Физика есептерін шығарудың тәсілдері мен әдістемесі

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Физика есептерін шығарудың тәсілдері мен әдістемесі.

Физикалық есептерді шығару тәсілдерінің мынадай түрлері кездеседі:

1) Арифметикалық тәсілде есептер математикалық теңдеулер құрылмай,

арифметикалық амалдардың жәрдемімен, сұрақтар қою арқылы шығар-ылады. Бұл тәсіл, мысалы, жылу мөлшерін анықтауда көп қолданылады.

2) Алгебралық. тәсіл физикалық формулалардың негізінде математик-алық теңдеулер құру арқылы есептер шығарғанда қолданылады. Мұндай есептер физиканың әр тарауында көп- ақ. Күрделі, қиын есептердің көбісі осы тәсілмен шығарылады.

3) Геометриялық тәсіл физикалық есептерді шығаруда фигуралардың геометрялық және тригонометриялық қасиеттерін қолдану қажет болған жағдайда пайдаланады. Мұндай тәсіл кинематика, статика, электро-статика, фонометрия, геометриялық оптика тарауына есептер шығарғанда көп қолданылады.

1) Графиктік тәсіл арқылы есептер шығарылғанда, олардың жауап-тары, түрлі графиктерді талдау негізінде шешіледі.

2) Эксперименттік тәсіл бойынша есептер эксперимент жүргізудің не-гізінде шешіледі.

3) Аналитикалық тәсілде есептің мазмұны жеке қарапайым элемент-терге жіктеліп, жан - жақты талданып , соның негізінде табуға қажетті шаманы бірден анықтаудың заңдылықтары қарастырылады( жалпыдан жекеге көшу ). Бұл «Өгізді тікелей мүйізден ұстаумен» бара -бар тіке төте жол. Яғни есептің жауабына қатысты формуланы бірден тауып аламыз да ол арқылы есепті басқа теріс жолдарға бұлтаңдатпай, оған берілген мәндерді қойып есептейміз. Бізді бірден есептің мақсатына жетелейді.Мұндай тәсілді кластағы оқушылардың білім дәрежесі (логи-калық ойлауы мен математикалық ебдейлігі) жоғары болған жағдайда қолдану тиімді, әтпесе, күрделі физикалық құбылыстарды дұрыс талдап, оған қатысты формулаларды түрлендіріп, керекті ең соңғы теңдеуді шығарып алу балаларға қиынға соғады.

4) Синтетикалық тәсілмен (жекеден жалпыға көшу) шығарғанда, ес-ептің берілгендері бойынша қандай шамаларды алдымен табуға болса, соны ретімен анықтап, ең ақырында ғана есептің шешуіне жетеміз. Бұл тәсілдің әдістемелік қолайлығы, берілген сан мәндері арқылы алғашында мүмкін болған шамаларды оңай анықтап, есептің жауабына бірте-бірте келеміз, яғни ғылымдағы «қателеу және байқап көру» әдісіне ұқсас.

Бірақ, бұл жол бізді әрқашан қажетті формулаға алып кем бермей, кейде тіпті оқушыларды басқа теңдеулерге « алып қашып » кетуіде мүмкін. Есепті шешудегі аралық кезеңдерді дұрыс талдай білуді талап етеді. Сондықтан да, аналетикалық тәсілді жоғары, ал синтетикалық амалды төменгі кластарда пайдаланған әдістемесін жағынан тиімді деп есептелінеді.


© 2010-2022