Модульдік оқыту технологиясы (8 класс)

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Модульдік оқыту технологиясы


Оқу циклі ретінде ұдайы қайталанатын оқу модулінің өз құрылымы бар. Ол үш бөлімнен тұрады.

  1. Кіріспе бөлім (модульге, тақырыпқа ену).

  2. Сұхбат бөлімі (көбінесе сұхбаттасу, диалогты қарым - қатынас арқылы танымдық іс - әрекетін ұйымдастыру).

  3. Қорытынды бөлім (бақылау жұмысын алу).

Әр модульдегі сағат саны әр түрлі. Бұл бағдарлама бойынша тараулар, тақырыптар блогына, тақырып берілген сағат санына байланысты. «Электр құбылыстары» тарауы бойынша өткізген сабақ жоспарым.

Модульдің құрылымы

Сабақ реті

Сабақтың мазмұны мен түрі

Сағат саны

Ескертулер

Кіріспе бөлім

1 - сабақ

  1. Модульге кіріспе

  2. Әңгіме дәріс

  3. Тақтамен жұмыс

  4. Қорытындылау

1 - сағат

Сұхбат бөліміне дайындық

Сұхбат бөлімі

1 - сабақ

Диалогтық бөлім ойын түрінде

1 - сағат

Ізденіс жұмыстарына баулу

2 - сабақ

Деңгейлік тапсырмалар (есеп шығару)

1 - сағат

Есеп шығара білуге үйрету

3 - сабақ

  1. Өзіндік жұмыс

  2. Технологиялық карта «Ромашка» мен жұмыс

  3. Брейн - ринг

1 - сағат

Шығармашылыққа баулу

4 - сабақ

  1. Топпен жұмыс

  2. Технологиялық карта «триада - логика» - мен жұмыс

1 - сағат

Қорытынды бөлімге дайындық

Қорытынды

1 - сабақ

Сөзжұмбақ, ребус, анограмма шешу.Тест тапсырмаларын алу.

1 - сағат

Қайталау

2 - сабақ

Бақылау жұмысы

1 - сағат

Кіріспе бөлімде биоақпараттық технологияның «Снежинка» - әдісі бойынша өткіздім. Оның негізгі ерекшелігі: сынып оқушылары үш - үштікке бөлініп отырды. Мұғалім жаңа тақырыптар төңірегінде сөйлейді. Осы уақытта оқушылар төмендегі картаны толтырып отырады. Әр тақырып түсіндіріп болғаннан кейін, оқушы бір - бірінің карталарындағы графаларды бірігіп отырып толтырады. Бұған 2 минуттай уақыт беріледі.

«Снежинка»


Белгілі

Жаңа

Негізгі





Сұхбат бөлімінің 2 - ші сабағында педагогика ғылымдарының докторы Профессор Ж.А.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаландым. Ол оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі.


  1. Репродуктивтік деңгей.

Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.


  1. Алгоритмдік деңгей.

Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.


  1. Эвристикалық деңгей

Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.


  1. Шығармашылық деңгей

Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Енді осы негізде «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбына арналып жасалған сабақ жоспарының мазмұны.
















© 2010-2022