Қатты денелердің балқуы және қатаюы. Балқу мен қатаю температурасы

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 1

Мерзімі


17.10.2013ж.


2

Сынып

8 «В»


3

Тақырыбы

Қатты денелердің балқуы және қатаюы. Балқу мен қатаю температурасы


4

Мақсаты

Қатты денелердің балқу, қатаю күйлері және балқу мен қатаю температуралары туралы түсінік қалыптастыру.


5

Міндеттері


  1. Оқушылардың «Қатты денелердің балқуы және қатаюы. Балқу мен қатаю температурасы» тақырыбы бойынша алған білімдерін анықтау. Теориялық білімді практикада және есеп шығаруда қолдана алу дағдыларын арттыру.

  2. Сыныпты топтастыру арқылы ынтымақтастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу

  3. Оқушының логикалық ойлау қабілетін, физикалық ұғымдарды есте сақтау қабілетін арттыруына ықпал ету. Физикалық тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.


6


Күтілетін нәтижелер


Қатты денелердің балқуы және қатаю прцестерін түсінеді.

Қатаю және балқу температуралары туралы білетін болады.

Аморфты денелермен танысады.



7

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер

«Физика және астрономия». «Әдістемелік нұсқау». «Оқыту әдістемесі».

Интернет материалдары


8

Сабақта қамтылатын модульдер

Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлау.


9

Әдістері

«Жүректен жүрекке»

«Топтастыру» әдісі

«Миға шабуыл»

Венн диаграммасы

«Рөлдегі оқушылар»

«Білім қоржыны» кері байланыс



10

Сабақ кезеңдері


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

11

Ұйымдастыру кезеңі


«Жүректен жүрекке» жаттығуын ұйымдастыра отырып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру. Әр оқушы қасында тұрған екінші оқушыға жақсы тілегін айады.

Заттың қатты, сұйық және газ сөздері жазылған стикерлер арқылы сыныпты топтастыру.

Бірінші оқушы екінші оқушының қолынан ұстап тілек тілейді , екінші оқушы үшінші оқушыға т.с.с, соңғы оқушы мұғалімге тілек айтады.

Стикерлерді алып, өз топтарымен топтасады.

12



Үй тапсырмасы



Миға шабуыл

  1. Өткен сабақта қандай тақырыпты қарастырдық?

  2. Қандай жаңа ұғымдармен таныстық?

  3. Қандай мәлімет сен үшін аса маңызды болды?

  4. Нені түсінбедің?

  5. Аталған құбылысты табиғатта қай жерден байқауға болады?

«Венн» диаграммасы

Венн диаграммасына оқушылар жылу мөлшерінің формулалары мен өлшем бірліктерін жаздыру

Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, ойын жинақтап, тақырыпты етеріне түсіреді.


Венн диаграммасына оқушылар жылу мөлшерінің формулалары мен өлшем бірліктерін жазады.

13












14


15

16

Жаңа сабақ












Кері байланыс


Үйге тапсырма

Бағалау

«Топтастыру» әдісі

Оқушыларды су, бу, мұз деп заттың күйлері бойынша топтарға бөлу. Неге бұлай бөлінгендігі жайлы ой қозғау.

«Рөлдегі оқушылар»

1. Топтың ортасына 7 рөл бөлінген қима қағаздарды тастау.

2. Рөлдер бойынша міндеттерін түсіндіріп беру.

  1. Баяндап беруші (өз ойына сүйене отырып, мәтіннің мазмұнын ашу)

  2. Зерттеуші (негізгі ұғымды жан - жақты сипаттау)

  3. Сұрақтар құрастырушы (мәтін бойынша сұрақтар құрастырады)

  4. Сілтемелер табушы (мәтіннің руханилығын ашатын сілтемелерді табу, жаңа терминдерге түсініктемелер беру )

  5. Бейнелеуші - суретші (мәтінге байланысты сурет салу немесе ауызша суреттеу)

  6. Дәнекер (негізгі идеяларды бүгінгі өмірмен байланыстыру)

  7. Сарапшы (оқушылардың топтағы жұмысын қадағалап, бағалайды)

Олай болса, қандай жағдайда денелер балқиды және қатаяды?

Қатты, сұйық, газ тәрізді денелердің бір-бірінен айырмашылығы қандай?

Бір заттың балқу, қатаю температуралары екінші заттың балқу және қатаю температуралырымен сәйкес келе ма?

Балқу температурасының қатаю температурасынан айырмашылығы бар ма?

«Білім қоржыны» бойынша сабақты қорытындылау

Тақыпытты оқу.

№4 эксперименттік тапсырманы орындау

Оқушы білімдерін сарапшылар пікірін қорытындылай отырып бағалау.


Стикерлерді алып су, бу, мұз деген топтарға бөлініп отырады.

Оқушылар рөлдерді бөліп алып, мәтінді оқып, өздеріне берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.










Оқушылар өздерінің сабақта алған идеяларын жазып,білім қоржынына салады.







© 2010-2022