Конспект урока по физике на тему Маятник периоды

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

№ 25 жалпы білім беретін орта мектеп


Конспект урока по физике на тему Маятник периоды

Тақырыбы:

«Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері.

Математикалық және серіппелі маятниктердің периоды».



Сыныбы: 9 «А»

Өтілетін мерзімі: 18.12.2009 ж.

Пән мұғалімі: Есенжолова Л. Т.


Семей қаласы

2015ж.

Сабақтың тақырыбы: Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері. Математикалық және серіппелі маятниктердің периоды.

Мақсаты:

Оқыту: Табиғаттағы ең көп тараған қозғалыс бірдей уақыт аралықтарында дәлме-дәл немесе шамамен қайталанып отыратын тербелісін сипаттайтын шамаларды қайталау арқылы жаңа тербелмелі жүйелермен танысу.Маятниктің тұрмыстағы техникадағы, өмірдегі және эволюциялық прцестегі рөлін анықату.

Дамытушылық: Оқушылардың бірін-бірі тыңдай білу, өз ойын тиянақты жеткізе білу, нақты сұрақ қойып, қойылған сұраққа дәл жауап бере білу қабілеттерін дамыту. Алған білімін спалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу.

Тәрбиелік: Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыра отырып, тербелістердің қасиеттері мен өмірде алатын орнын зерттеп білу қажеттілігін өздігінен түсініп, білімді өз күшімен алуға ұмтылысын тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Оқу үрдісін ұйымдастыру әдістері: Фронтальді, топпен жұмыс.

Көрнекіліктер: Тестілер, карточкалар, Венн диаграммасы

Құрал жабдықтар: Штатив, жіп, серіппе, денелер, сағат, сызғыш.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар? Сәлемдесудің әлем тілдеріндегі айтылуын білесіңдер ме? /түгендеу/.

Оқушылардың ыңғайларына қарап, ұйымдастыру.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын орындауларын карточка арқылы тексеру.

ІІІ Жаңа сабаққа дайындық

/Математикалық және серіппелі маятниктердің қозғалыс динамикасын көрсетіп, оқушылармен бірге талдап, ситуациялық проблемалар қойып, жаңа тақырыпқа көшу./

- Балалар сендердің алдарыңда екі түрлі тербелмелі жүйе бар. Екеуінде қандай айырмашылықтар көріп тұрсыңдар?

- Олардың айырмашылықтары: тербеліс периодтарының әр түрлі екендігінде.

- Сонымен, бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болмақ? /мақсат анықтау/

ІV Мағынаны ашу

Топтарға эксперименттік тапсырмалар беріледі.

1-тапсырма. Ұзын жіпке массалары әр түрлі жүктерді іліп, тербеліс периодын анықта.

2-тапсырма. Ұзын жіпке жүкті іліп, оны әртүрлі бұрыштармен ауытқығандағы тербеліс периодын анықта.

3-тапсырма. Ұзын және қысқа жіпке ілінген шардың тербеліс периодын анықта.

Тапсырмалар жауаптарынан жаңа сабақтың мағынасы ашылады.

V Жаңа сабақ

Математикалық маятник деп созылмайтын салмақсыз жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды айтады

Конспект урока по физике на тему Маятник периоды

Т- период

L- жіп ұзындығы

g - еркін түсу үдеуі g=9,8 м/с2

п=3,14

Конспект урока по физике на тему Маятник периоды

Серіппелі маятник деп серіппеге ілінген кішкентай ауыр шарды айтады Конспект урока по физике на тему Маятник периодыКонспект урока по физике на тему Маятник периоды

Т- период

m- дене массасы

к- серіппенің қатаңдығы

п=3,14

VІ Жаңа сабақты бекіту «Кім жылдам?»

Тест тапсырмалары беріледі:

  1. Математикалық маятниктің жиілігін қалай өзгертуге болады?

  2. Айдың бетінде математикалық маятниктің периоды қалай өзгеретін еді?

  3. Математикалық маятник жібінің ұзындығы арттырса, не болады?

  4. Маятниктің тербеліс амплитудасы уақыт өтуімен не істейді және неліктен?

  5. Егер серіппелі маятник жүгін массасы 4 есе артық жүкпен алмастырса период қалай өзгереді ?

VІІ Сабақты қорытындылау. Шығармашылық тапсырмалар:

  1. Егер серіппеде ілулі тұрған жүктің массасы 100 г, ал серіппенің қатаңдығы 40 Н/м болса, онда оның тербеліс жиілігі неге тең?

  2. Егер серіппеге бекітілген массасы 30 г дене 1 минутта 300 тербеліс жасайтын болса, осы серіппенің қатаңдық коэффициенті неге тең?

  3. Маятник Жер бетінде 2 с периодпен тербеледі. Осы маятниктің Ай бетіндегі тербеліс периоды қандай? Айдағы еркін түсу үдеуі 1,6 м/с2.

VІІІ Рефлексия жасау.

Венн диаграммасы беріледі. Оқушылар математикалық және серіппелі маятниктерді салыстырады.

ІХ Үйге тапсырма:

22 жаттығу: 4,5 тапсырма. 99 бет.

Х Бағалау

Смайликтер санымен бағаланады.

© 2010-2022