Урок Атом ядросының физикасы

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Қарауылкелді орта мектебі

















Сабақ тақырыбы:

"Атом ядросының физикасы"





Дайындаған: Қайруллина Л.Ж.

физика пәні мұғалімі






















2015 ж

Сабақ тақырыбы: "Атом ядросының физикасы" тарауын қайталау сабағы

Сабақ мақсаты: тарау бойынша оқушылар білімін тиянақтау, ядролық

энергияның пайдасы мен тигізетін әсерлерімен таныстырып,

білімдар ету.

А) бiлiмдiлiк, Оқушыларды айналадағы қоршаған ортаны қорғауға баулу

және оны таза ұстауға тәрбиелеу.

Ә) дамытушылық, оқушылардың іскерліктерін, өз бетімен еңбек ету қабілетін,

жеке оқушылардың білім дағдыларын дамыту.

Б) тәрбиелiк, оқушыларды айналадағы қоршаған табиғи ортаны қорғауға

баулу.

Сабақтың түрi: Конференция сабақ.

Сабақты жүргiзу әдiсi: Баяндау.

Сабақта пайдаланатын Проектор, сызба - кестелер, буклеттер.

көрнекiлiктер:

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушыларды орындарына отырғызып, сабаққа дайындаймын. Келмеген оқушыларды анықтап, оқушыларды түгендеймiн.

  1. Оқушы бiлiмiн жан-жақты тексеру.

Алдынғы сабақтарда танысқан материалдарды сұрақтар қойып, қайталап өтемiн.

  • Атом ядросы туралы ұғымды енгізген кім, қай жылы?

  • Радиоактивтілік дегеніміз не?

  • Радиоактивтілікті ашқан кім?

  • Изотоптар дегеніміз не?

  • Нейтронды ашқан кім және қай жылы?

  • Атом ядросының құрлысы неден тұрады?

  • Уран ядроларының бөлінетіндігін кімдер ашқан?

  • Тұңғыш ядролық реактор қай жылы іске қосылды?

3. Пресс - конференция

Мұғалім: Бүгінгі баспасөз конференциясына қатысушы жас физиктер! Бүгінгі конференцияға тарихшы, физик, медик, эколог, корреспонденттер қатысқалы отыр.

Тарихшы - физик: Ағылшын ғалымы Эрнест Резерфорд Кембридж университетінің профессоры және Кембридж зертханасының директоры болған. Ол 1871 - 1937 жылдар аралығында Жаңа Зеландияда өмір сүрген. Резерфорд өзінің эксперименттік жаңалықтарымен, қазіргі атом құрылысы мен радиоактивтік туралы ілімнің негізін салды. Ол тұңғыш рет радиоактивті заттардың сәулелерінің құрамын анықтаған. Эрнест Резерфорд бірінші рет атом ядросының бар екенін ашып, алғашқы атом ядроларын жасанды түрлендіруді жүзеге асырды. Оның жасаған барлық тәжірибелері ерекше қарапайымдылығымен және айқындылығымен құнды. Өзіміз білетіндей ағылшын физигі Э. Резерфорд атомның планетарлық моделін алғаш ұсынған. Оның шәкірті Чэдвиг Джеймс нейтралды электрлік элементар бөлшекті, яғни нейтронды ашып, оның массасы протонның массасымен бірдей екенін дәлелдеген.

1942 жылы тұңғыш ядролық реактор АҚШ - та Э.Ферми басшылығымен іске қосылды

1945 жылы АҚШ - та алғашқы атомдық бомбалар жасалып, сол жылы Жапонияның (6 - тамызда) Хиросима мен (9 - тамызда) Нагасаки қалаларына тасталған. 200000 адамның өмірі қиылды. Реакция кезінде бөлінген энергия 20000 тонна тринитротолуол жарылғандағы энергияға тең.

1945 жылы 1 - ші Совет плутониі алынды.

1946 жылы КСРО - да Обнинск қаласында қуаты 5000 кВт болатын тұңғыш АЭС іске қосылды.

1971 жылы Қазақстанда Ақтау қаласында шапшаң нейтронды реакторы бар АЭС және теңіз суын тұщыту қондырғысы жұмыс істей бастады.

1986 жылы Чернобыль АЭС - та апат болды.

1987 жылы қазан айының 3 - күні Ақтөбе облыснда 1 - ші болып әлем тізіміне іліккен Байғанин ауданын дүр сілкінткен "Ақжар" совхозы тұрғындарының жанарына кірбің туғызған ядролық жарылыс болды.

Физик - инженер: Жарылыс болған аймақта пайда болған радиациялық орналасқан әсері 65 микро - сағатқа дейін болған және ядролық жарылыс 1020 метр терңде жүргізілген.

Жергілікті "Жем - Сағыз" газетінің тілшісі: "2001 жылы 29 - 30 тамызда Алматы қаласында өткен ХХІ ғасыр - ядролық қарудан азат әлемге бет алу" атты халықаралық конференцияда жинақталған дерекке сүйенсек, сынақтар түрлерін оның залалдарын айтпағанда, бұлардың күре тамыры, орталық отауы болған "Эмба - 5" полигонының өзі айналып, суды, ортаны ластауы атмосфера мен ауаға араласқан зиянды қалдықтар қаншама зардап шектіріп отыр.

ТАСС хабары. "Егеменді Қазақстан" газетінің тілшісі: 3 қазанда Мәскеу уақыты бойынша 18 сағат 15 минутта Совет Одағында,Қазақ ССР - ң Ақтөбе облысында жер асты қуаты 20 килотонға дейін ядролық жарылыс жасалды. "Социалистік Қазақстан" 6 қазан 1987 жыл

Физик - медик: Ядролық жарылыстан кейінгі кезеңдерде бұл өңірде аналар мен балалардың жағдайы қиындай бастады. Қанның қызыл түйіршіктерінің азаюы көбейе түсуде, қан тасуы жиіленді, ауруды анықтау күрделенді, дәрімен емдеу аз нәтиже беруде рактың бұрын кездеспеген түрлері байқалуда. Соңғы кезде ядролық медицина кеңінен құлаш жаюда. Радиацияның көмегімен қазір алдын ала аурудың алдын алуға, диагноз қоюға болады. Әсіресе рак ауруларын емдеуге радиациалық әдіс кеңінен қолданылуда. Қазір сәулелі терапия кеңінен өріс алды. Рак ауруларының 50 - 60 % - і осы сәулелі терапия әдісімен емделеді.

Физик - эколог: Сұлулығы мен табиғи көркіне сай таза ауасы, кәусар бұлақтары мен өзен көлдері жарасқан қазақтың ұлы даласы 1950 жылдан бастап атомдық және басқа жойқын қарулардың сынақ алаңына айналды. Мемлекет басшысының "Жасыл желек - жасыл ел" бастамасы да, белгілі қоғам қайраткерлері құрған "Семей - Невада","Табиғат " бірлестіктері де еліміздегі экологиялық жағдайды жаңартуға бағытталған. Экологиялық зардаптардың көзін тауып, себеп - салдарын ашып, оларды үнемі сауықтырып отыру - қазақстандықтардың алдында тұрған зор міндет.

Есеп шығару

  1. Атом ядросында 7р және 7n бар. Бұл қандай элемент?

Жауабы: Урок Атом ядросының физикасы(азот).

  1. Атом ядросында 51р және 71n бар. Бұл қандай элемент?

Жауабы: Урок Атом ядросының физикасы(сурьма).

  1. Атом ядросында 101р және 155n бар. Бұл қандай элемент?

Жауабы: Урок Атом ядросының физикасы(менделеевский).

  1. Атом ядросында 9р және 10n бар. Бұд қандай элемент?

Жауабы: Урок Атом ядросының физикасы(фтор).

  1. Менделеев кестесін пайдаланып, аргон, күміс, алтын, уран, цезий атомдары ядроларындағы протондар және нейтрондар санын анықта. (Менделеевтің периодтық кестесі пайдалылады)

  2. Егер сутек атомындағы электронның толық энергиясы 3·10-19Дж-ге артса, сутек атомы қандай ұзындықтағы толқынды жұтады?

Жауабы: 6,62·10-7м

  1. Фотоэффектің күміс үшін қызыл шекарасы 0,29 мкм. Электронның күмістен шығу жұмысын анықта.

Жауабы: 6,8·10-19 Дж

  1. Урок Атом ядросының физикасы=5·10-7 м толқын ұзындығына сәйкес келетін фотон энергиясын анықта.

Жауабы: 4·10-19Дж

  1. Толқын ұзындығы 100нм, ультракүлгін сәулелерінің фотон импульсі қандай?

Жауабы: 19,86·10-19 кг·м/с

Пресс - конференция Республикамыздың белгілі ақыны, жерлесіміз Есенбай Дүйсенбайұлының жыр жолдарымен аяқталды.

Ес жиып етек жапты ау бірақ, бірақ,

Көңілім қорқыныштан құрақ - құрақ.

Қасына ядролық қатер келді,

Жалп етіп сөнбесе игі шырақшы бақ.

Мұғалімнің қортынды сөзі.

4. Оқушылар бiлiмiн бағалау.

Жаңа сабаққа белсендi қатынасқан оқушылардың бiлiмдерiн бағалап, класқа хабарлаймын.

5. Үйге тапсырма. Қайталау.

© 2010-2022