Тест по физике для 11 классов

Тест по физике для 11 классов
Раздел Физика
Класс 11 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ФИЗИКА


1. Автомобиль бақылау пунктінен 10 м/с жылдамдықпен жүріп өтеді. Жүргізуші тежегішті басқаннан кейін автомобиль 1 м/с2 үдеумен қозғала бастайды. Автомобиль тоқтағанға дейін өткен уақыт

A) 10 с.

B) 100 с.

C) 0,5 с.

D) 0,1 с.

E) 50 с.

2. Атмосфералық қысымда қыздырғанда газ көлемін ұлғайтады. Бұл процесс

A) изохоралық.

B) тепе-теңдік.

C) изотермиялық.

D) адиабаталық.

E) изобаралық.

3. Көлемі 5 м3 ауада 80 г су буы бар. Абсолют ылғалдылық

A) 16 г/м3

B) 13 г/м3

C) 14 г/м3

D) 15 г/м3

E) 12 г/м3

4. Кернеулігі 2Н/Кл біртекті электр өрісінің күш сызықтары бойымен 3 Кл заряд 0,5 м қашықтыққа орын ауыстырғанда, электр өрісі күштерінің атқарған күштерінің жұмысы

A) 1Дж

B) 0,1 Дж

C) 0,5 Дж

D) 3 Дж

E) 50 Дж

5. Кедергісі 4 Ом болатын 4 А-ге арналған реостаттың кернеуі

A) 16 В.

B) 10 В.

C) 1 В.

D) 14 В.

E) 8 В.

6. Индукциясы 2 Тл магнит өрісінде индукция сызықтарына перпендикуляр 4 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан электр зарядына әсер ететін Лоренц күші 8·10-10 Н болса, электр зарядының шамасы

A) 10-5 Кл

B) 10-3 Кл

C) 10-9 Кл

D) 10-4 Кл

E) 10-10 Кл

7. Индукция ЭҚК-і 16 В болғанда контурды тесіп өткен магнит ағынының 8 Вб-ге өзгерген уақыты

A) 5 с

B) 4 с

C) 0,4 с

D) 3 с

E) 0,5 с

8. Математикалық маятниктің толық механикалық энергиясы 25 Дж. Кинетикалық энергиясы 15 Дж болған мезетте оның потенциалдық энергиясы

A) 10 Дж

B) 40 Дж

C) 30 Дж

D) 50 Дж

E) 12 Дж

9. Ядродағы протондар саны

A) А массалық санға тең.

B) бейтарап атом қабықшасындағы электрондар санына тең.

C) A+Z.

D) ядродағы нейтрондар санына тең.

E) A-Z.

10. Бір пунктен бір бағытта шыққан екі автомобиль бірдей а = 0,2 м/с2 үдеумен қозғалады. Екінші автомобиль біріншісінен 10 секундқа кеш шығады. Екінші автомобильдің шыққан уақытынан санағанда, екі автомобильдің ара қашықтығы 70 м болатын уақыт

A) 35 с

B) 10 с

C) 30 с

D) 45 с

E) 40 с

11. Ұшақтың ауаға қатысты жылдамдығы 900 км/сағ. Егер қуалай соққан желдің жылдамдығы 50 км/сағ болса, ұшақтың Жерге қатысты жылдамдығы

A) 950 км/сағ

B) 900 км/сағ

C) 850 км/сағ

D) 800 км/сағ

E) 1000 км/сағ

12. Дене шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалып, 10 с ішінде 20 м жол жүреді. Центрге тартқыш үдеу 2 м/с2 болса, дененің айналу периоды

A) 6,28 мин

B) 5 с

C) 3,14 с

D) 3,14 мин

E) 6,28 с

13. Жер экваторынан полюсына орын ауыстырған дененің массасы мен салмағы

A) масса өзгермейді, ал салмақ артады.

B) масса өзгермейді, ал салмақ азаяды.

C) масса артады, ал салмақ өзгермейді.

D) масса және салмақ өзгермейді.

E) масса азаяды, ал салмақ өзгермейді.

14. Кіші поршеньге 40 Н күш әсер етеді. Гидравликалық машинаның күштен 20 есе ұтыс беретін үлкен поршеніне әсер ететін күш

A) 800 Н.

B) 2 Н.

C) 20 Н.

D) 40 Н.

E) 80 Н.

15. Массасы 4 т су шашқыш машина цистернасында көлемі 4 м3 су бар. Машинаның:

а) су шашатын жерге 18 км/сағ жылдамдықпен келе жатқандағы импульсі;

б) суды түгел шашып, босағаннан кейін 54 км/сағ жылдамдықпен келе жатқандағы импульсі Тест по физике для 11 классов

A) 6· 104 кг· м/с; 6· 10-4 кг· м/с.

B) 4· 104 кг· м/с; 6· 104 кг· м/с.

C) 3· 10-4 кг· м/с; 4· 104 кг· м/с.

D) 4· 103 кг· м/с; 5· 104 кг· м/с.

E) 5· 105 кг· м/с; 3· 104 кг· м/с.

16. Соқа тракторға болат арқанмен тіркелген. Арқан материалының рұқсат етілген шектік кернеуі =20∙109 Па. Егер соқа қозғалысына жер қыртысының кедергісі 1,6105Н болса, арқанның көлденең қимасының ауданы

A) 12 мм2.

B) 8 мм2.

C) 10 мм2.

D) 11 мм2.

E) 9 мм2.

17. Екі серіппелі маятниктің (жүгі бар салмақсыз серіппе) серпінділік коэффициенттерінің қатынасы Тест по физике для 11 классов = n, ал жүк массаларының қатынасы Тест по физике для 11 классов= m болса, онда олардың тербеліс периодтарының Тест по физике для 11 классов қатынасы

A) Тест по физике для 11 классов

B) Тест по физике для 11 классов

C) Тест по физике для 11 классов

D) Тест по физике для 11 классов

E) (n m)2

18. Линзадан нәрсеге дейінгі ара қашықтықты анықтау формуласы

A) Тест по физике для 11 классов

B) Тест по физике для 11 классов

C) Тест по физике для 11 классов

D) Тест по физике для 11 классов

E) Тест по физике для 11 классов

19. Сәуле шығаруда толқын ұзындығы 1 нм сәйкес болу үшін, рентген түтікшесіне түсетін кернеу (h=6,6310-34 Джс; e=1,610-19 Кл; c=3108 м/с)

A)  0,24 кВ.

B)  1,24 кВ.

C)  12,4 кВ.

D)  124 кВ.

E)  0,124 кВ.

20. Метроның эскалаторы жүріп бара жатқан адамды 2 мин-та жоғары көтереді. Егер адам екі есе тез жүрсе, онда эскалатор адамды 80 с-та көтереді. Эскалаторда тұрған адамның жоғары көтерілу уақыты

A) 4 мин

B) 3 мин

C) 1 мин

D) 30 с

E) 5 мин

21. Оқтың бастапқы жылдамдығы 600 м/с, массасы 10 г. Егер траекториясының ең жоғарғы нүктесінде оның кинетикалық энергиясы 450 Дж болса, мылтық ұңғысынан көкжиекке қандай бұрышпен ұшып шыққан

A) 600

B) 300

C) 1800

D) 450

E) 900

22. 10 моль гелийді изобаралық процесте 200 К-ге дейін салқындатқанда көлемі 3 есе азайса, қоршаған ортаға берілетін жылу мөлшері (R=8,31 Дж/моль·К)

A) 93,1 кДж

B) 83,1 кДж

C) 73,1 кДж

D) 77,7 кДж

E) 75,5 кДж

23. Заряды оң 0,6 мкКл және заряды теріс -0,2 мкКл екі нүктелік заряд бір-бірінен 0,4 м қашықтықта орналасқан екі зарядты қосатын түзудің ортасындағы өріс кернеулігі (k = 9∙109 Н∙м2/Кл2)

A) 4,5∙104 Н/Кл

B) 9∙104 Н/Кл

C) 36∙104 Н/Кл

D) 24∙104 Н/Кл

E) 18∙104 Н/Кл

24. Кедергісі 2500 Ом вольтметрдің көрсетуі 125 В. Қосымша кедергі жалғаған соң вольтметрдің көрсетуі 100 В болса, қосымша кедергінің шамасы

Тест по физике для 11 классов

A) 0,625102 Ом.

B) 6,25102 Ом.

C) 56,25102 Ом.

D) 5,625102 Ом.

E) 3,125102 Ом.

25. Тербелмелі контурдағы конденсатор сыйымдылығы 10-6Ф, катушканың индуктивтігі 0,04 Гн, конденсатордағы кернеу амплитудасы 100 В. Қарастырылып отырған уақыт мезетіндегі конденсатордағы кернеу 80 В. Ток күшінің лездік мәні

A) 0,3 А

B) 1,3 А

C) 1 А

D) 0,9 А

E) 1,2 А



© 2010-2022