Конспект урока по физике қысыым 7 сынып

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қысым

Сыныбы: 7 А сынып

Сабақтың мақсатын:

Білімділік: Оқушыларға қысым тақырыбын түсіндіре отырып, оның формуласын анықтау.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін есеп шығаруда, күнделікті өмірден түрлі мысалдар ала отырып, қысым туралы түсініктерін арттыра отырып, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: тұрмыста қолданатын құралдарды пайдалануға, ізденімпаздыққа, шапшандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіну

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд, интерактивті тақта, тәжірибеге керек құрал-жабдықтар.

Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру.

Амандасу, түгендеу.

Шаттық шеңбері

Қоңырау біздің сиқырлы

Сыңғырлап тағы ән салды

Шақырды түріп күлкіңді

Шеңберге тұр, - деп баршаңды!

Қоңыраудың көмегімен амандасуды ұсынамын.

Топқа бөлу

Деформация (эспандер, пластилин, балшық, жұмсақ диван, ағаш, толқын)

Диффузия (завод әтір, жаңа зат, темекі түтіні, күйік, жұпар иіс)

Топбасшыларын таңдайды, жауап парағы беріледі

Үй тапсырмасын тексеру:

Заттың тығыздығына байланысты сүт пен судың мөлшерін анықтау.

Жаңа сабақты кілтпен ашу

Жаңа сабақ:

Күнделікті тұрмыста біз пышақ, қайшы, ине сияқты алуан түрлі құралдарды пайдаланамыз. Алайда олардың әсері осы күш түскен беттің ауданына тәуелді болатынын байқай бермейміз. Мысалы: матаны доғал инеге қарағанда, үшкір инемен тесу оңай, немесе ұлдар жағы білеміз қалың шегеге қарағанда жіңішке шегені ағашқа қақсақ тезірек, әрі жеңіл қағылатынын, сол себепті құралдардың кесетін жүзінің ауданын кішірейтуге тырысатынбыз. Сондықтан құралдардың әсерін есептегенде бір дененің басқа бір денеге түсіретін күшінің мәнін ғана емес, күш түсірілетін беттің ауданында білу қажет. Енді оқушылар мынадай тәжірибе қарастырайық. Ол үшін назарымызды бәріміз слайдқа аударайық. Көріп отырғанымыздай бізге бірінші құмның үстіне жіңішке төрт аяғы бар үстелше төңкеріліп үстіне, 5кг гір таспен бастырылған, батпады, себебі неде? Екінші, құмның үстіне үстелшені жоғары қаратып, үстіне сондай гір тас қойған, батып кетті, себебі неде?

Қысым деп белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы айтамыз.

Қысым түсетін күштің модуліне ғана емес, осы күш перпендикуляр бағытта әрекет ететін беттің ауданына да тәуелді болады.

Қысым= ;

Мұндағы -қысым; -бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші; -күш түсетін беттің ауданы.

Енді жоғарыдағы формуланы түсіндірсек немесе ;

SI жүйесінде қысым паскальмен (Па) өлшенеді.

1 Па - 1 Н күштің 1м2 ауданға түсіретін қысымы

1П = 1 Н/м2

Сұрақ жауап

Енді бүгінгі жаңа сабақтан алған білімдеріңізді тиянақтау мақсатында әр топ түрлі тапсырмаларды орындауы тиіс

Деформация - Әжеміз пердені ертеде қолмен тіккен. Тігін тігуде ұшы доғал немесе үшкір инелерді қолданудың қайсысы оңай?

Диффузия - Тортты кесуге жүзі өткір пышақ пен күнделікті қолданып жүрген пышақтың қайсысы кесуге оңай?

Оқушылар ойын ортаға салады

Постер

Әр топқа есеп беріледі сол есепті шығарып постер қорғайды

Деформация

Массасы 45 кг, бәтеңкелерінің табандарының ауданы 300 см2 баланың еденге түсіретін қысымын есептеңдер

Бер: m=45 кг

s= 300 см2

P=?

Диффузия

Массасы 45 кг бала шаңғыда тұр. Шаңғының ұзындығы 1,5 м, ені 10 см. Бала қарға қандай қысым түсіреді?

Сергіту сәті

Тәжірибе базары

Қысымға байланысты әр топқа тәжірибелік құрал жабдықтар беріледі солармен тәжірибе жасау керек

Деформация

Салафан, су, қарындаштар

Диффузия

Бутылка, қағаз, сіріңке, піскен жұмыртқа

Үйге тапсырма

Күнделікті енді ашайық

Үй тапсырмасын жазайық

Қысымнан алған білімді

Ұмытпай есте сақтайық

ХБЖ келтіруді қайталап, анықтамаларды жаттау. Өздеріңнің бәтенкелеріңнің еденге түскен қысымын анықтау

Рефлексия

Телефонға смс жазу

Сабақтан алған әсерлері туралы


© 2010-2022