Сабақтың тақырыбы: «Фотоэффект»

Таласқалиев Ерболат Алпысұлы. Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой мектеп бала – бақшасы. Сабақтың тақырыбы: Табиғи радиоактивтік. Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: оқушыларға атом ядросының құрылысын анықтайтын құбылыстар мен радиактивтіктің атомдық физикадағы маңызын және сақталу заңдарын түсіндіру, ығысу ережесін талдай білуге үйрету,радиактивті сәулелердің негізгі қасиеттерімен таныстыру ә) дамытушылығы: оқуш...
Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Таласқалиев Ерболат Алпысұлы.

Ақтәбе облысы,Ойыл ауданы,Қараой мектеп-бала бақшасы.

Сабақтың тақырыбы: « Фотоэффект»

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Оқушыларға фотоэффект ұғымы мен оның заңдарын

меңгерту, фотоэффект құбылысын тәжірибе жүзінде алғаш зерттеген

А.Г.Столетовтің ғылыми еңбегін таныстыру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын дамыту, компьтер арқылы

модельдеу процестерін қалыптастыру.

б) Тәрбиелік: Оқушылардың зейінін, жауапкершілік сезімін,

топтастырының пікіріне шыдамдылық танытуын және физика пәнін

қызығушылықпен оқуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту технологиясы, әдістері:ауызша, жазбаша, сұрақ-жауап

Оқыту құралдары мен көрнекіліктер: дербес компьютер, «Физика 11 сынып» электрондық

оқулығы, слайдтар, кодоскоп, тапсырмалар, «А.Г.Столетов» тақырыбындағы буклет

Сабақтың пәнаралық байланысы: математика, информатика

Сабақтың барысы:

Р/с

Сабақтың кезеңдері

Уақыт

мөлшері

Оқытушының

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Ескерту

1.

Ұйымдастыру кезеңі

1 мин

Оқушылармен сәлемдесу.

Топты түгелдеу.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Орындарынан тұрып амандасады.

Сабаққа дайындықтары туралы хабарлайды. Кезекші сабаққа қатыспаған оқушыларды хабарлайды.

2.

Өтілген материалдарға шолу жасау.

3 мин

Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында әңгіме жүргізу.

Оқытушының сұрақтарына жауап береді.

Оқушыларға таратпа қағазын беруге болады.

3.

Сабақтың тақырыбы мен міндеті

2 мин

Оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарлау.

Дәптерге сабақтың тақырыбын жазу.

Тақырып тақтаға жазылады.

4.

Жаңа материалды меңгерту.

10 мин

Оқушыларға дербес компьютер көмегімен ЭО және слайдтарды пайда-лана отырып жаңа материалды мең-герту.А.Г.Столетов тәжірибесін түсіндіру.

Оқытушыны тыңдайды

Оқушылар слайдтарды көру үшін дербес компьютерге жақындап отыруға болады.

5

Дербес компьютермен жұмыс

7 мин

1. Оқушыларға ЭО және ДК пайдаланутәртібін еске салады.

2. Оқушыларға қажетті слайдтарды ашып көрсетеді.

1. Оқытушы сөзін тыңдап, түсінбеген мағлұматтарды сұрайды.

2. Әрбір ДК топтық жұмыс жасайды.

ДК жақсы меңгерген оқушы орындап, қалғаны сол оқушыға ауызша жауап беріп отыруға болады.

6

Сергіту сәті

2 мин

Оқушыларға физикалық жаттығулар көрсетіледі

Жаттығуды орындайды.

Оқушылар жаттығуды орындарынан тұрып орындайды.

7

Топтық жұмыс есебі

7 мин

Нәтиженің дұрыстығын тексеріп отырады.

Өздерінің орындаған жұмыстарын көрсетеді.

Дәптерлеріндегі жұмысты тақтаға жазады.

8

Жаңа материалды бекіту. Таратпа материалдарымен жұмыс.

(5 тапсырма)

5 мин

Таратпа материалдарының мазмұнын түсіндіреді.

Таратпа материалдарын орындайды.

Партадағы әр оқушы таратпа материалын орындап, бірінікін бірі орындауға болады. Бағалау критерийі:

«5» - 5 дұрыс жауап

«4» - 4 дұрыс жауап

«3» - 3 дұрыс жауап

9

Рефлексия

2 мин

Сабақ барысын-дағы өз қызмет-терін талдауды ұсынады.

Сабақ барысын «Менің сабақтағы көңіл-күйім...» сұрағы бойынша талдайды.

Оқушыларға стейк парақ тарату арқылы көңіл-күйлерін анықтап, тақта-ға жапсыруға болады.

10

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.

1 мин

Оқушыларға үй тапсырмасын беру, бағаларын хабарлау, күнделікке қою.

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады және баға алғандары бағаларын күнделікке қойдыртады.

Үй тапсырмасы тақтаға жазылады.


ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.

§ 6.4. Фотоэффект

Фото - грек сөзінен аударғанда - жарық, эффект латын сөзінен аударғанда - әсер деген мағынаны білдіреді.

Фотоэффект деп түскен жарықтың әсерінен заттардан (метелдар мен сұйықтардан) электрондардың ыршып шығу құбылысын айтады.

Фотоэффект құбылысын тәжірибе үзінде алғаш зерттеп, заңдылықтарын тағайындаған орыс ғалымы А.Г.Столетов. Бұл құбылысты зерттеуде Герцтің шәкірті, неміс ғалымы Ф.Ленард, американ ғалымдары Р.Э. Миллекен үлкен үлес қосты.

Фотоэффект теориясының шығу кезеңдері:

  • Жарық табиғаты жөніндегі 1887 жылы неміс ғалымы Генрих Герцтің кванттық құбылысы;

  • 1888 жылғы орыстың көрнекті ғалымы А.Г.Столетов тәжірибесі;

  • 1905 жылғы ағылшын ғалымы А.Эйнштейннің теориясы;

Сабақтың тақырыбы: « Фотоэффект»


Сабақтың тақырыбы: « Фотоэффект»





А.Г.Столетов тәжірибесі


  • Фотоэффект;

  • Фотоэлектрондар;

  • Фототок



Электрондық оқулық бойынша фотоэффект теориясын түсіндіру.

Сабақтың тақырыбы: « Фотоэффект»

Сабақтың тақырыбы: « Фотоэффект»

Ток күшінің кернеуге тәуелділігі


  • Қаныққан фототок;

  • Тежеуіш кернеуъ

Сабақтың тақырыбы: « Фотоэффект»


Фотоэффект заңдары:

  • Жарықтың металл бетінен 1 с ішінде ыршытып шығаратын электрондарының мөлшері сол уақыт ішінде жұтылатын жарық энергиясына тура пропорционал.

  • Фотоэлектрондардың максимал кинетикалық энергиясы жарық жиілігіне қарай сызықты түрде артады да, жарықтың интенсивтігіне тәуелді болмайды.

IV. Дербес компьтермен жұмыс

Электрондық оқулықтағы тақырып бойынша тапсырмаларды орындау.


  1. Сергіту сәті.

Дене жаттығуларын жасау.


  1. Топтық жұмысты қорытындылау.

Оқушылардың дәптерлеріндегі тапсырмаларды тексеру. 2-3 оқушыны тақтаға шығарып, дұрыс жауаптарын жаздырту.


  1. Жаңа материалды бекіту.

Таратпа материалдарымен жұмыс.

1

Фотоэффект

6

Катодтан арықтың әсерінен шығатын электрондар

2

Фотоэлектрон

7

Ток күшінің максимал мәні

3

Қанығу тогы

8

Жарықтың әсерінен заттардан электрондардың ыршып шығуы

4

Тежеуші кернеу

9

Жарықтың әсерінен ыршып шығатын электрондар

5

Фототок

10

Қанығу тогы 0-ге тең болғандағы кернеу

1-8

Бағалау критерийі:

2-6

«5» - 5 дұрыс жауап

3-7

«4» - 4 дұрыс жауап

4-10

«3» - 3 дұрыс жауап

5-9


  1. Рефлексия.

Менің сабақтағы көңіл-күйім …

1. Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім ...

2. Маған бүгінгі сабақта ұнағаны …

3. Маған бүгінгі сабақтан ұнамағаны …

  1. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.

Үй тапсырмасын хабарлау және тақтаға жазу: «§ 6.4. Фотоэффект» тақырыбын оқу және тақырып соңындағы бақылау сұрақтарына жауап жазып келу.

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен біліміне қарай бағалау. Бағаларын хабарлап, күнделіктеріне қою.

© 2010-2022