КМЖ Теңайнымалы қозғалыстың жылдамдығы

 Сабақтың мақсаты  оқушылар теңайнымалы қозғалыс жылдамдығын анықтау жолымен танысады, қозғалыс түріне байланысты жылдамдық графигін салуға үйреніп, айырмашылықтарын талдайды, жылдамдыққа байланысты есептер шығаруға үйренеді Оқыту нәтижесі оқушылар теңайнымалы қозғалыстың жылдамдығын анықтау тәсілдермен және жылдамдықты график арқылы сипаттауды үйренеді. Жұп және топ ішінде өзара қарым-қатынас жұмыстарын ұйымдастырады Негізгі идеялар теңайнымалы қозғалыстың жылдамдығын анықтау жолдарын білу, жыл...
Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9 А сыныбында физика пәнінен өткізілген

қысқа мерзімді жоспары

Тақырыбы: «Теңайнымалы қозғалыстың жылдамдығы»

Орындаған: Исадилова А.Н.

Павлодар облысы Павлодар қаласы Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаттың физика пәні мұғалімі



1.10.2013 ж

физика

9 а -сынып

Сабақ тақырыбы

Теңайнымалы қозғалыстың жылдамдығы

Сабақтың мақсаты

оқушылар теңайнымалы қозғалыс жылдамдығын анықтау жолымен танысады, қозғалыс түріне байланысты жылдамдық графигін салуға үйреніп, айырмашылықтарын талдайды, жылдамдыққа байланысты есептер шығаруға үйренеді

Сілтеме

  1. ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 2012. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. 78-бет.

  2. Р. Бащарұлы, Д. Қазақбаева және б. Физика-9. Алматы. Мектеп. 2005 ж.

  3. ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 2012. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. 40-бет.

  4. ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 2012. Мектепте тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. 14-бет.

  5. ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 2012. Үлестірме материалдар. Топтыұ жұмыс туралы нұсқаулық. Бірінші апта.Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым.

Оқыту нәтижесі

оқушылар теңайнымалы қозғалыстың жылдамдығын анықтау тәсілдермен және жылдамдықты график арқылы сипаттауды үйренеді. Жұп және топ ішінде өзара қарым-қатынас жұмыстарын ұйымдастырады

Негізгі идеялар

теңайнымалы қозғалыстың жылдамдығын анықтау жолдарын білу, жылдамдықтың графигін салу, оқу, график бойынша қозғалыс түрін анықтау, бірлескен жұмыс жасау қабілеттерін жетілдіру

Сабақта қолданылатын материалдар

Тақырып бойынша презентация, смайликтер, график жазуға арналған плакаттар, тақырып бойынша есептер, топ мүшелерін бағалау кестелері

Оқыту әдістері

АКТ, СТО-фундамент толтыру, постер құру, миға шабуыл, жигсо әдісі

Бағалау түрі: қалыптастырушы- өзара топтарды бағалау, өзара топ мүшелерін бағалау, қолпаштау сөздері, Жұмыс түрлері: топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұппен жұмыс

Дерек көздері

Ғаламтор материалдары, 9-сынып оқулығы

Тапсырмалар

Оқулықпен жұмыс, график құру; ой талқылау, рефлексиялық парақты толтыру

Бағалау

Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

(5 мин)

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату мақсатымен шеңбер «допты жерге түсірме» әдісін қолдану

Оқушылар өткен сабақтың тақырыбын шеңберде бір-біріне доп лақтыру арқылы қайталайды

  1. Ой қозғау (10 мин)



Сабақтың тақырыбын тұжырымдау

Оқушыларға кесте тарату, кестені өзара бағалау туралы түсіндіру

Оқушыларға сабақтың тақырыбын презентация арқылы тұжырымдау

Оқушылар жеке кестені толтырады, толтырылған кестені жұптасына беріп, жұптасынның кестесін тексеріп толықтырады және бағалайды.

Оқушылар сабақ тақырыбын тұжырымдайды.

  1. Жаңа тақырып

Мағынаны ажырату (15 мин)

Оқушыларды жаңа тақырыптың материалын меңгерту үшін математикадан сызықтық графикті қайталау, график салу әрекеттерін қайталау

Оқушыларды топқа бөлу

Әр топқа график салу тапсырмалары таратылады.

1-топ-теңүдемелі бастапқы жылдамдығы жоқ

2-топ-теңүдемелі бастапқы жылдамдығы бар

3-топ -теңбаяулайтын бастапқы жылдамдығы жоқ

4-топ - теңбаяулайтын бастапқы жылдамдығы

бар

Топтар жигсо әдісі бойынша араласып графиктерімен бөліседі

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп сызықтық график туралы ақпаратты қайталайды

Оқушылар топқа бөлінеді

Топтар берілген тапсырма бойынша жылдамдық графиктерін салу қажет, графиктерін топ ішінде мұғалімге қорғайды





Жаңадан құрастырылған топтар графиктерді бір-біріне түсіндіріп, дәптерлеріне жазады

  1. Сергіту сәті (2 мин)

Жаттығу жасау

Денемен кеңістікте сандарды салу

  1. Ой толғаныс (10 мин)

Ортада талқылау



Рефлексиялық парақты толтыру









Мұғалім қойған сұрақтары бойынша графиктерді талқылау



Оқушыларға рефлексиялық парақтар ұсынылады:

  1. Тапсырманы орындау кезінде қандай кедергілер болды? Нені анықтай алмай отырдындар?

  2. Тапсырманы орындау кезінде өзіңіз үшін қандай жаңалықтарды аштыңыздар?

  3. Тақырып бойынша мұғалімге қандай сұрақтарыңыз бар? Жазыңыздар.

Оқушылар теңайнымалы қозғалыс жылдамдығының графиктер түрлерін талдап айырмашылықта мен ұқсастықтарын ажыратады



Оқушылар рефлексиялық парақтағы сұрақтарға жауап береді




  1. Сабақты қорытындылау (3 мин)

Оқушыларды шеңберге тұрғызу «допты жерге түсірме» әдісімен сабақты қорытындылау

Шеңберде бір-біріне доп лақтыру арқылы сабақта не түсінгендерін айтып беру

  1. Үйге тапсырма

Оқушыларға білімдеін бекіту мақсатымен & 4,5

Жаттығу 4, есеп 1,3,6

Ескерту: КМЖ Теңайнымалы қозғалыстың жылдамдығы

Күнделіктеріне жазу







© 2010-2022