Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару (7 класс)

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аудандық білім бөлімі















Сабақ жоспары

Физика

7 сынып

Тақырыбы: Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару



Пән мұғалімі: Көбекова Әйгерім Кетебайқызы

















Жосалы, 2011 жыл

Күні: 17.05.2011 жыл

Пәні: физика /7 сынып/

Пән мұғалімі: Көбекова Әйгерім Кетебайқызы

Сабақтың тақырыбы: Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың өтілген тақырыптардан алған білімдерін тексеру, қуат және жұмыс өрнектері арқылы есептер шығара білуін бағалау.

Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, таным белсенділіктерін дамыту, есепті өз бетімен шығаруға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: ойын, сәйкестендіру тесті, физикалық диктант

Сабақтың көрнекілігі: таратпа, мультимедиалық проектор, компьютер, Power Point-та дайындалған слайдтар.

I.Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады.

1.Механикалық жұмыс дегеніміз не?

2.Қуат дегеніміз не?

3.Қуатты қалай есептеуге болады?

4.Істелген нақты жұмысты қалай есептеуге болады?

5.Күш дегеніміз не?

6. Жылдамдық дегеніміз не?

II. Есептер шығаруға дайындық

"Ойлан тап"ойыны.

Бұл сабақтың сұрағы Ойлайық азырақ,

Көпшілікке ұнады, Уақытыңды үнемдеп.

Көп нүктенің орнында Кім шығады кәнеки,

Қандай шама тұрады. Жауабын «мен»білем деп.

1.Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару (7 класс)... жол

2....Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару (7 класс) күш

3. ... =υ·t жол

4.Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару (7 класс) уақыт

5. ...Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару (7 класс) тығыздық

6. Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару (7 класс) жұмыс

IІІ. Есептер шығару

"Шапшаңдық" ойыны.

1.Гранит тастың массасы 6,5 т, тығыздығы 2600 кг/м³ граниттың көлемі қандай? (2,5 м3)

2.36 км/сағ-ты м/с-пен өрнекте? (10 м/с)

3.Дененің 5 с ішінде жүрген жолы 10м. Жылдамдығын тап? (2 м/с)

4. Қуаты 5 кВт двигатель 30 мин ішінде қандай жұмыс істейді? (9000 кДж)

5. Салмағы 40 Н денені 120 см биіктікке көтеруге жұмсалған жұмысты табыңдар. (48 Дж)

6. Көлемі 20 дм2 болат құймаға әрекет ететін ауырлық күшін табыңдар.(156 Н)

ІV. Сабақты бекіту

Физикалық диктант.

1. Масса қандай өлшем бірліктермен өлшенеді?

2.Тығыздықтың өлшем бірліктерін ата.

3.Күштің қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?

4.Көлемнің өлшем бірліктерін жаз.

5.Қуаттың өлшем бірліктерін жаз.

6. Жұмыстың өлшем бірліктерін жаз.

Ү. Сәйкестендіру тесті.

Мыналардың сәйкестігін табыңдар:

1Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару (7 класс)Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару (7 класс).Жылдамдық а)м³

2Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару (7 класс).Масса ә)м/с

3Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару (7 класс).Көлем б)кг/м³

4.Тығыздық г)кг

1Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару (7 класс)Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару (7 класс).Жылдамдықтың формуласы а) Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару (7 класс)

2Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару (7 класс).Тығыздықтың формуласы б) Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару (7 класс)

3. Қуат формуласы в)ρ=m/V

1Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару (7 класс)Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару (7 класс).Жол а)кг

2Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару (7 класс).Күш ә)Н

3Қуат және жұмыс тақырыптарына есеп шығару (7 класс).Уақыт б)км

4.Масса г)с

VI. Қорытынды

Сөзжұмбақты шешу.







1

д

и

Ф

ф

у

з

и

я









2

И

с

а

а

к








3

қ

о

З

ғ

а

л

ы

с

4

д

е

ф

о

р

м

а

ц

И

я













5

К

ү

ш












6

А

т

о

м



  1. Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған әр түрлі заттар бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуын не деп атайды?

  2. Ағылшынның ұлы физигі Ньютонның есімі кім?

  3. Грекше «кинетикос» сөзінің қазақшоа баламасы қандай?

  4. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін не деп атайды?

  5. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама қалай аталады?

  6. Химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі.

VII.Бағалау. Бағалау парағы арқылы оқушыларды бағалау.

ҮІІІ.Үйге тапсырма.Есептер шығару, қайталау

Қосымша:

1. Машина 72 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер оның моторының тарту күші 2000 Н болса, онда ол 10 с-та қанша жұмыс атқарады?(400 кДж)

2. Қуаты 600 Ватт локомотив бірқалыпты қозғалып 400 м аралықты 30 с-та өтеді. Оның тарту күші қандай? (50*10-3 Н)

3. . Массасы 220 кг құлан жүгірмей-ақ 1,5 м биіктікке секіре алады. Ол қандай жұмыс істейді? (3300 Дж)

4. Жұмысшы құмы бар арбаны 100 Н күшпен итереді. Арбаны 20 м жерге ауыстырғанда ол қандай жұмыс атқарады? (2000 Дж)

5. Массасы 3 т жүк 12 м биіктікке көтерілді. Көтергіш машина двигателінің қуаты 2 кВт. Жүк қандай уақытта көтерілді? (180 с)








1.Гранит тастың массасы 6,5 т, тығыздығы 2600 кг/м³ граниттың көлемі қандай?

2.36 км/сағ-ты м/с-пен өрнекте?

3.Дененің 5 с ішінде жүрген жолы 10м. Жылдамдығын тап?

4. Қуаты 5 кВт двигатель 30 мин ішінде қандай жұмыс істейді?

5. Салмағы 40 Н денені 120 см биіктікке көтеруге жұмсалған жұмысты табыңдар.

6. Көлемі 20 дм2 болат құймаға әрекет ететін ауырлық күшін табыңдар.

© 2010-2022