• Преподавателю
  • Физика
  • Сабақ жоспар қазақша жазылған «Электромагниттік толқындар» тарауын қайталау (11 сынып)

Сабақ жоспар қазақша жазылған «Электромагниттік толқындар» тарауын қайталау (11 сынып)

Раздел Физика
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Электромагниттік толқындар» тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: «Электромагниттік толқындардың қасиеті» таралуы, қолданылуы және тарау бойынша негізгі заңдылықтарды компьютерлік модельдеу білімін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, тез ойлауға үйрету.
Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Компьютер моделді пайдалану арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту, есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабақтың типі: Іскерлік - ойын, қайталау сабағы.

Сабақтың түрі: Жаңа технологиялық жүйемен жасалған шығармашылық сабақ
Оқыту әдісі: түсіндірмелі
Оқу жұмысын ұйымдастыру формалары: оқушылармен топтық және жеке жұмыс жүргізу
Сабақтың көрнекілігі: графиктер, тест тапсырмалары, слайдтар, мультимедиалық оқулық, кинофильмдер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Өтілген тақырыпты қайталау.

1862 жылы Максвелл электромагниттік толқындардың бар болуы жөнінде болжам ашты. Оның есептеуінше олардың таралу жылдамдығы жарықтың ауадағы таралу жылдамдығына тең. Г.Герц тәжірибелерінен кейін электромагниттік толқындардың жаңа жиіліктегі түрлері ашыла бастады. Электромагниттік толқындардың әртүрлі диапазондары әртүрлі атауға ие болды, бірақ барлық сәулелердің табиғаты бір және толқын ұзындығымен ерекшеленеді. Электромагниттік толқындар қатары:

1. Төменгі жиіліктегі толқындар.
2. Радиотолқындар
3. Ультра - қысқа толқындар
4. Инфрақызыл - сәулелер
5. Көрінетін сәуле шығару
6. Ультракүлгін сәулелер
7. Рентген сәулелері
8. Гамма сәулелері

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.


Электромагниттік өріс.

Біз электромагниттік индукция құбылысын оқығанда магнит өрісінің өзгеру электр өрісінің пайда болуына әкеліп соқтыратынын байқаған едік. 1865 жылы Максвелл осыған кері құбылыстың, яғни электр өрісінің өзгеруі магнит өрісінің пайда болуына әкеп соғуы мүмкін деген жорамал айтқан болатын. Кейіннен бұл жорамал дәлелденді. Сонымен, электромагниттік индукция құбылысы мынадай екі құбылыстан тұрады екен.


IV. Өтілген материалды бекіту.

V. Оқушыларды бағалау.

Сабақты қорытындылап, оқушыларға баға қою.

VI. Үй тапсырмасы. «Электромагниттік толқындар» тарауын қайталау [44].

Сабақтың тақырыбы: Білімін тексеру

Білімділік мақсаты: Компьютер модельдеу көмегімен оқушы білімін тексеру.

Дамытушылық мақсаты: логикалық ойлау .

Тәрбиелік мақсаты: ақыл-ой тәрбиесін беру

Сабақтың түрі: білімді тексеру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жазбаша.

1. Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей.

А) Ұзындығы 12 см болатын аудандағы Сабақ жоспар қазақша жазылған «Электромагниттік толқындар» тарауын қайталау (11 сынып) электромагнитік толқынның тербеліс жиілігінің векторлық кернеулігін табыңыз.

Ә) Тербеліс жиілігі 6 МГц болатын электромагниттік толқынның ұзындығы қандай? (Толқынның таралу жылдамдығы 3·108 м/с )

Б) Егер электромагниттік толқындардың 2 см болса, онда олардың вакуумдегі тербеліс жиілігі неге тең?

ІІ деңгей.

А) Толқын ұзындығы 300 м электромагниттік толқында жиілігі 200 Гц дыбыс тербелісінің бір периоды ішінде қанша тербеліс болады?

Ә) Толқын ұзындығы 7 м , тербеліс жиілігі 220Гц болатын дыбыс толқыны суда 7,7 км арақашықтықты қанша уақытта жүріп өтеді?

Б) Егер ұшақтан шағылған дабыл жіберілген мезетте 10 с өткен соң қабылданатын болса, онда ұшақ шамамен радиолакатордан қанша қашықтықта болады?

ІІІ деңгей.

А) Радиоқабылдағыш контуры 50 м ұзындықтағы толқынды ұстауға лайықталған 25 м ұзындықтағы толқынды ұстау үшін қабылдағыштың тербелмелі контуры конденсаторының сыйымдылығын қалай өзгерту керек?

Ә) Радиоқабылдағыштың қабылдау контурындағы катушканың индуктивтілігі 1мкГн. Ұзындығы 1000 м толқында жұмыс істеп тұрған станция хабарын қабылдап жатса, конденсатордың сыймдылығы қандай?

Б) Егер тербелмелі контурдағы конденсатордың сыймдылығы 200-ден 1800 пФ-ға дейін біртіндеп өзгеретін болса, радиоқабылдағыш толқындар ұзындығының қандай диапазонында жұмыс істейді?

Бағалау:

Үйге тапсырма: 5 - тараудың түйінді мәселелері қайталау.


© 2010-2022