Джоуль-Ленц заны

"Описание материала: Алибаева Улбосын Абжановна учитель физики Казахстан г.Кызылорда сш. №7 Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы. Сыныбы: 10 Пәні: физика Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларға бағыт, бағдар бере отырып, өткен материалды дұрыс меңгере білуін нақтылау. Пән бойынша білім- білік дағдыларынқалыптастыру. Токтың жұмысы мен қуаты, Джоуль – Ленц заңы туралы түсіндіру, жаңк ұғым жөнінде түсінік қалыптастыру. б) тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдық... 3. Эвристикалық деңгей «Электр тогы» Анықтама: 2. Электр тогының болу шарттары 3. Электр тогының әсерлері 4. Қолданылуы Қорытынды Жаңа сабақ Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы. Электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биохимиялық әсерлері бойынша болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энерг...
Раздел Физика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алибаева Улбосын Абжановна

учитель физики

Казахстан г.Кызылорда сш. №7

Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы.

Сыныбы: 10

Пәні: физика

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға бағыт, бағдар бере отырып, өткен

материалды дұрыс меңгере білуін нақтылау. Пән бойынша білім-

білік дағдыларынқалыптастыру. Токтың жұмысы мен қуаты,

Джоуль - Ленц заңы туралы түсіндіру, жаңк ұғым жөнінде түсінік

қалыптастыру.

б) тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу,

өз ойын ортаға сала алатын батылдыққа ұжымшылдыққа

тәрбиелеу.

в) дамытушылық: оқушыларды өз бетінше еңбектенуге,ізденуге

баули отырып, олардың ой-өрісін, шығармашылық, танымдық

қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Білімді жинақтау, жүйелеу, біліктілік пен дағдыны игеру

және қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, өздік жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, слайд.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

2. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Сабақтың құрылымы: сабақ 5 деңгейлік бөлімнен тұрады:

І. Оқушылық деңгей «Ой шашар»

1.Ток күші дегеніміз не, оның өрнегі, өлшем бірлігі.

2.Электр тогы біздерге қалай жеткізіледі?

3.Үтік токтың қандай әсеріне негізделіп жасалған?

4.Адам үйдің полимерлі еденінде жүргенде, синтетикалық кілемді басып

өткенде, үстінен нейлон шешкенде электрдің зарядталу құбылысы

байқалады.Себебі неде?

5.Тізбек бөлігі үшін Ом заңының тұжырымдамасы қандай?

Тест тапсырмалары

1. Заттың меншікті кедергісі?

А) ұзындығы көлденең қимасының ауданы

В) өткізгіш кедергісін азайту

С) өткізгіш кернеуін азайту

Д) ұзындығы, көлденең қимасының ауданы, өткізгіштің кедергісі

2. Ток көздерінде неше полюс бар?

А) 1

В) 2

С) 3

Д) 4

3. Өткізгіштерді қалай жалғанғанда тізбектегі ток күші тұрақты болады?

А) тізбектей

В) аралас

С) параллель

Д) тізбектей және параллель

4. Өткізгіщтерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты болады?

А) тізбектей

В) аралас

С) параллель

Д) параллель және тізбектей

5. 7 кА болатын ток күшін ампермен өрнекте?

А) 0,7 А

В) 700 А

С) 7000 А

Д) 0,007 А

6. Қалыңдығы өткізгіштер өлшемдерімен салыстырғанда өте аз, диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіш қалай аталады?

А) психрометр

В) термометр

С) амперметр

Д) конденсатор

7.Электр қозғаушы күш деп нені айтады?

А) өткізгіштегі ток күшінің қосындысына тең шама

В) бөгде күштер жұмысының электр зарядына қатынасына тең шама

С) электр тогы жұмысының уақытқа көбейтіндісіне тең шама

Д) кернеуге тура пропорционал шама

8. Ом заңы бойынша кедергі қалай өрнектеледі?

А) R=U/I

В) R=UI

С) R=I/U

Д) R= pS/L

9.Өткізгіштегі ток күшін қандай құралмен өлшейді және ол тізбекте қалай жалғанады?

А) Амперметр, тізбектей

В) Амперметр, параллель

С) Вольтметр, тізбектей

Д) Волтьметр, параллель

10. Тұрмысқа қажетті электр энергиясын тұтыну құралдары қанша вольтқа есептелген?

А) 120 В

В) 220 В

С) 360 В

Д) 380 В


  1. Алгоритмді деңгей «Ойға шабуыл»

№ 1. Егер ток күші 3А болса, 15 мин ішінде электр үтігінен қандай электр

заряды өтеді?

№2 R1

Джоуль-Ленц заныДжоуль-Ленц заныДжоуль-Ленц заныДжоуль-Ленц заныR2

Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1 = 44 Ом өткізгіш арқылы I1=5А ток өтеді. I2=0,8 А ток өткендегі өткізгіштің R2 кедергісін анықтау керек.

№ 3. 220 В кернеуге арналған шамның ток күші 0,5 А тең. Шамның

жұмыс кезіндегі қылының кедергісін анықта?

№ 4. 1800 м тереңдіктегі бұрғылау ұңғымасына токты жеткізетін

сымның көлденең қимасының ауданы 6,2 мм², жалпы кедергісі

4,7 Ом. Сымның меншікті кедергісін анықта.

№ 5. Шамды ЭҚК-і 1,5 В ток көзіне қосқанда, тізбектегі ток күші

0,6 А. 1 мин ішінде бөгде күштердің атқаратын жұмысы неге

тең?

3. Эвристикалық деңгей «Электр тогы»

  1. Анықтама:

2. Электр тогының болу шарттары

3. Электр тогының әсерлері

4. Қолданылуы

  1. Қорытынды

Жаңа сабақ

Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы.

Электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биохимиялық әсерлері бойынша болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жұмысты есептейік. Сонда электр өрісі А= qU жұмыс өндіреді. Бұл заңды Тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерінен түсіндіретін заң Джоуль-Ленц заңы болды. Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады. Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларында, аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады. А= qU; I=q/t. Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең: А= IUt егер I=U/R;U=IR; А =IUT=I²Rt=U²/Rt=Q

SI жүйесінде жұмыс Джоульмен өлшенеді. 1 Дж =1А*1В*1с

Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады.

Тұрмыстық аспаптар қанша уақыт жұмыс жасайды?

Өте жоғары жүктемедегі фен 1-1,5 сағат

Кір жуғыш машина 2 сағат

Стандартты теледидар 3-5 сағат

Электр ұстарасы 70 сағат

100-ваттық шам 10 сағат

Токтың қуаты

Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатынасына тең:

P=A/t=IU Егер I=U/R; U=IR; P=IU=I²R=U²/R

Техникада ірі қуат бірліктері - киловатт (кВт), мегаватт (МВт) жиі

қолданылады. Әр түрлі двигательдердің қуаттары да әртүрлі болады. Әрбір двигательдің паспорты болады. Онда двигатель жайлы деректер, сонымен қатар оның қуаты да көрсетіледі.

Кейбір двигательдердің қуаты, кВ

Волга - 3102 автомабилі

Ан -2 ұшағы

ТЭ - 10Л тепловозының

дизелі

"Восток" ғарыш кемесінің

ракета ұшырғышы

70 кВт

740 кВт

2200 кВт

15000000 кВт

Сабақты бекітуге арналған есеп


  1. Қуаты 100В электр шамы күніне 6 сағ жанады. 1 ай ішіндегі токтың атқарған жұмысын тап. 1кВт * сағ қазір бізде 12,45 теңге тұрады.

Өзіндік жұмыс

  1. Бөлме желдеткіші двигателінің қуаты 35 Вт болады. Ол

10минутта қанша жұмыс істейді?

2. Биіктігі 25м плотинадан минутына 120м3 су ағып өтеді.Осы плотина арқылы ағып өтетін су ағынының қуатын табу керек.

5. Шығармашылық деңгей

Ортаға оқушы шығып, кез-келген салмағы ауыр затты белгілі уақыт ішінде белгілі биіктікке көтерген кездегі қандай орташа қуат өндірілетіндігін есептеу тапсырылады.

Барлық керекті деректерді оқушылар өздері көре отырып тағайындайды.

Үйге тапсырма

2А ток күші мен 220 В кернеуінде 10 м биіктікке массасы 100 кг жүкті

30 с аралығында көтеретін электр двигателінің ПӘК-ін анықтау.



© 2010-2022