Деңгейлеп оқыту, А есебі (Кембридж)

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ешпанова Замзагүл Сәттіғалиқызы Мұғалім портфолиосы А есебі

2 топ

Ақтөбе қаласы 3-деңгей 13.04.15

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдану модулі қалай және неліктен енгізілгені туралы рефлексивті есеп.

Егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек.(ман65) Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады.

Мишра және Кёлер


Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында: «Білім беру формасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті [1].

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.

Ақпараттық -коммуникативтік технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық - коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Ақпараттық - коммуникативтік технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. [2]

Ақпараттық - коммуникативтік технологияны пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық - әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылатындай. Сондай-ақ педагогтың компьютерлік сауаттылығы ақпараттық - коммуникативтік технологияны пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.

Кез келген педагогикалық технология ақпараттық - коммуникативтік технология болып табылады. Ақпараттық - коммуникативтік технологияға көшпей оқу-тәрбие процесінде білім беруді меңгеру мүмкін емес. Білім берудегі ақпараттық - коммуникативтік технология - оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуге арналған есептегіш техника мен инструменттік құралдардың жиынтығы, сондай-ақ ол есептегіш техника құралдарының оқу процесіндегі ролі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі.

Ақпараттық - коммуникативтік технология - мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттелігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. [3]

Ақпараттық - коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру - экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі.

Ақпараттық - коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:

  • Өз пәні бойынша үнемі жаңалықтармен хабардар болып отыру;

  • Оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, сайттарда өз еңбектерін жариялау, әдістемелік пәндік Web -сайттар ашу;

  • Оқытудың қосалқы құралдарын меңгеру;

  • Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;

  • Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (электрондық орта, электронды оқулық).

  • Қашықтықтан оқыту (Internet-те online оқыту желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету және оқушыларды бейімдеу;

  • ХХІ ғасырдың жеткен жетістігін оқушылармен тиімді пайдалану.

Ақпараттық технологиянының негізгі мақсаты - қолданушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгертуде ақпараттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды. [4]

Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.

Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс. [5]

Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте - мөте қажет» - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Бағдарлама бойынша курстан өтер алдында ақпараттық - коммуникациялық технологияны сабақтарымда тек қана оқушының қызығушылығын арттыру мақсатында көрсету құралдары және сабақ үстінде ғана қолданатын құралдар ретінде пайдаланып келдім. Дәлірек айтсам электронды оқулықтар, презентациялар, бейне жазбаларды көрсету үшін өзім ғана қолданып, ал оқушылар тек флипчарттарда тапсырмалар ғана орындады.

Мектептегі тәжірибе кезіндегі тізбектелген сабақтарымда оқушылар презентайияны өздері құрып, тақырыпты түсінуде қосымша материалдарды өздері тауып, тіпті кейбір сабақтарда ұстауға тиым салынған электронды байланыс аспаптарды тиімді қолдана отырып тапсырмаларды орындауда жүзеге асырып отырдым.

Ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесінде уақытылы өзгеріп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ оқушылар сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі олар өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. Ақпараттық - коммуникациялық технология оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады.[6]

Қазіргі таңда Қазақстанда да ақпараттық - коммуникациялық технологияның дамуы қарыштап, жастардың меғгеруі де қарқындап өсуде. Қазақстандық ұстаздардың да оқушыларға сапалы білім беруде сандық технологияны белсенді қолдануға дайын болу керек екендігін және бұл оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек.

Соңғы он жылдағы технологияның дамуының қарқыны тіпті бұрынғы қағазға деген қажеттілігімізді мүлдем жоққа шығарғандай болды. Бүгінгі күні сандық технологияны жете меңгерген тұлға төсектен тұрмай-ақ бірнеше мәселені аздаған уақытта шеше алады. Он жыл бұрын уақытты кітапханада өткізсек қазір отбасының жанында отырып алыстан хабар ала аламыз, тіпті бірнеше тілді қатар меңгермей - ақ өзге тілдегі мәліметті технологияның жетістігінің арқасында әп сәтте өз тілімізге де аударып оқи аламыз. Ең бастысы бұл жетістігіміз өмірге келіп жатқан жас ұрпақтың санасын әп сәтте жаулап алып, тіпті әріпті меңгермеген балада сандық технологияның қыры мен сырын табиғатынан біліп тұрғандай меңгерген. Ендігі уақытта ұстаздардың алдында тұрған мақсат өсіп келе жатқан ұрпақтың сенімін ақтап, заман талабына сай білімді ұрпақ тәрбиелеуде сандық технологияны жетік меңгерумен қатар оқыту мен оқуда басты құрал ретінде қолдану болып отыр. Сол себепті тізбектелген сабақтарымда ақпараттық - коммуникациялық технологияны барынша тиімді пайдалануды мақсат тұттым.

Тізбектелген төрт сабағымды жоспарлауда мұғалімге арналған нұсқаулықтағы (68 -бет) «Сандық сауаттылық - бұл сандық технологияны пайдалана отырып, ақпараттың орналасқан жерін анықтау, ақпаратты ұйымдастыру, түсіну, бағалау және құру қабілеті. Техникалық жағынан сауатты болуоқушылардың сандық құралдарды пайдалана білуін сыни тұрғыдан ойлауынәлеуметтік хабардарлығын оқуға әлеуметтік тартылуын білдіреді» тұжырымын негізге ала отырып іске асырдым.

Архимед күші тақырыбындағы сабағымда сабақтың тақырыбымен мақсатын айқындауда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруды көздей отырып гиперсілтемені пайдаланып топқа бөлуде қолданған формуланың бізге таныс емесін алып оқушылардан формуланың әр шамасын баса отырып сұрақтарды туындата отырып сабақтың тақырыбын оқушылар сыни ойлата отырып жарияладым. Сабақтың осы бөлімінде оқушылар «Білімдердің педагогикалық аспектісін» яғни ғылымды түсінікті жолмен көрсете алуды меңгерді. Сабақты қорытындылауда кері байланысты жүзеге асыруда «чемодан» әдісін интерактивті тақтаның көмегімен оқушылар өз толғаныстарын стикерге жазып тақтадағы суретке бекітті. Бұл жерде технологияны тиімді пайдаланып, өз жұмысымды жеңілдеткенімді түсіндім. Сабақтарымның бірінде зерттеушілік конференция өткізуде оқушыларға технологиялық білімді тиімді пайдалануды көздедім. Бұл сабақ барысында оқушылар бірі бұқаралық ақпарат құралдарының, кітапхананың кітаптарынан тақырып бойынша материалды іздестірсе, бірі интернет желісін пайдаланып бірнеше минутта көптеген ақпарат жинады. Ал, «Білімдердің технологиялық аспектісін» дамытуда эксперименттік тапсырмаларды электрондық оқулықтың көмегін қолданып оқушылардың жаңалық ашуға деген қызығушылығын ояттым.

Педагогикалық білімге негізделетін тиімді оқумен оқытудың тоғыз түйінді ұстанымдары:

  1. Оқушыға бүкіл өміріне жеткілікті білім береді;

  2. Білімді арттырады;

  3. Алдын-ала зерттеу мен тәжірибеге негізделеді;

  4. Оқытуды қолдайды;

  5. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалауды қолданады;

  6. Оқушының іскерлікпен белсенді қатысуына ықпал етеді;

  7. Әлеуметтік және жеке процеске ықпал етеді;

  8. Мазмұндық оқытуды жүзеге асырады;

  9. Кәсіби дайындық деңгейін жетілдіреді;

Осы оқыту мен оқудың түйінді тоғыз қағидатын сабағымда ықпалдастыра отырып, мақсатты аудитория сипатын, оқушылардың оқу материалын меңгеріп алуын бағалау стратегиясын, әдіс-тәсілдерді қолдануда оқушылардың ақыл-ой қасиеттерімен оқуға деген эмоциялық қатынастарын ескере отырып қолдандым. Соның нәтижесінде оқушылар теориялық және тәжірибелік білім түрлерін қатар меңгеруді үйренді.

Іс тәжірибемде ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шараларды қолданудың маңызы зор екенін байқадым.

  • Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану.

  • Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс-әрекетін компьютерлік ойындар және т.б.) сабақта жиі қолдану.

  • Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.

  • Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық - техникалық базасын жетілдіру

Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз.

Демек, жаңа технологиялық әдіс - тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден - бір жолы. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.

Қазіргі таңда оқу мен оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық. [7]

Зертеуге бағытталған тәжірибемнің соңында дәстүрлі педагогиканың қамытын шешіп жаңа педагогикаға бетбұрыс басталды. Сандық технологияға жүгіну арқылы біз сөзбен жеткізе алмайтын күрделі нәрселерді қарапайым етіп жеткізуге үйрендім. Физика сабағында ауылдық жерде мүмкін бола бермейтін эксперименттерді бейне фрагменттер арқылы оқушыларға сабағымда және ұялы телефонның көмегімен байланыстың салаларын іске асыра отырып оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға да өз үлесімді қостым.

Болашақта осы бағдарламадан алған әсерімді әліде толықтыру үшін үнемі байланыс құралдарын соның ішінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануды тоқтатпаймын, осыған дейін қолданғаным әлі жеткіліксіз деп ойлаймын. Өйткені ғалам әр секундта жаңа нәрселердің толығуымен қарыштап өсуде. Ал білікті мұғалімнің жас ұрпақ алдындағы парызы - заман көшінен орын алып жаңа заманның оқушысын тәрбиелеу болып табылады. Өз тәжірибеме осы модулді зерттей келе ойып тұрып орын алатын іскерлік пен тиімді жұмыс туралы мағлұмат алдым. Болашақта осы зерттеуімді әрі қарай дамытамын деп ойлаймын.






Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауы

  2. «Информатика негіздері» журналы №4-2008 жыл - Ж. Садыбекова «Оқу - тәрбие үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі» (4-5 бет)

  3. «Информатика негіздері» журналы №3-2006 жыл - М. Ғалымжанова «Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру» (2 бет)

  4. Информатика негіздері №2-2008 жыл Сұрауымбетова Р. «Білім беру деңгейін көтеруде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі» - 2 бет

  5. Б.А.Әлмұхамбетова, М.А.Ғалымжанова «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда ақпараттық -коммуникациялық технологиялардың қолданылуы» - 17 бет

  6. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» - 61 бет

  7. М.А.Ғалымжанова «Педагогтардың ақпараттық - коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары» - 48 бет



© 2010-2022