Коучинг Оқыту үшін бағалау, оқу үрдісіндегі маңызы

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұғалімнің аты -жөні:Джуанышова Элмира Куанышбаевна

Еңбек өтілі: 2 7 жыл

Жұмыс орны: №1 орта мектеп

Қызметі: физика пәні мұғалімі

Санаты: жоғары

Коучинг жоспары

Сабақтың тақырыбы: "Оқыту үшін бағалау және оқу үдерісіндегі маңызы".

Мақсаты:

Бағалау арқылы оқыту үдерісін қалай жақсартуға болатындығы туралы білімді кеңейту.

Табыстылық критерийлері:

  1. Мұғалімдермен "Оқыту үшін бағалау және оқу үдерісіндегі маңызы"туралы әңгімелесу.

  2. Рефлексияны жақсарту бойынша тәжірибе бөлісу.

  3. Ұсынылған тәжірибе бойынша мәселелер мен оны шешу жолдарын талдау.

Күтілетін нәтиже:

- Бағалаудың түрлері туралы түсінік қалыптасады.

- Оқушыларды бағалау кезінде бағалаудың әртүрлі тәсілдерін қолданады

- Ойын еркін жеткізуге, өз идеяларын ортаға салып, пікір алмасуға, өз бетінше ізденуге дағдыланады.

Оқу нәтижесі:

Мұғалімдер формативті және жиынтық бaғалаудың айырмашылығын біледі, критериалды бағалауды сабақтарында қолдана алады

Әдістер мен тәсілдер:«Бүгінгі жаңалығым қандай?» жаттығуы, «Ойлан- жұптас-талқылы», «Дебат», «Ойлануға арналған сұрақтар» кері байланыс парағы, постермен жұмыс.

Құрал-жабдықтар: А3 парағы, маркер,слайдтар.

Қатысушылар:деңгейлік курстарынан өткен мұғалімдер мен курстан өт пеген мұғалімдер



Жұмыс кезеңдері

Кезеңнің мазмұны

Қатысушылардың әрекеті

Уақыт

Кіріспе

Мақсат:Қатысушы ұстаздардың коучингтің мақсат, міндеттері, күтілетін нәтижесімен таныстыру және топтың белсенді жұмысына ынталандыру

«Бүгінгі жаңалығым қандай?» жаттығуы

Қатысушылар шеңбер болып орналасады және шеңбер бойымен бір-біріне жаңалықтары мен жылы лебіз тілектерін білдіреді.

Коучинг мақсаты, міндеттері мен регламентті хабарлау

Қатысушылар шеңберге орналасады және шеңбер бойымен бір-бірінің жақсы жақсы жақтарын анықтапжылы лебіздерін білдіреді.

Тыңдайды және жазып алады

5 минут

Ой шақыру

Мақсат: Оқыту үшін бағалау және оқу үдерісіндегі маңызытуралы әңгімелесу.

Мақсаты:

Идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдіс

«Ойлан-жұптас- талқыла» әдісі.

Талқылау сұрағы.

1. Оқушыларға қалай оқып-үйренуді білу үшін қандай бағалау тәсілін қолданасыз?

2. Оқушылардың оқып үйренуіне септігін тигізу үшін оны қалай ұйымдастырдыңыз?

3. Сабақ соңында Сіз жоспарланғанды оқушы қаншалықты меңгергенін қалай біле аласыз?

Постермен жұмыс.Топтың шешімі постерде сызба түрінде беріледі.

Бейнеролик:

Ералаш «Опять двойка»

Сұрақ: Осы фильмнен қандай ой туады?

Коуч:

Әр топқа барып белсенді жұмыс болғандығын бақылау, қажет болған жағдайда бағыттау маңызды.

Таныстырылым (әр топ өз шешімін үлкен топқа таныстырады)

Талқылау сұрағы бойынша қатысушылар алдымен жеке ойланады.

Талқылау сұрағы бойынша жұпта әңгімелеседі, бір-бірімен пікіралмасады.

Талқылау сұрағы бойынша топтар бірлесіп, постер жасайды.

Әр топ өз постерін таныстырады

15минут

Негізгі бөлім

Мақсат: Рефлексияны бағалау бойынша тәжірибе бөлісу.

«Дебат»

  • Кембридждік оқыту әдістері тиімді ме?

Мақсаты: өзіндік рефлексия және өзіндік бағалау

Мұғалімдерді даттаушы және жақтаушы топ болып екі топқа бөлінеді. Үшінші топ сарапшы топ болады.

Коуч:

  • Сарапшы топ бойынша талдау жасап, қорытындылайды.

Кембридждік оқыту әдістері тиімді ме?

Даттаушы топ пен жақтаушы топ пікір сайыста топ спикері өз шешімдерін негіздейді.


15 минут

Рефлексия

«Ойлануға арналған сұрақтар» кері байланыс парағын толтыру ұсынылады

Кері байланыс парағы

«Ойлануға арналған сұрақтар»

Бағалау түсінікті болды ма? Бізге қандай бағалау жүйесі керек?

Бағалаудың қандай түрлерін ұсынар едіңіз?

Заманауи бағалау түрлері туралы не білгіңіз келеді?

«Ойлануға арналған сұрақтар» кері байланыс парағын толтырады

БҮҮ

5 минут

Коуч рефлексиясы

Коучинг оқытпайды, ол оқуға көмектеседі,- деп айтқандай, «Оқыту үшін бағалау және оқу үдерісіндегі маңызы» -тақырыбында өтті.

Коучингтің аспектілері қосымша берілген. Мұнда жоспар, таратпалы матриалдар, суреттер берілген. Коучингтің маңыздылығы - қатысушылардың сұранысы бойынша «Оқыту үшін бағалау және оқу үдерісіндегі маңызы» сұрағына барынша жауап беруге тырыстым. Мұғалімдер формативті бағалаудың және әр сабаққа табыс критерийін жазу керектігін, бұл екеуінің ешқандай бір-бірінен ажырағысыз байланыста екендігін түсіне білді. Топтарға берілген тапсырмалар арқылы бағалаудың оқу үрдісін жақсартудағы рөлін топта талқылай отырып, постерге түсіре білді. Бағалауды оқушыларға көмектесетін басты әдіс ретінде қарастырды. Кіру және шығу сауалнамасына коучингтен алған әсерлерін жазды.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Үлестірмелі материалдар (төртінші апта)



Қосымша

Коучинг Оқыту үшін бағалау,оқу үрдісіндегі маңызы.Коучинг Оқыту үшін бағалау,оқу үрдісіндегі маңызы.

Коучинг Оқыту үшін бағалау,оқу үрдісіндегі маңызы.Коучинг Оқыту үшін бағалау,оқу үрдісіндегі маңызы.

Коучинг Оқыту үшін бағалау,оқу үрдісіндегі маңызы.Коучинг Оқыту үшін бағалау,оқу үрдісіндегі маңызы.

Коучинг Оқыту үшін бағалау,оқу үрдісіндегі маңызы.Коучинг Оқыту үшін бағалау,оқу үрдісіндегі маңызы.

Қосымша

Коучинг Оқыту үшін бағалау,оқу үрдісіндегі маңызы.Коучинг Оқыту үшін бағалау,оқу үрдісіндегі маңызы.

Коучинг Оқыту үшін бағалау,оқу үрдісіндегі маңызы.Коучинг Оқыту үшін бағалау,оқу үрдісіндегі маңызы.

Коучинг Оқыту үшін бағалау,оқу үрдісіндегі маңызы.Коучинг Оқыту үшін бағалау,оқу үрдісіндегі маңызы.

Коучинг Оқыту үшін бағалау,оқу үрдісіндегі маңызы.Коучинг Оқыту үшін бағалау,оқу үрдісіндегі маңызы.

Коучинг Оқыту үшін бағалау,оқу үрдісіндегі маңызы.Коучинг Оқыту үшін бағалау,оқу үрдісіндегі маңызы.

© 2010-2022