КМЖ «Теңайнымалы қозғалыс. Үдеу»

Сабақтың мақсаты: оқушылар теңайнымалы қозғалыс түрлерімен танысып, олардың арасындағы айырмашылықты түсініп, қозғалыстарды сипаттайтын үдеу шамасының физикалық мағынасын ашады.    Оқыту нәтижесі:    оқушылар теңайнымалы қозғалыс түрлерін біліп оны сипатайтын үдеу шамасының физикалық мағынасын ашады, топтық ішінде өзара қарым-қатынас жұмыстарын ұйымдастырады. Негізгі идеялар:  Теңанымалы қозғалыс түрлерін сипаттап, ажырата білуге, теңайнымалы қозғалысты сипаттайтын үдеу шамасының физикалық мағын...
Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9 А сыныбында физика пәнінен өткізілген

Қысқа мерзімді жоспары

Тақрыбы: «Теңайнымалы қозғалыс. Үдеу»

Орындаған: Исадилова А.Н.

Павлодар облысы Павлодар қаласы Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаттың физика пәні мұғалімі



1.10.2013 ж

физика

9 а -сынып

Сабақ тақырыбы

Теңайнымалы қозғалыс. Үдеу

Сабақтың мақсаты

оқушылар теңайнымалы қозғалыс түрлерімен танысып, олардың арасындағы айырмашылықты түсініп, қозғалыстарды сипаттайтын үдеу шамасының физикалық мағынасын ашады.


Сілтеме

  1. ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 2012. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. 78-бет.

  2. Р. Бащарұлы, Д. Қазақбаева және б. Физика-9. Алматы. Мектеп. 2005 ж.

  3. ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 2012. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. 40-бет.

  4. ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 2012. Мектепте тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. 14-бет.

  5. ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 2012. Үлестірме материалдар. Топтыұ жұмыс туралы нұсқаулық. Бірінші апта.Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым.

Оқыту нәтижесі

оқушылар теңайнымалы қозғалыс түрлерін біліп оны сипатайтын үдеу шамасының физикалық мағынасын ашады, топтық ішінде өзара қарым-қатынас жұмыстарын ұйымдастырады.

Негізгі идеялар

Теңанымалы қозғалыс түрлерін сипаттап, ажырата білуге, теңайнымалы қозғалысты сипаттайтын үдеу шамасының физикалық мағынасын түсіну, опта жұмыс жасау қабілеттерін жетілдіру

Сабақта қолданылатын материалдар

Тақырып бойынша презентация, смайликтер, постер жазуға арналған плакаттар, вен диаграммасының сызбалары, топты және топ мүшелерін бағалау кестелері

Оқуты әдістері

АКТ, СТО- вен диаграммасы, постер құру, миға шабуыл

Бағалау түрі: қалыптастырушы- смайликтер арқылы бағалау, өзара топтарды бағалау, өзара топ мүшелерін бағалау, қолпаштау сөздері, Вен диаграммасын бағалау

Жұмыс түрлері: топтық жұмыс, жеке жұмыс

Дерек көздері

Интенет материалдары, 9-сынып оқулығы

Тапсырмалар

Оқулықпен жұмыс, тақырып бойынша постер құру, қорғау; ой талқылау, вен диаграммасын толтыру



Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

(5 мин)

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату мақсатымен шеңбердегі оқушыларға доп лақтырып «Сабақтан не күтеміз?» сұрағын қою

Сыныпты смайликтердің түстері бойынша топтарға бөлу

Оқушылар өз ойларымен бөліседі



Сынып 4 топқа бөлінеді, оның алдындағы сабақтарда топтық ережелерін қайталайды

  1. Ой қозғау (5 мин)







Сабақтың тақырыбын тұжырымдау

Оқушыларға презентация арқылы түрлі қозғалыстардың мысалдары көрсетіледі. Оқушыларға қойылатын сұрақтар:

  1. Суреттерде қандай құбылыс келтірілген?

  2. Суреттер арасында қандай айырмашылықтар бар?

  3. Суретерде қандай ұқсастықтар бар?

  4. Суреттерде қандай қозғалыстар көрсетілген?

  5. Бүгін сабақта қандай қозғалыстармен танысамыз?

Оқушыларға бүгінгі сабақ не туралы болады деген сұрақ қою

Оқушылар топпен отырып сұрақтарға кезекпен жауап береді.







Оқушылар сабақ тақырыбын тұжырымдайды.

  1. Жаңа тақырып

Мағынаны ажырату (15мин)

Оқушыларға тақырып бойынша мәтінді оқыту

Оқылған мәліметтерді бірге талдап мәтін бойынша постер құрып, қорғауға тапсырма беру

Әр топтың постерін смайликтер арқылы бағалайды

Оқушылар тақырып бойынша оқулықтың 4-параграфын оқиды, топта талдайды

Топта постер әзірлеп, сынып алдында қорғайды, басқа топтар қорғаған постерді кесте арқылы бағалайды

  1. Сергіту сәті (2 мин)

Жаттығу жасау

Денемен кеңістікте қозғалысты сипаттайтын шамалардың әріптерін сызу

Үдеудің мағынасын ашу (5 мин)

Сыныппен сұрақ - жауап арқылы

  1. Қандай шама арқылы теңайнымалы қозғалысты бірқалыпты қозғалыстан ажырата аламыз?

  2. Теңайнымалы қозғалысты сипаттайтын қандай жаңа шамамен таныстық?

  3. Ол шама ненің өзгерісін көрсетеді?

  4. Жылдамдықтың өзгеруіне байланысты үдеудің таңбас қанда болады?

  5. Үдеу нөлге теңбола ала ма?

  6. Үдеу нөлге тең болатын қозғалыс қалай аталады?

  7. Үдеу нөлден кіші болғандағы қозғалыстарға мысалдар келтіріңдер

  8. Үдеу нөлден артық болғандағы қозғалыстарға мысалдар келтіріңдер

Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру

  1. Ой толғаныс (10 мин)

Вен диаграммысын толтыру (5 мин)

Бағалау (5 мин)

Оқушыларға Вен диаграммасы таратылады

Топтар ішінде оқушылардың өзара бағалауын талдау, топ ішінде мүшелерді бағалау кестесін толтыру

Топтарды өзара бағалау

Оқушылар вен диаграммасын толтыру арқылы тақырыпты меңгеру деңгейін көрсетеді.

Топ ішінде әр оқушыны бағалау

Әр топ басқа топтарды бағалау кестесін толтырады.

  1. Сабақты қорытындылау (3 мин)

Оқушыларды шеңберге тұрғызу

Шеңберде бір-біріне доп лақтыру арқылы сабақта не түсінгендерін айтып беру



















© 2010-2022