Урок на тему электр тогы

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-сынып.

Сабақ тақырыбы:§35. 36. Электр тогы. Электр тогының көздері.Электр тогының күші. Амперметр.

Сабақ мақсаты:

  1. Электр тогы, электр тогының көздері,электр тогының күші, амперметр туралы түсінік беру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар, видеокассеталар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тарауды қорытындылау.

  1. Денелердің электрленуі деген не?

  2. Электрленуді байқауға арналған құрал қалай аталады?

  3. Атомның құрылысы қандай?

  4. Кулон заңы.

  5. Элерктр өрісінің кернеулігі деген не?

  6. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар арасындағы байланыс қандай?

  7. Конденсатор деген не?

  8. Конденсатордың электрсыйымдылығы деген не?

  9. Электр зарядының неше түрі бар?

  10. Біртекті өріс деген не?

  11. Кернеу деген не?

  12. Аттас және әр аттас зарядтар бір-бірімен қалай әрекеттеседі?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Электр тогы дегеніміз электр зарядтарының электр өрісінің ықпалымен реттелген қозғалысын айтады.

Урок на тему электр тогы

Электр тогы тұрақты болу үшін мынадай шарттар орындалуы қажет:

  • Еркін шапшаң электр зарядтарын тасымалдушылар болу керек;

  • Еркін зарядты тасушыларға әрекет ететін электр өрісі болу қажет;

  • Ток көзі қажет.

Алғаш рет «электр тогы» түсінігін физикаға енгізген француз ғалымы Ампер Андре Мари.Урок на тему электр тогы

Электр тогының әсерлері:

  • Токтың жылулық әсері.

  • Токтың химиялық әсері.

  • Токтың магниттік әсері.

  • Токтың физиологиялық әсері.

Ток көздеріне:

Гальвани элементтері;

Аккумуляторлар;

Генераторлар жатады.

Ток көзін алу үшін зарядтарды бөлгенде электрлік емес күштерді қолданады. Оларды бөгде күштер деп атайды.

Бөгде күштердің әрекетін сипаттау үшін электр қозғаушы күші (ЭҚК) ұғымы енгізіледі. Урок на тему электр тогы

Урок на тему электр тогы

ХБЖ-де ЭҚК бірлігі 1 Вольт (В) болып табылады:

Урок на тему электр тогы

Ток көзінің шартты белгісі:

Урок на тему электр тогы

Урок на тему электр тогыТок көзінде электр зарядтары бөлінеді: оң зарядтар анодқа, терісі катодқа жиналады.

Электрофорлық машиналарда зарядтарды бөлу жұмысы механикалық энергия есебінен болады.

Аккумуляторларда зарядтарды бөлу жұмысы химиялық реакция нәтижесінде болады.

Ток көзінде қайсыбір энергияның электр өрісінің энергиясына айналады.

Электр тогын өлшеу және салыстыру үшін ток күші деген шама енгізіледі.

Урок на тему электр тогы

Урок на тему электр тогы- ток күші.

ХБЖ-де ток күшінің өлшем бірлігі 1ампер.

Урок на тему электр тогы

Әлсіз токтарды өлшеу үшін

1мА=10-3А

1мкА=10-6А

Күшті токтарды өлшеу үшін

1 кА=103A

Ток күшін өлшейтін аспаптар-амперметр.

Амперметр ток күші өлшенетін аспапқа тізбектеліп қосылады.

Сұлбадағы шартты белгісі:

Урок на тему электр тогы



Урок на тему электр тогы

ІІІ. Жаттығу жұмыстарын орындау. В. И. Лукашик: №994, №995, №996, №997.

IV.Карточкамен жұмыс.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: :§§35. 36. Электр тогы. Электр тогының көздері.Электр тогының күші. Амперметр. В. И. Лукашик: №998, №999, №1000, №1001. №1006.



© 2010-2022