Фотоэффект. Фотоэффект заңдары тақырыбының сабақ жоспары

Раздел Физика
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


№7 Е.Халықов атындағы жалпы білім беретін мектеп



Сабақтың тақырыбы:

Фотоэффект.Фотоэффект заңдары.

Фотоэффектіні қолдану



Дайындаған: І санатты

физика пәнінің мұғалімі

Аймағанбетова Бақытгүл Аманғалиқызы





2014-2015 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Фотоэффект. Фотоэффект заңдары.Фотоэффектіні қолдану

Сабақтың мақсаты: Фотоэффект анықтамасын, А.Г.Столетов тәжірибесін. Фотоэффект заңдарын, негізгі теңдеуін, фотоэффектіні қолдау ұғымдарын қалыптастыру

а) Білімділік: Фотоэффект ұғымын, бұл құбылысқа қатысты тәжірибені, заңдылықтарды, тарихи деректерді меңгерту

ә) Дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту

б) Тәрбиелік: оқушылардың зейінін, жауапкершілік сезімін, топтастырының пікіріне шыдамдылық танытуын қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ

Оқыту технологиясы, әдістері:АКТ элеметтерін қолдану арқылы теория мен практиканы ұштастыру

Оқыту құралдары мен көрнекіліктер: Проекторлық тақта, «Физика 11 сынып» электрондық оқулығы, слайдтар, тапсырмалар, «А.Г.Столетов» тәжірибесі бейне тәжірибе. Таратпа парақшалар, ағаш сызылған плакат, бағалаушы жапырақтар мен алмалар

Сабақтың пәнаралық байланысы: математика, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Топқа бөлу. таңдау.

Білім ағашын өсіру жоспармен таныстыру. ( Алма ағашы болсын. Ағашта алманың көп болуы сіздердің жауаптарыңызға байланысты.

Қазақстан-2050. Мәңгілік ел. Жолдаудан үзінді

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл - біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді.

ІІ. Жаңа тақырыпқа қатысты ұғымдарды қайталау

Тақтайшадағы тапсырмаларды еске түсір

-- Е, ν, λ, υ, m, A, c, Ек. әріптермен белгіленген шамалардың атау мен өлшем бірліктерін атау

- Электромагниттік сәулелер (инфракқызыл, көрінетін және ультракүлгін, рентгенсәулелер), электр тогы

- Электромагниттік сәуле (зарядталған бөлшектер қозғалысы),

-Макс Планк гипотезасы. (формуласы)

  • ток көзі, милиамперметр,реостат, вольтметрден тұратын тізбек құрастыр, сызбасын сыз.

  • Жиілігі 3*1017Гц ультракүлгін сәуленің шығаратын энергиясын есепте

Жаңа сабақтың мақсат міндеттері анықталады. Тақырып жазылады. Жоспар:

  • Анықтама

  • Тәжірибе

  • Заңдар

  • Қолдану

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.

  1. Бейне таспа бойынша түсіндіру

  2. Оқушыларға арналған парақша:

Фото - грек сөзінен аударғанда - жарық, эффект латын сөзінен аударғанда - әсер деген мағынаны білдіреді.

  • Бұл құбылысты 1887 жылы неміс ғалымы Генрих Герц ашты;

  • 1888 жылғы орыстың көрнекті ғалымы А.Г.Столетов тәжірибе жасап заңдылықтарын тағайындады;

  • 1905 жылғы ағылшын ғалымы А.Эйнштейннің теория жүзінде түсіндірді.

Жарықтың әсерінен заттардан (металдар мен сұйықтардан) электрон-

дардың ыршып шығуы фотоэффект деп аталады.

Фотоэффект заңдары:

  1. Жарықтың металл бетінен 1 с ішінде ыршытып шығаратын электрондарының мөлшері сол уақыт ішінде жұтылатын жарық энергиясына тура пропорционал.

  2. Фотоэлектрондардың максимал кинетикалық энергиясы жарық жиілігіне қарай сызықты түрде артады да, жарықтың интенсивтігіне тәуелді болмайды.

3.Кванттың энергиясы металдан электронды ыршытып шығаратын жұмыстан артық болса фотоэффект байқалады

-Фотоэффект.Фотоэффект заңдары тақырыбының сабақ жоспарыA=h*vmin , фотоэффекі байқалу шегі, vmin - фотоэффектінің қызыл шекарасы (Гц)


Фотоэффект.Фотоэффект заңдары тақырыбының сабақ жоспары

4. Эйнштейн теңдеуі

m - электронның массасы (кг)

h - Планк тұрақтысы h=6,63*10-34Дж*с.

v - электронның жылдамдығы (м/с)

А - шығу жұмысы (Дж)

А.Г.Столетов тәжірибесі

Фотоэффект.Фотоэффект заңдары тақырыбының сабақ жоспары

  • Фотоэффект;

  • Фотоэлектрондар;

Фототок



Электрондық оқулық бойынша фотоэффект теориясын түсіндіру.

Ток күшінің кернеуге тәуелділігі


  • ҚФотоэффект.Фотоэффект заңдары тақырыбының сабақ жоспарыанығу тогы;

  • Қызыл шекера

Фотоэффект.Фотоэффект заңдары тақырыбының сабақ жоспары

Фотоэффектіні қолдану. Слайд көрсету

Сергіту сәті. (Көңілді күн )


ІV.Жаңа білімді бекіту.

Сәйкесін тап

Атаулар

Дұрыс жауап реті

реті

жауаптары

1

Фотоэффект

6

Катодтан жарықтың әсерінен шығатын электрондар ағыны

2

Фотоэлектрон

7

Ток күшінің максимал мәні

3

Қанығу тогы

8

Жарықтың әсерінен заттардан электрондардың ыршып шығуы

4

Фотоэлемент

9

Жарықтың әсерінен ыршып шығатын электрондар

5

Фототок

10

Фотоэффект құбылысына негізделіп жасалған аспап

«5» - 5 дұрыс жауап «4» - 4 дұрыс жауап «3» - 3 дұрыс жауап

V. Жаңа білімді топпен қортындылау

  • Анықтама (барлық топ)

  • Тәжірибе Заңдар Қолдану (таңдау арқылы)

VІ.Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.

Тірек конспектіні дәптерге жазу. «Фотоэффектіні қолдану» ізденіс -шығармашылық жұмыс

VII. Бағалау Оқушыларды жинаған алмалар санымен бағалау.

Өзіндік жұмыс:

1.Мырышқа түскен сәуле нің электрондарды шығару жұмысы 2,88·10-19 Дж , ал электрондар анодқа қарай 3,75·10-19 Дж кинетикалық энергиямен қозғалған болса сәуленің жиілігі қандай болған?

2.Алюминий пластинаға сәуле түскенде ең аз 1,03*1015Гц жиілігі кезінде фотоэффект басталады. Алюминйден электрондарды жұлып шығару жұмысын табыңдар



© 2010-2022