Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципі

Сабақтың тақырыбы: Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципіМақсат: Білімділік мақсаты:Жылу қозғалтқышының жұмысы кезіндегі ішкі энергияның механикалық энергияға айналу арқылы жүйеде энергияның сақталу және түрлену заңының орындалуына көз жеткізу. Тұйықталған цикл бойынша кезекпен өтетін процесстерді талдау кезінде жылу қозғалтқыштарының периодты және үздіксіз жұмыс істеу үшін қажетті шарттарды айқындау.Дамытушылық мақсаты: Әрбір шәкірттің жеке тұлға ретінде жан – жақты дамуына мүмкіндік тұдыр...
Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципі

Мақсат:

Білімділік мақсаты:

Жылу қозғалтқышының жұмысы кезіндегі ішкі энергияның механикалық энергияға айналу арқылы жүйеде энергияның сақталу және түрлену заңының орындалуына көз жеткізу. Тұйықталған цикл бойынша кезекпен өтетін процесстерді талдау кезінде жылу қозғалтқыштарының периодты және үздіксіз жұмыс істеу үшін қажетті шарттарды айқындау.

Дамытушылық мақсаты:

Әрбір шәкірттің жеке тұлға ретінде жан - жақты дамуына мүмкіндік тұдыру, оқушының өзіндік іс-әрекетін дамыту, шығармашылық жұмысына жағдай жасау.

Тәрбиелік мақсаты:

Оқушылардың сабаққа қызығуын, ынтасын, ізденімпаздақ, белсенділік қабілетін дамыту, шыдамдылыққа, әдемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Конференция сабағы

Сабақтың әдісі: Баяндау, демонстрациялау, топтық, проблема тұғызу, ой шақыру.

Пәнаралық байланыс: тарих, математика, биология.

Сабақтың көрнекілігі: Іштен жану қозғалтқышы, төрт цилиндрлі іштен жану қозғалтқышы, Герон шары, схемалық салулар, галымдардың портреті, интерактивтік тақта.

Оқыту технологиясы:

Оқушы білімін кеңейтуге және терендетуге жағдай жасау. Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы.

Сабақтың типі: мәліметтерді анықтау жолында іздену, тереңдету, нақтылау, білім қорын дамыту, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Конференция түрінде өтілетін сабақтың мазмұнымен таныстыру.

  3. сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.

    1. топ: XVII ғасырдағы жылу машинасы тарихынан

    2. топ: XVIII ғасырдағы жылу машинасы тарихынан

    3. топ XIX ғасырдағы жылу машинасы тарихынан

    4. топ: XX ғасырдағы жылу машинасы тарихынан

  4. Сабақты қорытындылау.

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Бағалау.

  1. Ұйымдастыру.

  2. Сабақ мазмұнымен таныстыру.

Адамдар ең бірінші адам еңбегін жеңілдететін судың ағысы мен желдің екпінімен жұмыс істейтін қозғалтқыштар жасады. Кейін кез-келген жерде, жылдың кез келген мезгілінде, салмағы мен көлемі шағын болатынг өзінде тұрған энергия көзімен жұмыс істейтін қозғалтқыш жасауды ойластырды. Бұл жылу қозғалтқышы еді. Жылу қозғалтқыштарының өмірге келуі оңай болған жоқ. Әр елдің өнертапқыштары оларды жасап шығару үшін еңбек сіңірді. Бұл жолда толық жатқан жеңістер де, жеңілістер де болды. Бірақ олардың әрқайсысы жаңа қозғалтқыш жасауға азды көпті үлес қосты. Бұл қозғалтқыштың пайда болуы адам баласының өміріне үлкен өзгерістер алып келді. Жылу қозғалтқыштарынсыз осы күнгі адам өмірін, келешектегі тіршілігін елестету мүмкін емес. Олай болса, тарихы дөңгелегін кері шегіндіре отырып, жылу қозғалтқыштары тарихына, әр кезеңдегі жаңалықтарға тоқталамыз.

  1. Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.

«Жылу машинасы тарихынан» атты тарих дөңгелегі бойынша әр топ жинақтаған ғылыми деректерін ортаға салып, сызбаларын түсіндіріп, тәжірибелер жасап, демонстрациялық жұмыстарын көрсете отырып баяндайды.

Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципіЖылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципі

Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципіЖылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципіЖылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципіЖылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципі



1- топ топ: XVII ғасырдағы жылу машинасы тарихынан

1- оқушы. Осы күнгі бу турбинасының негізін салушы александриялық ғалым Геронның біздің заманымыздан бұрынға II ғасырдың өзінде ойлап шығарған қозғалтқышының үлгісімен таныстырады.

Алдын ала ішіндегі сұйықтықты кішкене саңылау жасау арқылы ағызып, босатып алған шикі жұмыртқаға шприц арқылы тесіктен төменірек деңгейде су құйып, оттың жалынына қыздырамыз. Қайнаған судан пайда болған қысымнан жұмыртқаның айналмалы қозғалысын демонстрациялаймыз.

2 -оқушы. Француз өнертапқышы Дени Паненің бу машинасы жайлы түсіндіру.

3-оқушы Ағылшын Т. Ньюкомен және оның көмекшісі Коулидің жасаған бу машинасы жайлы.

4- оқушы. Отын цилиндр ішінде жанатын-іштен жану қозғалтқышын жасаған

Д. Папеннің еңбегі туралы.

  1. топ: XVIII ғасырдағы жылу машинасы тарихынан

    1. оқушы. Екі цилиндр бу машинасын жасаған орыс технигі И.И. Ползунов туралы.

    2. оқушы. Бірінші болып ІЖҚ-на жол ашқан, төрт тактілі цикл бойынша жұмыс істейтін және П.Ә.К -22 % қозғалтқыш жасаған неміс технигі Николай Отто жайлы.

    3. оқушы. Іштен жану қозғалтқышының жұмыс істеу принципін демонстрациялау.

    4. оқушы. Төрт циліндрлі ІЖҚ-ның практикалық қолданысы, кезекті жұмыстық жүрісі.

3-топ XIX ғасырдағы жылу машинасы тарихынан

1 -оқушы. Ағылшын ғалымы Джеймс Уатт жетілдірген бу машинасының конструкциясы.

2-оқушы. Практикада қолданылған бірінші бу турбинасын жасаған Г. Лавель жайлы. Өнертапқыш турбинасының шапшан жүрістілігі, жинақтылығы, қуаттылығы, ПӘК -нің жоғарлығы негізгі жетістігі.

3-оқушы. Сыққан кезде өздігінен от алып, қоспаның жанатынын тапқан неміс инженері Рудольф Дизель туралы және оның жаңалығының көлікте ене басталуы туралы.

4- оқушы. Модель арқылы бу машинасының жұмыс істеу принципін демонстрациялау және қауіпсізідік шараларды ескерту.

4- топ: XX ғасырдағы жылу машинасы тарихынан

1- оқушы. Реактивті қозғалыстың қарапайым үлгілерін демонстрациялау.

Кішкене ойыншық арбаша үстіне ішіне ауасы бар шар орналастырып, оның аузын босатып жібергенде, сыртқа ытқыған ауаның үлкен қысымы әсерінен арбашаның қарам-қарсы жаққа кері итеріле қозғалатынын демонстрациялау.

2- оқушы. Авиация тарихы- биікке көтерілу, жылдамдықты арттыру жолындағы күрес тарихы. Ракетаны ғарышқа ұшыруға пайдалануға болатыны туралы айтқан және оның теориялық негізін қалаған орыс ғалымы К.Э. Циолковский жайлы.

3- оқушы. С.П Королевтің ғылыми конструкторлық еңбегі жайлы

4- оқушы. Байқоңыр ғарыш айлығы және тәуелсіз Қазақстанның ғарышқа сапардағы жетістіктері.

5. «Жылу қозғалтқыштарының пайдасы мен көлеңкелі жақтары» жайлы ой қорыту.


  1. Сабақты қорытындылау

Мини тест.

  1. Үйге тапсырма беру.

Деңгейлік тапсырмалар

  1. Бағалау. (әр оқушыға беру)

Үлгерім айнасы: Аты жөнің...................................................

Сұрақтар

үлгерімі

ұсыныс

1

Теориялық ұғым


2

Формулалар


3

Есептер шығару



Өз - өзіңді бағала



© 2010-2022