.

Оқушылар сұраққа жауап береді.
1. Сәби дүниеге келгендегі тағы қандай дәстүрлерді білесіңдер?
2. Сүйінші беру...
3. Көрімдік алу...
4. Балаға ат қою...
5. Нәрестені 40 - ан шығару...
6. Бата алу...
7. Ырымдар...
8. Тиымдар...
9. Баланы шомылдыру... бесікке салу
10. Бесікті аластау

Сабақты бекіту.
Ортаға бесікті жабдығымен қойып, жасау, жөргектерін өлеңмен жасау.
Әшекейлі ақ бесік,
Әлдиіме бақ бесік.
Шүмегіңді табайын,
Түбегіңді салайын.
Сылдырмағыңды тағайын,
Жібек көрпе табайын.
Бауын барқыт пүліштен,
Балдақтарың күмістен,
Жабдығыңмен сыйлысың,
Жатса бөпем жайлысың.
Бөпем сенен өседі,
Құтты болсын төсегің.
IV. Үйге тапсырма:
1. Бесік сызбасын сызу
2. Бесік жырын жаттау.


© 2010-2022