• Преподавателю
  • Физика
  • План урока по спец дисциплину на тему Кәсіпорындармен азаматтық ғимараттарды электрмен қамтамасыздандыру

План урока по спец дисциплину на тему Кәсіпорындармен азаматтық ғимараттарды электрмен қамтамасыздандыру

Раздел Физика
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып : Кәсіпорындармен азаматтық ғимараттарды электрмен қамтамасыздандыру

Сабақтың мақсаты: Пән туралы жалпы мағлұмат беру. Электр мен қамтамасыздандырудың маңызын ашып түсіндіру.

Сабақтың типі:Жаңа материалды игеру сабағы

Сабақтың әдісі: Дәріс сабақ

Жоспары:

Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттар жөнінде мәлімет

Электрмен қамтамасыздандырудың жолдары

Қазақстан энергетикасының дамуы

1. Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттар жөнінде мәлімет

Ғимараттар деп жерде орналасқан құрылыстарды атайды, оларда адам тіршілігінің түріне байланысты қажетті бөлмелер орналасады. Мысал ретінде тұрғын үйлерді, мектептерді, театрларды, гараждарды, фабрика-зауыт корпустарын және тағы басқаларды келтіруге болады.Сонымен бірге ғимарат деп кейбір имараттарды атауға болмайды (мысалы: көпірлер, бөгеттер немесе радиодіңгектер), оларда негізгі міндеттерді анықтайтын не бөлмелер, не бөлек бөлімдер болмайды. Мұндай имараттарды инженерлік деп атайды.

Ғимараттың ішкі кеңістігі бөлмелерге бөлінеді. Егер бөлмелердің едендері бір (немесе шамамен бір) деңгейде орналасса, олар қабат құрастырады .

Ғимараттарды қабаттылығына қарай: бір қабаттылар және көп қабаттыларға бөледі.

Қабат еденінің тротуарға немесе отмосткаға (ғимаратты айнала тас төселген немесе асфальтталған жолаққа) қатынасы бойынша орналасуына байланысты, жер бетіндегі қабат деп атайды. Оның едені отмостка немесе тротуар деңгейінде орналасады; цокольдік (немесе жартылай үй асты), оның едені отмостка немесе тротуар деңгейінен төмен, бірақ бөлменің жарты қабатынан артпай төмендетіледі; үй астылық, оның едені отмостка немесе тротуар деңгейіне қарағанда бөлменің жарты биіктігінен артығырақ төмен орналасады; ал егер бөлме шатыр кеңістігінде орналасқан болса, ол мансардалық деп аталады.

Ғимараттар міндеттеріне байланысты әртүрлі болып бөлінеді. Бірақ олардың бәрін: азаматтық, өндірістік және ауылшаруашылық деген үлкен үш топқа бөлуге болады.

Азаматтық ғимараттарға, адамдардың тұрмыстық және қоғамдық-мәдениет қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін арналған ғимараттарды жатқызады, мысалы: тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар, театрлар, вокзалдар, дүкендер, мекемелер және тағы басқалар.

Өнеркәсіп ғимараттарына, көлік пен өнеркәсіп өндірісіне қызмет көрсететін ғимараттарды жатқызады, мысалы: фабрикалардың, зауыттардың, шеберханалардың, электр станцияларының, паровоз деполарының және тағы басқалардың корпустары кіреді. Ауылшаруашылық ғимараттарға, ауыл шаруашылық мұқтаждықтарын қана-ғаттандыруға арналған ғимараттарды жатқызады, мысалы: сиыр қоралар, шошқа қоралар, теплицалар (өсімдіктер өсіретін жылы жайлар), ауылшаруашылық өнімдерінің қоймалары және басқалар.

Ескеретін жағдай: бұндай бөлу белгілі мөлшерде шартты, себебі негіздері бірдей ғимараттардың кейбір түрлерін әртүрлі топтарға жатқызуға болады.

Әр түрлі міндет атқаратын ғимараттардың сыртқы және ішкі пішіндерінің арасында бар өзгешіліктерде, үлкен айырмашылықтарға қарамастан, олардың барлығы өзара байланысқан, бірнеше негізгі сәулеттік-конструктивті, толығынан айқын функция атқаратын элементтерден тұрады.

Ғимараттардың негізгі элементтерін келесі топтарға бөлуге болады :

а) ғимараттарда пайда болатын, негізгі жүктеуді қабылдайтын, күштеу көтеруші;

б) қоршаушы, бөлмелерді бөлуші, сонымен қатар атмосфералық әсерлерден оларды қорғаушы және ғимараттарда айқын температураны қамтамасыз етуші;

в) күштеу көтеруші және қоршау функцияларын атқарушы элементтер.

Ғимараттардың негізгі элементтеріне (немесе бөлімдеріне): іргетастар, қабырғалар, жабындар, бөлек тіректер, жабулар, қалқалар, сатылар, терезелер, есіктер, шамдар жатады (1.1 сурет).

План урока по спец дисциплину на тему Кәсіпорындармен азаматтық ғимараттарды электрмен қамтамасыздандыру

1.1 сурет. Күштеу көтеруші сыртқы және ішкі қабырғалы азаматтық ғимарат:

1 - іргетастар; 2 -сыртқы қабырғалар;

3 - ішкі қабырғалар; 4 -жабындар;

5 - жабулар; 6 - қалқалар; 7 -саты

Іргетас деп ғимараттың жер асты контрукциясы аталады, оның негізгі міндеті ғимараттан түсетін жүктеуді қабылдап негізге беру. Негізбен тікелей түйісетін іргетастың төменгі жазықтығы іргетастың табаны деп аталады. Тікелей жер бетінен іргетастың табанына дейінгі аралықты іргетасты салу тереңдігі деп атайды.

Негіз болып табиғи топырақ қабаты қызмет ете алады. Олар егер іргетас салу тереңдігінде салынған ғимараттан түсетін қысымды қабылдауға арналған қажетті қабілеттілікке ие болса - табиғи негіз, жасанды - нығыздалған немесе күшейтілген топырақ (жасанды негіз) деп бөлінеді.

Қабырғалар бөлмелерді сыртқы кеңістіктен (сыртқы қабырғалар) немесе басқа бөлмелерден бөледі (ішкі қабырғалар). Осымен олардың қоршаушы функ-циялары түзеледі. Бұдан басқа, қабырға тек өзіне меншікті салмақтан ғана емес, сонымен қатар ғимараттың жоғары жатқан бөлімдерінен (жабындардан, жабулар-дан және басқа) жүктеуді көтереді және күштеу көтеруші функцияны орындай алады. Өзіне меншікті салмақтан басқа, басқа конструкциялардан салмақ қабыл-дап, іргетасқа беретін қабырғалар күш көтеруші деп аталады.

Күн тартарлар (фонарьлар) деп арнайы контрукцияларды атайды. Олар бөлмелерді жарықтандыру және желдету үшін (егер бұл мәселе терезелер көмегі арқылы шешілмесе) жабында орналастырылады. Негізінен күн тартарлар бір қа-батты өнеркәсіп және салыстырмалы сирек азаматтық ғимараттарда құрылады.Жоғарыда келтірілгендерден басқа, конструктивті элементтер бар, (мысалы: балкондар, кіріс алаңдар, терезелер алды орлар, үй астылар және тағы басқалар). Оларды ешбір көрсетілген топтарға жатқызуға болмайды.

Талап қойылатын еңбектің гигиеналық және тұрмыстық шарттарын қамта-масыз ету үшін, ғимарат арнайы санитарлық-техникалық және инженерлік қон-дырғылармен (жылыту, желдету, газбен қамтамасыз ету, тамақ дайындауға арнал-ған плиталар немесе пештер, суық және ыстық сумен қамтамасыз ету, канализа-ция, қоқыстарды шығару, жасанды жарықтандыру, радиоландыру және тағы бас-қалармен) жабдықталады.

2. Электрмен қамтамасыздандырудың жолдары

Электр станциялардан шығатын барлық электр энергиясы әуе және кабельді желіліер арқылы подстанцияларға жіберіледі.

Электр энергиясын шығарудың өсуі оның таратылуы мен жіберілуін жетілдіруді талап етеді. Электр энергиясын таратуда ауылдық электр желілері үлкен рөл атқарады. Жыл сайын ауылдық электр желілерінің халық шаруашылығына деген маңызы артуда және оларға тұтынушыларға тиімді де үзіліссіз электр энергиясымен қамтамасыз ету талап етіледі.Ауыл тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз етуде кезіндегі үзіліс кәсіпорынның қызметінің тоқтоуына, өнімнің тиісті дәрежеде өндірілмеуіне, кей жағдайда жабдықтардың бүлінуіне әкеп соғады, ал ол мемлекетке үлкен шығын келтіреді.

Сондықтан ауылдық электр желілерін өндіріс және тұрғын үй тұтынушыларына үзіліссіз электр энергиясымен қамтамасыз етуді ескере отырып жасайды. Бұған тұтынушыларды электр энергиясымен резервті жүйесі және автоматика мен телемеханикалық құрылғыларды қамтамасыз ету арқылы қол жеткізуге болады.

Электр энергиясы энергияның әлдеқайда әмбебап түрі болып табылады. Ол өте қарапайым және үнемді, энергияның басқа түрлеріне ауыса алады - жылу, механикалық, жарықтық және т.б. электр энергиясы автоматика, электроника және т.б. құрылғыларда өзінің маңызы қолданыс табады, оларсыз қазіргі кездегі аппараттар мен техникалық құрылыстарды елестету қиын. Сондықтан қазір электр энергиялары елдің халық шаруашылығында кеңінен барлық салада қолданылады. Электр желілері электр энергиясын электр станциясынан жіберіп, таратумен айналысады. Шығарылатын барлық электр энергиясы дерлік өз қабылдаушыларына электр желілері арқылы түсіп отырады. Мұнда электр энергиясы өте үлкен қашықтыққа жеткізілді мүмкін - ондаған, жүздеген, мыңдаған киллометрлерге және бірнеше рет ауысып, сандық сапалық жағынан өзгеруң мүмкін. Электр желілері желілер мен трансформаторлардан тұрады. Трансформаторлар берілетін электр энергиясы параметлерін өзгерту үін қызмет атқарады - ток пен кернеу. Трансформаторлар подстанцияларда коммутациялық аппаратурамен бірге орнатылады - өшіру және бөлу құрылғылары және т.б. олар арқылы желі элементтерін сөндіру жүзеге асырылады. Жергілікті жағдайларға байланысты кернеу мен токтың маңызы жеткілікті түрде кеңінен өзгереді. Аварияға қарсы автоматика құрылғысы ток пен кернеу параметрлеріндегі өзгерістерді тексереді және бүлінген учаскелерді дараландыруды жүргізеді. Аталған қорғауыш және автоматика құрылғыларына белгілі бір талаптар қойылаы. Тиісті талаптар режимді жүргізу үшін - режимді автоматикаға да қойылады - олар электр энергиясының қажетті сапасын бақылайды, электр станциялары арасында тиімді таратуды жүргізеді, электр желілерінің анағұрлым үнемді жұмыс режимін қамтамасыз етеді.

3 . Қазақстан энергетикасының даму кезеңдері.


ОЭК Қазақстанды электр энергиясымен толық қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Ол үшін отын да, энергоресурстар да жеткілікті. Бірақ, ОЭК біркелкі дамымаған. Оны мынадан көруге болады 1990 жылы Қазақстанда 90 млрд. квт. сағ. энергия өндірілген болатын. Ал, сол кездегі республикамыздағы электр станцияларының энергия өндіру мүмкіндігі 19млрд. квт. сағ. еді. Бүгінгі күні электр станциялардың өндіріс мүмкіндігі 95млрд. квт. сағ., бірақ 60 млрд. квт сағ. энергия өндіреді.

1990жылы - 90 млрд. квт. сағ.
1994 жылы - 66, 4 млрд. квт. сағ.
1997 жылы - 60 млрд. квт. сағ.
2003 жылы - 64 млрд квт. сағ.
2005 жылы - 68 млрд. квт. сағ.
2010 жылы - 85 млрд. квт. сағ.
2015 жылы - 102 млрд. квт. сағ.
2020 жылы - 114 млрд. квт. сағ.


Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Қазақстан үкіметі энергетикалық тоқыруға ұшырамас үшін ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып энергетика өндірісін жекешелендіріп, тығырықтан шыға білді. Алғашқы отандық өнімдерді, жаңа типті қондырғыларды АМЖЗ, ЭЛМО зауыттары шығара бастады.
Оңтүстік жақтағы энергетикаға тапшылық көршілес Қырғызстаннан және Түрікменстаннан энергия алуға мәжбүр етуде.»Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында және Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында энергетика міндеттерін орындау, энергетикалық тапшылық мәселелерін шешу жолдары қарастырылған. Сондай - ақ, еліміздің Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Самұрық» энергетикалық өндірісімен бірлесіп 2007 - 2015 жылдарға арнап перспективалық жоспар жасаған. Осы орайда Энергетика және минералды ресурстар министрі С: Мыңбаев Екібастұз ЭС қуаты молайтылып, Қарағанды, Павлодар т. б. аймақтарда ЖЭС салынатынын мәлімдеді. Бүгінгі күні энергия құны көтерілді. («Жас Алаш»газеті,»Ақиқат» журналы)

Бақылау сұрақтары:

Ғимараттар адам тіршілігінде қандай қызмет атқарады?

Электр энергиясын шығарудың өсуі оның таратылуы мен жіберілуіне қандай фактор әсер етеді?

Қазақстан энергетикасының даму кезеңдерін атаңыз.


© 2010-2022