Разработка на тему Қысқы орманға саяхат

Білім беру саласы: «Қатынас» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат» Мақсаты: Қыс мезгілінің негізгі белгілерін айта отырып қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Білімділігі: Қыс туралы білімдерін толықтыру. Дамытушылығы: Қыс мезгілін сырттай білуге үйрету, сөздік қорын дамыту. Тәрбиелігі: Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрсету, ғажайып сәт, ой қозғау, ойындар. Көрнекілігі: Үнтаспа, жасыл шыршалар, ағаштар, қа... Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық қозғаушы                                                                       Ұйымдастырушылық ізденістік Шаттық шеңбері       Аяз қысып, өрнек сызық, Терезені торлайды. Қарға омбығып, бет домбығып, Сырғанап балалар ойнайды. Кейде ұлып, кейде ысқырып, Ұйтқып боран соғады. Айтыңдаршы бөбектерім, Бұл қай кезде болады?   -          Қыс мезгілінің ерекшеліктерін білесіңдер ме, қандай?     -          Қыста неше ай бар, қандай?     -          Ал кім қыс туралы тақпақ айтып береді.                           -          Өте тамаша балалар, сіздерге көп рахмет. Енді қыс мезгілінің ерекшеліктерін бұдан толы... Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды таңымыз, Жарқырайды күніміз. Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз!   Қыста болады.   Қар жауады, аяз болады, боран соғады, ағаш өспейді, адамдар жылы киінеді т.б.   Үш ай бар. Желтоқсан,қаңтар, ақпан.   Аппақ – аппақ, қар аппақ, Қар жамылған дала аппақ. Қырау – қырау тал аппақ, Айналаның бәрі аппақ.   Қандай суық қыс деген, Қалтырайды құс деген. Құлақшынды кимесең, Құлағыңды ті...       Күтілетін нәтиже: Білу керек: Қыс мезгілінің ерекшелігін білді Түсінеді: Қыс мезгілінің ерекшелігін білдіретін сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме құрастыру керектігін түсінді.   Қолданады: Сұлақтарға толық жауап бере білуді.
Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»

Мақсаты: Қыс мезгілінің негізгі белгілерін айта отырып қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Білімділігі: Қыс туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылығы: Қыс мезгілін сырттай білуге үйрету, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелігі: Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрсету, ғажайып сәт, ой қозғау, ойындар.

Көрнекілігі: Үнтаспа, жасыл шыршалар, ағаштар, қарлар, слайд.

Қос тілділік: Қар - снег, шана - санки, аққала - снеговик.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы









Ұйымдастырушылық ізденістік

Шаттық шеңбері

Аяз қысып, өрнек сызық,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып, бет домбығып,

Сырғанап балалар ойнайды.

Кейде ұлып, кейде ысқырып,

Ұйтқып боран соғады.

Айтыңдаршы бөбектерім,

Бұл қай кезде болады?


  • Қыс мезгілінің ерекшеліктерін білесіңдер ме, қандай?


  • Қыста неше ай бар, қандай?


  • Ал кім қыс туралы тақпақ айтып береді.





  • Өте тамаша балалар, сіздерге көп рахмет. Енді қыс мезгілінің ерекшеліктерін бұдан толығырақ танысу қысқы орманға саяхатқа шыққыларың келе ме?

Сонымен балалар саяхатқа жол салайық. Мен імұқият тыңдаңдар. Денемізді бос ұстап, көзімізді жұмамыз. Біздер орманға келе жатырмыз. Міне орманға да жеттік.

(көздерін ашқанда жан-жануардың, боранның дыбыстарын үнтаспадан тыңдайды).

Бұл не өзі? Бұл ненің дыбыстары?

Біз қайдамыз?

Орманның ауасы қандай таза.

Қане бәріміз терең тыныс алайық.

(мұрынмен дем алу жаттығуларын жасау)

  • Балалар, шыршаның түсі қандай?

  • Қардың түсі қандай?

  • Ағаштардың жапырағы бар ма?

  • Балалар қараңдаршы біздің дауысымызды естіп құстарға ағаштарда келіп қалыпты.

  • Бұл қандай құстар?

  • Иә, бұлар қарғалар, торғайлар, сауысқандар, суық торғайлар. Қыста торғайлардың қоректері аяз болғандықтан, олардың жем сауытына жем салып отырамыз.

  • Құстар туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

  • Балалар қараңдаршы мына ағаштың түбіне қоян тығылып қалыпты.

  • Қоян неден тығылып отыр деп ойлайсыңдар?

  • Балалар қоянға кім тақпақ айтып береді?

(Сергіту сәті) «Ұзын құлақ сұр қоян»

  • Балалар қоян бір сергіп қалды сендерге рақмет айтып жатыр

  • Қане саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.

  • Бұл орманда қояннан басқа түлкі, қасқыр, аю да бар. Бірақ, сендер қорықпаңдар.

  • Балалар қараңдаршы мұнда аюдың апаны бар екен. Аю қыста ұйқыға кетеді, көктем мезгілінде оянады.

  • Біз аюды оятып алмай сахатымызды жалғастырайық.

Тосын сәт

  • Сәләматсыңдарма балалар, сендер орманда не істеп жүрсіңдер?

  • Менің тапсырмаларым бар. Соны орындап әрі қарай саяхаттарыңды жалғастырыңдар.

  • Балалар аққалың тапсырмасын орындаймыз ба?

  • Аққалаға арнап кім тақпақ айтып береді?

  • Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады?

Аузы жоқ тістеп алады,

Қолы жоқ сурет салады.

Дидактикалық: «ойын не артық»

Шана, шаңғы, коньки, доп,

Тон, қолғап, пима, бөрік, көйлек

Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Қысқы серуен. Айнала аппақ қар басқан, балалар аққала соғып ойнап жүр. Айдос пен Шолпан бір-бірін шанамен сүйреп жүр. Үстеріне жылы киімдер киген.

Қос тілділілік : қар - снег, аққала - снеговик, шана, шана - сани.

  • Аққала неше бөліктен тұрады, пішіні қандай?

  • Аққаланың көзі, аузы, мұрны қандай, басында не бар?

  • Балалар саяхатымыз ұнады ма, біздер орманды тамашаладық, енді орманнан оралатын кез келді.

Ән: Қыс қызығы

Балаларды мадақтап оқу іс-әрекетін аяқтау.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды таңымыз,

Жарқырайды күніміз.

Жарқырайды даламыз,

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін

Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз!

Қыста болады.

Қар жауады, аяз болады, боран соғады, ағаш өспейді, адамдар жылы киінеді т.б.

Үш ай бар. Желтоқсан,қаңтар, ақпан.

Аппақ - аппақ, қар аппақ,

Қар жамылған дала аппақ.

Қырау - қырау тал аппақ,

Айналаның бәрі аппақ.

Қандай суық қыс деген,

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесең,

Құлағыңды тістеген.

Ауыл алды ақша қар,

Ақша қарда балалар.

Соғып жатыр аққала,

Шат - шадыман көп бала.

Дала қандай тамаша,

Ақ мамыққа оралған.

Ақ дастархан жапқандай,

Көз тоймайды қараса.


  • Иә



  • Боранның дыбысы

  • Аңдардың дыбыстары

  • Ормандамыз


  • Жасыл

  • Аппақ

  • Жоқ


  • Торғайлар



  • Торғай2 торғайсың,

Таяу кліп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

Ақ қоянау ақ қоян,

Үркек қоян сақ қоян. Қаша берсең қалыңға,

Қорқағым деп ат қоям.




Сәләмәтсізба аққала. Біздер саяхаттап журмиз.


Қар жауғанда топ бала,

Соқты қардан аққала.

Мұрны сәбіз, үпүшкір,

Көзі көмір қап-қарап


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қыс мезгілінің ерекшелігін білді

Түсінеді: Қыс мезгілінің ерекшелігін білдіретін сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме құрастыру керектігін түсінді.

Қолданады: Сұлақтарға толық жауап бере білуді.

© 2010-2022