ЭССЕ «ҰСТАЗ-БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ»

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЭССЕ


«ҰСТАЗ- БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ»



С.С.Сугурбаев

АО БСТ «Шағала» шипажайы жанындағы

орта мектептің физика-математика пәні мұғалімі


Ұстаз - бала жанының бағбаны. Осы бір оймақтай ойдың қаншалықты салмақты екендігін саналы ғұмырын бала оқыту мен тәрбие беруге арнаған тағылымы мол мұғалім терең түсінетіні анық. Бала тәрбиесіне ата - анасынан кейінгі үлкен жауапкершілікті жүктеген мұғалім әрбір оқушының санасына сапалы білім беруді мақсат тұтады. Білім мен тәрбие - егіз ұғым. Бірінсіз бірінің сәтті, мазмұнды, жүйелі, нәтижелі болуы мүмкін емес. Сондықтан да мұғалімнің осындай мақсатты іс-әркеті еліміздің саналы азаматтарының қалыптасып, өсіп - өнуіне, тұтас алғанда Отандық білім беру жүйесіне қосылған қомақты үлес болып табылады.

Біздің ойымша, ұлттық білім беру жүйесін жаңартудың «Жиырма қадам» бағдарламасы табысты орындалуы әрбір отбасын толғантады, себебі ұрпақ болашағы - ортақ мүдде. Осы бағдарламада көрсетілген білім беру мекемелерін оңтайландыру, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттырудың тиімді жолдарына тоқталғым келеді. Біріншіден, қоғамдағы әлеуметтік жаңғыртулар әрбір отбасында талқыланып, мұғалім, мектеп басшысы, ата-ана, оқушының өзгерген мектеп пен ондағы өзінің орны жөнінде саналы пікірін қалыптастыруға жағдай жасау керек. Сонда ғана біз баланың жеке білім алу маршрутын таңдау құқығына кепілдік бере алатын, өмірге қажетті тәсілдер мен іс-әрекет технологияларын игеруіне, жеке және жас ерекшелігіне, шығармашылық қабілетіне, әлеуметтік талаптарына сәйкес қажеттілігін қанағаттандыра алатын жаңа құрылымды білім ошақтарын бірлесіп құра аламыз.
Екіншіден, білім беру жүйесінде директорлар корпусының сапасын жақсарту жұмыстарын дамытуды қолдау. Қазіргі басшылардың басым көпшілігі оқу орындарындағы шаруашылық қызметтерін ұйымдастырушы деңгейінен көтеріле алмай жүр, сондықтан да ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жаңғырту, оқыту үдерісін түрлендіру арқылы тиімді басқару қолға алынса ғана көптеген проблемалар шешіледі.

Біз оқыту мен тәрбие беру үрдісін түрлендірудің ең маңызды деген іс-әрекеттік, тұлғалық - бағдарлық, құзыреттілік және денсаулық сақтаушы тәсілдерін білім беру үдерісінде үнемі қатаң бақылауда ұстануымыз қажет. Өйткені, жеке және ұлттық құндылықтар ретінде оқушы денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулық сақтау ортасын, ұлттық мәдени құндылықтарды қалыптастыратын әлеуметтік орта құру арқылы болашақ мұғалімдерді отанға деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, қарым-қатынас мәдениетіне, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, қалыптан тыс жағдайдан жол тауып шығуға дайындаудамыз қажет. Бұл ретте мен жеке іс - тәжірибемде физика сабақтарында ұлттық тәрбие беру мәселесіне ерекше назар аударамын. Өйткені, оқушылардың басым көпшілігі физика пәнін тек қаптаған жалаң формулалар мен заңдылықтар деп түсінеді. Осы себептен де біз өз тәжірибемізде физика сабақтарын жаңашыл педагогикалық технологияларға негіздей отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруды мақсат тұттамын. Физика сабақтарында халықтық педагогиканың бір саласы - ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың маңызы зор, біріншіден, ойын сергіту сәті болса, екіншіден, оқушылар ойынға қатысу үшін өз білімдерін үнемі толықтырып отырады. Үшіншіден, өтілген материалды қайталау тұрақты түрде жүзеге асады. Бұдан оқушы есінде көп нәрсе қалары сөзсіз. Себебі, қайталау - оқу анасы.

Сапалы білім беру - кластан тыс шаралар мен қосымша білім беру жұмыстарының жүйелі жүргізілуімен де тығыз байланысты екендігі сөзсіз. Мектеп партасында мұғалімнің берген негізгі теориялық білімін оқушы үйірме, факультатив, арнайы курстары арқылы тереңірек меңгере түседі. Физика - оқушының өздігінен ізденуін, дамуын қамтамасыз ететін, өмірге, айналадағы ортаға, ғылымның жетістіктеріне құштарлығын арттыратын бірден - бір пән. Оқушыларға таңғажайып табиғаттағы құбылыстардың алуан сырларын ашуға үйретеді. Осы орайда, өзімнің физика пәні бойынша 7-9 кластарға құрастырған «Физикаға алғашқы қадам», «Сан сырлы физика», «Таңғажайып физика» атты факультатив және арнайы курстарының іс жүзінде нәтижелі болғандығын оқушыларымның жетістіктері арқылы көріп келемін.

Еліміздің қарыштап, қарқынды дамуының тағы да бір жаңа кезеңі басталды, сондықтан да құзіретті тұлғаның мәдениетін қалыптастыру және кәсіби еңбекке дайындаудың құралы ретінде білімнің қажеттілігін сезіндіру, барды бағалау, оны сақтау өмір нормасына айналу керек. Елдің ертеңі, халықтың келешегі үшін әр үйге молшылық пен құт береке, әр аулаға тазалық пен тәртіп орнату, әрбір оқу орындарында қажетті білім жүйесін жаңғырту жолындағы істер, бірлескен адал еңбек, кәсіби құзіреттілік, мақсаттылық, имандылық, жауапкершіліктің арқасында толықтай шешімін тауып, еліміздің мерейі үстем болатынына сенемін.

© 2010-2022