План урока по физике на тему

Здравствуйте Уважаемые Коллеги!!! Очень рада видеть Вас на сайте!!! Хочу поделиться с вами своими работами, очень надеюсь что вам они понравятся! Физика,информатика и математика конечно считаются очень сложными предметами, но Здравствуйте Уважаемые Коллеги!!! Очень рада видеть Вас на сайте!!! Хочу поделиться с вами своими работами, очень надеюсь что вам они понравятся! Физика,информатика и математика конечно считаются очень сложными предметами, но Здравствуйте Уважаемые Коллеги!!! Очень рада вид...
Раздел Физика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: ---------------------------

Сыныбы: 7 А

Пәні: физика

Мұғалімі:

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың «Жұмыс.Қуат.Энергия» тарауы бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: бекіту

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар, В.И.Кем, Б.А.Кронгарт. Есептер мен жаттығулар жинағы, Р.Башарұлы, Ж.Бақынов. Дидактикалық материалдар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды еске түсіру.

ІІІ. Дұрыс белгіні қой >, < немесе =

20000 Н 20 кН

100 см3 0,1 м3

150 мг 1,5 г

2700 кг/м3 0,27 г/см3

72 км/ сағ 20 м/с

1 сағ 2400 с

250 мл 250 см3

30 см2 0,003м2

400 г 0,4 кг

70 л 0,7 м3

ІV. Есептер шығару.

№439. Массасы 400 г қаршығаны ауа тасқыны 70 м биікке көтереді. Құсты көтерген күштің жұмысын анықтаңдар.

№440. Автокран массасы 1,5 т жүкті көтеріп, 22, 5 кДж жұмыс атқарды. Сонда жүк неше метрге жоғары көтерілді?

№453. Массасы 10,5 т көмір артқан қауға шахтыдан бір қалыпты көтерілгенде 6200 кДж жұмыс істелінеді. Шахтаның тереңдігі қандай?

№475. Спортшы массасы 200 кг штанганы 4 с-те 2 м-ге көтерді. Сонда оның қуаты қандай?

№476. 1 сағатта 18000 кДж жұмыс өндірген двигательдің қуатын анықтаңдар.

№481. Қуаты 3МВт тепловоз 150 кН күшпен құрамды тартып келе жатыр. Осы құраммен 48 км жолды бір қалыпты жүріп өту үшін қанша уақыт керек?

№490. Жүк көтеруші машинаның қуаты 4кВт. Ол қандай жүкті 15 м биіктікке 2 минут ішінде көтере алады?

№504. Иіндіктің ұштарына 40 Н және 240 Н күштер әсер етеді. Кіші күш ілінгенге дейінгі тірек нүктесінің қашықтығы 6см. Егер иіндік теңгерілген қалыпта болса, иіндіктің ұзындығын табыңдар.

№513. Тепе-теңдік күйдегі иіндіктің иіндері сәйкес 15 және 90 см-ге тең. Иіндікке түсетін күш 1,2Н. Үлкен күштің мәнін табыңдар.

№8. Қатаңдығы 1,5∙105 Н/м серіппені серпімділік күшінің әсерінен 2 см-ге ұзартса, серіппенің потенциалдық энергиясы қандай болады?

№10. Массасы 50 тонна реактивті ұшақ Жермен салыстырғанда 300 м/с жылдамдықпен қозғалса, оның кинетикалық энергиясы қандай болады?

V.Карточкамен жұмыс жасаған оқушылардың жұмысын тексеру.

Құралдар атаулары.

Берілген қалалардың аттарын бас әріптері қандай да бір құралға сәйкес келетіндей етіп орналастырып, оған анықтама беру керек. Мысалы: Мәскеу, Павлодар, Риддер, Астана, Екібастұз, Минск, Есік, Тараз, Рудный. Жауабы: Астана

Мәскеу

Павлодар

Екібастұз

Рудный

Минск

Есік

Тараз

Риддер

АМПЕРМЕТР- ток күшін өлшейтін құрал.

VI. Қорытындылау.

Артық сөзді алып таста

Үдеу Күш Кедергі

Кернеу Импульс Ұзындық

Салмақ Жұмыс Плазма

Индуктивтілік Тығыздық Сыйымдылық

Жылдамдық Температура Уақыт

Сағат Электроскоп Гигрометр

Барометр Спидометр Термометр

Мензурка Энергия Таразы

Найзағай Инерция Кемпірқосақ

Дененің құлауы Қозғалыс Фотоаппарат

Диффузия Қыздыру Үйкеліс

Килограмм Ньютон Секунд

Таразы Метр Фарад

Джоуль Градус Литр

VII. Бағалау.

Бағалау критерийі

Оқушы аты - жөні


























VIII. Үйге тапсырма: №7 зертханалық жұмысқа дайындық.

© 2010-2022