Электр тізбегіндегі өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау

Раздел Физика
Класс -
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

23.12.15




«Бекітемін»

Курсы:

І

І

І


Қармақшы аграрлы-техникалық колледж

Тобы:

190

192

191


директорының оқу- ісі жөніндегі





орынбасары: Г.Аралбаева





Сабақтың тақырыбы:

Электр тізбегіндегі өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау

Сабақ/ оқу мақсаттары:

Білімділігі - Студенттердің топтық жұмыс түрінде түрлі деңгейдегі электр өрісіндегі өткізгіштер тақырыбы, формула қорыту икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

Тәрбиелілігі - Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы - адамның келешекке,ғылымға,адамзатқа пайдасы туралы көзқарастарын дамыту.

Сабаққа қажетті:

Көрнектілігі: Плакат үлестірмелі кеспе

Сабақ беру әдісі: Ойын түрінде

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ/оқу барысы

Реттік №

Сабақ/оқу кезеңі

Мазмұны

1

Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Журналға белгі соғу.

Назарларын сабаққа аудару.

2

Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру(үй тапсырмасын сұрау)




3










Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру






Тақырыбы: Электр тізбегіндегі өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау

1. Тұрмыста және техникада әртүрлі қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, тұтынушылар, электрқозғалтқыштары т.б. қолданылады.

Өткізгіштерді жалғаудың екі түрі бар

1) тізбектей жалғау схемасы

1. I=I1=I2=...=In3. R=R1 + R2 + ... + Rn

2. U=U1 + U2 + ... + Un4. U1:U2:...:Un=R1 :R2 : ... :Rn

Сонымен өткізгіштерді тізбектей қосқанда:

1) барлық өткізгіштердегі ток күші бірдей;

2) тізбектің жалпы кернеуі жеке өткізгіштердің кернеулерінің қосындысына тең;

3) тізбектің жалпы кедергісі жеке өткізгіштердің кедергілерінің қосындысына тең;

4) өткізгіштердегі кернеу түсі өткізгіш кедергісінің шамасына тура пропорционал.

2) параллель жалғау схемасы

1. U = U1 = U2 = ... = Un .3. = + + ... + .

2. I = I1 + I2 + ... + In. 4. I1 : I2 : ... : In = : : ... : .

Қорыта айтсақ өткізгіштерді параллель қосқанда:

1) әр өткізгіштегі кернеу түсуі бірдей және тізбектің берілген бөлігіндегі жалпы кернеуге тең;

2) тізбектің тармақталмаған бөлігіндегі ток күші өткізгіштердегі токтардың қосындысына тең;

3) жалпы кедергіге кері шама өткізгіштердің кедергілерінің кері шамалары-ның қосындысына тең;

4) өткізгіштердегі ток күштерінің қатынасы осы өткізгіштердің кедергілері-нің шамаларының қатынасына тең.

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау трамвай, троллейбус, электр генераторлары, тоңазытқыш, теледидар, электр желдеткіш, аспаптар, музыкалық центрлерде қолданылады.

4

Өтілген сабақты(материалды) бекіту

.

Қосымша сұрақтар мен тест тапсырмаларын орындаймыз.

Төменде көрсетілген заттардың қайсысы артық :

А,Темір Ә,Резеңке Б,Ағаш С,Жібек

Диэлектрикті электростатикалық өріске орналастырып, одан кейін оны екі бөлікке бөлді. Алынған бөліктер қандай?

А,Әр аттас зарядталған Ә,Аттас зарядталған Б,Бейтарап С,Жауап беру мүмкін емес

Вакуумдағы электр өрісінің кернеулігі 20 кН/Кл. Осы өрістің диэлектрлік өтімділігі 2-ге тең керосиндегі кернеулігі қандай ?

А,1000 Н/Кл Ә,10000 Н/Кл Б,20000 Н/Кл С,40000 Н/Кл

5

Үйге тапсырма

№9,4 Оқып келу. Тест құрау

6

Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау

Студенттердің білімін тексеріп бағалау

Физика пән оқытушысы: Қ.Ибрагимов

© 2010-2022