Орталық Азия және ғылымның дамуы

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту   Сабақтың  тақырыбы:  §5. Орталық Азия және ғылымның дамуы, §6. Ежелгі дүниедегі халық астрономиясы.    Сабақтың мақсаты: Орталық Азия халықтарының да физиканың дамуына елеулі үлес қосқандығын айқындау, жаратылыстану саласындағы ғылыми ойдың орнын айқындау, Сабақтың көрнекілігі: ғалымдардың портреттері, суреттер   Сабақтың жоспары: а)Ұйымдастыру кезеңіне – 2 минут ә) Үй жұмысын тексеру – 5 минут б)Жаңа сабақты түсіндіру – 15 минут в) Бекіту тапсырмаларын...
Раздел Физика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

№59 Жалпы білім беретін орта мектеп












Сабақ жоспары



Тақырыбы: §5. Орталық Азия және ғылымның дамуы.

§6. Ежелгі дүниедегі халық астрономиясы.

7 - сынып












Орындаған: физика пәнінің мұғалімі

Есембекова Ж.Ж.









Қарағанды

§5. Орталық Азия және ғылымның дамуы.

§6. Ежелгі дүниедегі халық астрономиясы.

Өткізілген күні:________________________

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың тақырыбы: §5. Орталық Азия және ғылымның дамуы, §6. Ежелгі дүниедегі халық астрономиясы.

Сабақтың мақсаты: Орталық Азия халықтарының да физиканың дамуына елеулі үлес қосқандығын айқындау, жаратылыстану саласындағы ғылыми ойдың орнын айқындау,

Сабақтың көрнекілігі: ғалымдардың портреттері, суреттер

Сабақтың жоспары:

а)Ұйымдастыру кезеңіне - 2 минут

ә) Үй жұмысын тексеру - 5 минут

б)Жаңа сабақты түсіндіру - 15 минут

в) Бекіту тапсырмаларын орындау - 15 минут

г) Қорытындылау - 5 минут

д)Үйге тапсырма беру - 2 минут

е)Оқушыларды бағалау - 1 минут

Сабақтың барысы:

а)Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу және сабаққа көңіл бөлу.

ә) Үй жұмысын тексеру: үйге берілген тапсырманы тексеру.

б)Жаңа сабақты түсіндіру: жаңа сабақтың тақырыбын жазу, орталық азия ғалымдары туралы, және де олардың физикамен байланысы жайында ой толғау

в)Сабақты бекіту кезеңі: оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақ қойып, жауап алу.

д) қорытындылау:ой қорытынды баяндау

г)Үйге тапсырма беру: §5,6 оқу мазмұндау, 3-тапсырма (1)

е) Бағалау





б)Жаңа сабақты түсіндіру: Орталық Азия ғалымдарының жаратылыстану ғылымдарын дамытудағы рөлі

Ғылымдардың, солардың ішінде астрономияның дамуына өлемдегі халыктардың барлығы да мүдделі еді. Оған Орталық Азия халықтары да елеулі үлес қосты.Орталық Азия және ғылымның дамуы.

Жаратылыстану саласындағы ғылыми ой (оның ішінде философия мен математика да бар) біздің планетамызда біресе Шығыстан Батысқа, біресе Батыстан Шығысқа тулаған толқындай тарап отырған. Осыны мойындаған ағылшынның ұлы физигі Исаак Ньютон:

«егер мені өзімнен бұрынғы ғұламалар асқаралы иықтарына

көтермегенде, мен көрінбес те едім»

деген еді.

Расында да ертедегі Эллада (Грекия) ғалымдары, Мысыр (Египет) және Вавилон сиякты елдерде жасалған ғылыми мирастардан төлім алып отырған. Оған «тарихтың атасы» Геродоттың:

«Мысырда Ніл езенінің тасуы салдарынан дүркін-дүркін су басқан егістік жерлерді үнемі дәл өлшеп отыру қажеттігінен геометрияпайда болды, ал ол кейіннен Грекияға ауысты»

деген сөзі куә.

Мысыр мен Вавилонда бұдан 5 - 6 мың жылдар бұрын Жер және Аспан ғылымдарына көп көңіл бөлінді. Бұл елдер жалғыз Еуропа халықтарымен ғана емес, сондай-ақ Орта Азия халықтарымен де мидай араласып жатты. Халықтардың қос өзен бойында (Тигр мен Евфрат өзендері алқабында) тығыз орналасканы сонша, тарихта «Вавилон сапырылысы» деген аңыз сөз калған.

Ежелгі еврей аңызында топан судан кейін жұрт Саанар жерінде (Месопотамияда) қала мен мұнара (столп) салмақшы болыпты-мыс.

Мұнараның биіктігі аспанға жетуі тиіс екен. Бұған ашуланған көк тәңірі бір-бірін түсіне алмасын деп ондағы адамдардың тілін араластырып, жұртты бүкіл елемге бытыратып жіберіпті-мыс. Салынып бітпеген қала Вавилон атанған (сабылыс, араласу, сапырылыс мағыналарын білдіреді).

Аңызда да шындықтың лебі байқалады. Қос өзен бойын Вавилоннан да бұрын жайлаған шумерлер мен түрік жұртының ежелгі жазуларының арасында көп ұксастық бар. Бұдан халықтардың сол заманда да өте жакын мөдени байланыста болғанын көреміз.

Расында да жаратылыстану ғылымдарының, солардың ішінде математика мен философияның одан әрі ілгерілеп дамуы Египет пен Вавилоннан гректерге, одан кейін құрамына Орталық Азия да кіретін араб халифатының халықтарына ауысты.

Бұл аймақта ғылымның даму үрдісі IX-XV ғасырларға дейін жетіп, Еуропада ғылымның кезекті даму толқынын туғызды. Ол өсіресе Қайта өрлеу дәуірінде жандана түсті. Бұл үрдістің тууына Азияның әр түрлі елдерінен шыққан ғалымдардың да қоскан салмақты үлесі бар. Мысалы, ерте дәуірден-ақ Азияның басқа бөліктерімен қоса Орталық Азия өңірінде де үлкен мөдениет орталықтары болды. Оған дәлел археологиялық қазбаларда табылған аса құнды деректермен қатар, көне заманның ұлы ғұламасы К. Птолемейдің(90-166 жж.) картасында Қазақстандағы Отырар (арабша Фараб) және Өзбекстандағы Самарқан қалаларының көрсетілуі еді.

Самарқанда астрономия саласында өшпес із қалдырған М. Ұлықбек (1394-1449 жж.) өмірге келді. Ұлыкбектің үлкен ерлігі-Самарқанда аса зор астрономиялықобсерватория салдырып, жұлдыздардың жаңа тізбесін жасауы еді. Әзірбайжанда заманындағы ең ірі атақты Мараға обсерваториясын жан-жақты ғұлама ғалым Әбу Бакр Насреддин Туси (1201-1274 жж.) салдырып, баскарды.

Міне осындай өркениет ошактарында ғылымның дамуына орасан үлес қосқан, Ньютон айтқандай, «алып» ғұламалар туған еді. Солардың бірі өзбек жерінің үлы перзенті Мұхаммед әл-Хорезми(780-850 жж.) атакты Бағдат математика мектебінің негізін қалады. Ол, сонымен катар, Мұхаммед әл-Ферғани, Ахмед әл-Мервази, Аббас әл-Жаухари сияқты ірі ғалымдар істеген Бағдаттағы астрономия обсерваториясын да басқарды.

Біздерге әл-Хорезмидің мынадай еңбектері жетті:

  • «Үнді есептері туралы кітап», онда үнді ғалымдарының математикаға қосқан үлесі жоғары бағаланады;

  • «Алгебра мен алмукабала есептеулері туралы қысқа кітап» (осыдан «алгебра» термині қалыптасты) және астрономиялық кестелер жинағы.

Еуропалык «algorithmus» түріндегі әл-Хорезми атының өзі «алгоритм» сөз саптауына айналды. Кейінгі ғасырларда әл-Хорезмидің және оның мектебінің ғылыми үрдісін Таяу және Орта Шығыстың Сабит ибн Керра (836-901 жж.), әл-Фараби (870-950 жж.), Әбу әл-Вафа (940-966 жж.), Ибн әл-Хайсам (965-1059 жж.), әл-Бируни (973-1050 жж.) Ибн-Сина (980-1077 жж.),Омар Хаям (1048-1131 жж.), Әбу Бакр Туси (1201-1274 жж.) сияқты ұлы тұлғалар жалғастырды. Осындай шоқтығы биік ғалымдардың ішінде ең құрметті орын әл-Фарабиге тиген еді.

Жан-жакты ғұлама ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фараби казақтың Оты-рар қаласында түрік (қыпшақ) отбасында дүниеге келді. Оның артында қалған мол рухани қазынасынан біздерге философияның, жаратылыстану және математиканың барлық салаларын қамтитын жеті томдык еңбек жетіп отыр. Олар ең ірі әлем кітапханаларында бытыраңқы түрде сақталып келді.

Ол «Бірінші ұстаз» - Аристотельге аса ізеттілікпен бас ие отырып, оның математиканы жаппай колдануға койған шектеулерін алып тастады.

Тарихта аса кастерленетін екі ұлы ұстаздың бірі ретінде оның білім мен тәрбие берудегі теңдесі жоқ кызметі мынаған саяды: ол бірінші рет «Ғылым негіздерін баяндаудың әдістемесін» негіздеп, оны жеке ғылыми пән деңгейіне көтерді. Мұнда оның ойы құр сөз жүзінде емес, нақты пенаралық мысалдармен шебер ұштастырылған. Мысалы, әл-Фараби өзінің «Ғылымдар тізбесі» деген еңбегінде математика тарауларына: арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, музыка, ауырлық (физика), шеберлік амалдары (өдістеме) туралы ғылымдарды косады.

Бұдан әл-Фараби математиканы оның кең ауқымды колданбалы салаларынсыз жалаң ғылым ретінде елестете алмайтыны керінеді. Математиканың колданбалы салаларының ішінде «Шеберлік амалдары туралы ғылым» да бар, бұл қазіргі тілде «шеберлік өдістемесі туралы ғылым» болып естіледі.

Оның білім мен тәрбие әдістемесіне байланысты «Рухани шеберлік амалдарының кітабы» атты жеке еңбегі де бар. Онда математика салаларында (олардың ішінде физика да, мысалы: оптика, ауырлық ғылымы, музыка-дыбыс, т. б. және астрономия да бар) колданылатын өдістемелік амалдар туралы шебер айтылған.

Әл-Фараби, өзінен бұрынғы ұлы ғұламалардан өзгеше, білім мен тәрбиенің бірлігіне ерекше мән берді. Тәрбие мен білім «жас ұрпактың қос қанаты» деп аталды. Ол «тәрбиесіз берілген білім адамзатты күйретеді» деп көрегендікпен ескертті. Бұған адамзат тарихы өзінің басынан өткен ащы тәжірибесінде көз жеткізуде. Бүгінгі коршаған табиғи, рухани ортаның бұзылуы адам мен табиғатты экологиялық апаттың ең шеткі құлау құрдымына алып келді. Бұл төрбиеден ажыраған білімнің салдары.

Сондықтан әл-Фараби тәрбиелеуші білімнің ғылыми негізін қалаған «Екінші Ұстаз» атанды.[1]

в)Сабақты бекіту кезеңі: оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақ қойып, жауап алу.

1. Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесіңдер?

2. Олардың ғылыми еңбектері туралы қандай хабарың бар?

3. Әл-Фарабидың «Екінші ұстаз» аталуының басты себебі неде?

д) қорытындылау: ой қорытынды баяндау

г)Үйге тапсырма беру: §5,6 оқу мазмұндау, 3-тапсырма (1)

е) Бағалау


© 2010-2022