Урок Күшті өлшеудің практикалық тәсілдері

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок Күшті өлшеудің практикалық тәсілдеріУрок Күшті өлшеудің практикалық тәсілдеріУрок Күшті өлшеудің практикалық тәсілдеріУрок Күшті өлшеудің практикалық тәсілдеріУрок Күшті өлшеудің практикалық тәсілдеріУрок Күшті өлшеудің практикалық тәсілдеріУрок Күшті өлшеудің практикалық тәсілдеріУрок Күшті өлшеудің практикалық тәсілдеріУрок Күшті өлшеудің практикалық тәсілдеріУрок Күшті өлшеудің практикалық тәсілдеріУрок Күшті өлшеудің практикалық тәсілдеріУрок Күшті өлшеудің практикалық тәсілдеріУрок Күшті өлшеудің практикалық тәсілдеріУрок Күшті өлшеудің практикалық тәсілдеріУрок Күшті өлшеудің практикалық тәсілдеріУрок Күшті өлшеудің практикалық тәсілдеріУрок Күшті өлшеудің практикалық тәсілдеріУрок Күшті өлшеудің практикалық тәсілдеріУрок Күшті өлшеудің практикалық тәсілдеріУрок Күшті өлшеудің практикалық тәсілдеріҚарауылкелді орта мектебі












Сабақ тақырыбы:

Күшті өлшеудің практикалық

тәсілдері


Дайындаған: Қайруллина Л. Ж.

физика пәні мұғалімі




2015 ж

20.10.2015 9 «ә» класы Пән мұғалімі: Қайруллина Л. Ж

Сабақ тақырыбы: Күшті өлшеудің практикалық тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Күш түрлері, анықтамалары, формулалары, Ньютонның ІІ заңының қолдануларын оқып үйрену.

Тәрбиелік мақсаты: алған білімдерін тиянақтай отырып, тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ойын жинақтай білуге, бір - біріне көмектесуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: тақырып бойынша алған білімдерін қолданып, өз ойын айта білуге, жүйелі түрде ойлауға, ізденуге бағыттау, білімге деген құштарлығын арттыру.

Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер: проектор, динамометр, таразы, штатив, жүктер жиынтығы, серіппе, білеуше, арбаша.

Пәнаралық байланыс: математика, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысымын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Күш деген не?

  2. Күшті өлшейтін құралдың атауы қандай?

  3. Күштің пайда болуының себебі?

  4. Күштің өлшем бірлігі?

  5. Күш түрлері және формулалары қандай?

  6. Күштерді қосу формуласы

  7. Ньютон қай елдің физигі?

  8. Ньютон заңдарының формулалары

  9. Күштердің практикада қолданылуына мысалдар келтіріңдер

  10. Ауырлық күші, салмақ, тіректің реакция күші деген не, сынып жағдайында мысалдар келтіріңдер

І - кезең. Ой қозғау

Сабақтың мақсатын ашу.

  1. Күштің түрлері қандай?

үйкеліс күші

Ауырлық күші күш серпімділік күші

Күштердің әрқайсысына оқушылар сипаттама береді (анықтамасы, формуласы).

  1. Сатылай кешенді талдау технологиясы.

КҮШ

Анықтамасы: Күш - дененінің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатын физикалық шама.

Белгіленуі: F

Бірлігі: Н (Ньютон)

Өлшейтін құрал: Динамометр

Қасиеті: Үдеу туғызып, денелерді қозғалысқа келтіреді

Бағыты: Векторлық шама

Басқа шамамен байланысы: Ғүйк=μN, Fа=mg, Fсер=kx

Түрлері: Ауырлық күші, үйкеліс күші, серпіміділік күші.

ІІ - кезең. Ұғыну

Күштердің практикада қолданылуы: күнделікті тұрмыста, техникада, спорт ойындарында, аэродромда т.б.

ІІІ - кезең. Мағынаны тану (есептер шығару)

  1. Резеңке таспаның қатаңдығы 400 Н/м. Егер таспаға 5кН күш әсер өтетін болса, онда ол қандай шамаға созылады?

  2. Денеге әрекет ететін ауырлық күші 4кН. Ол дененің массасы қандай?

( g=9.8 м/с2)

  1. Массасы 40 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті - 0,3 ( g=9.8 м/с2)

  2. Дененің А нүктесіне түсірілген екі күштің тең әсерлі күші неге тең?

2Н 4Н

А

  1. 9 - жаттығу (1)

  2. 10 - жаттығу (2,3)

IV - кезең. Үйге тапсырма

§11, 12; 9 - жаттығу (2,3); 10 - жаттығу (4).


© 2010-2022