Разработка урока на тему Жылу қозғалтқышы және қоршаған ортаны қорғау (8 класс)

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жылу қозғалтқышы және қоршаған ортаны қорғау

Сабақтың мақсаты:

а) оқушыларға жылу қозғалтқыштарының түрлері, құрылысы, жұмыс істеу принципі және олардың пайдасы мен зияны жөнінде түсінік беру;

б) оқушылардың өз бетінше іздену, жұмыс істеу және танымдық қабілеттерін дамытып, қалыптастыру;

в) оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырып, пәнге деген қызығушылығын ояту;

Сабақтың түрі: қорытындылау сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: мультимедиалық слайдтар, плакаттар, 4- тактілі қозғалтқыш моделі.

Сабақ барысы:

«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ»

І. Ұйымдастыру.

Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ, бір сәт өздеріңді болашақ тарихшы, инженер, эколог, медик, конструктормыз деп елестетіңдер. Бүгін сендердің теориялық білімдерің мен есеп шығаруды қалай меңгергендіріңді көру үшін қонақтар қатысып отыр, сондықтан асып-саспай ойларыңды еркін жеткізуге тырысыңдар. Қанекей, сабағымызға сәттілік тілейік!!

ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау:

  • Біз қоршаған ортаның қандай болғанын қалаймыз?

  • Бүгінгі таңда не көріп жүрміз?

  • Бұған кім кінәлі деп ойлайсыңдар? (жылу қозғалтқыштары, олармен жұмыс істейтін жекелеген адамдар,яғни сіздер мен біз).

Ендеше есімізге түсірейікші:

1.Жылу қозғалтқышы дегеніміз не?

2.Жылу қозғалтқышының қандай түрлерін білесіңдер?

ІІІ.Сабақтың мазмұны:

Мұғалім: Біздің эрамызға дейінгі 3-ғасырда,осыдан 2000 жылдан аса уақыт бұрын алғаш жылу қозғалтқышын ежелгі грек ойшылы-механигі Архимед ойлап тапқанын итальян ғалымы Леонардо да Винчи өз еңбектерінде жазып қалдырған. Архимедтің мыстан жасалған зеңбірегінің құбыры отпен жоғары температураға дейін қыздырылып, оған су құйылады, су буға айналып температураның артуынан будың көлемі күрт артып, зеңбіректегі болат шарды атып шығарады. Бұл алғаш жылу қозғалтқышында будың ішкі энергиясы болат шардың механикалық энергиясына түрленеді.

Ал бүгінгі сабағымызда біз қазіргі таңдағы жылу қозғалтқыштарының жетілдірілген түрлерімен, олардың құрылысымен, жұмыс істеу принципімен, халық шаруашылығында қолданылуымен танысып, олардың пайдасы мен зияны жөнінде әңгімелекпіз. Сіздердің назарларыңызға әр саладағы мамандарымыздың дайындап келген мәліметтерін ұсынамыз, олардың тақырыбы мынадай:

1.Жылу қозғалтқыштарының ашылу тарихы - тарихшы Қахарова Аружан (презентация№1)

2.Іштен жану қозғалтқышы - инженер-физик Қуандық Талшын (презентация№2)

3.Дизель қозғалтқышы - инженер-физик Алимбетов Еламан (презентация №3)

4.Бу турбинасы - инженер-физик Қуаныш Талғат (презентеация№4)

5.Реактивті қозғалтқыш - инженер-физик Қуандық Толқын (презентация№5)

6. Жылу қозғалтқышының п.ә.к.-і - конструктор Орынбасар Самат (презентация№6)

7. Жылу қозғалтқышы және адам ағзасы - медик-ғалым Серікбол Назира (презентация №7)

8.Мемлекеттік жол қауіпсіздігі инспекциясының қызметкері - Батырханов Алдияр (презентация№8)

9. Жылу қозғалтқыштарынан туындайтын экологиялық мәселелер - эколог-ғалым Алимбетова Жанерке (презентация№9)

ІV. Сабақты бекіту: Мұғалім сонымен жылу қозғалтқыштары бағымыз ба, сорымыз ба? Бірақ адамзат өзінің іс-әрекетінде машинаны пайдаланудан бас тарта алмайды. Сондықтан жылу машиналарын қолданудың көлеңке жақтарының зардаптарымен күресудің қажеттілігі туып отыр.

Жер бетіндегі өмір әрбір адамнан өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауды, табиғатпен үйлесімді өмір сүріп, оны қорғауды талап етеді.

Пайдасы

Зияны

Мәселені шешу жолдары

*Экономиканың дамуына ықпал етеді;

*Қолайлы жағдай жасауға көмектеседі;

*Адам еңбегін жеңілдетуге, бір жерден екінші жерге тез жетуіне көмектеседі.

*Биосфераны ластайды;

*Қоршаған ортаның температурасын жоғары-латады;

*Табиғи отын қорларын азайтады;

*Адам ағзасына әсер етеді.

*Басқа отын түрлерін ойлап табу;

*Қозғалтқыштың басқа түрлерін жетілдіру;

*Сүзгі фильтрлер орнату;

*Жасыл ағаш отырғызу арқылы қоршаған ортаны тазарту;

*Автомобиль жүргі-зушілер мәдениетін қалыптастыру.

Есеп шығару: инженер-конструкторлар

1) 13-жаттығу(3,4)

1) Машина 300 км жолды 72 км/сағ жылдамдықпен жүреді, осы кезде ол 70 л бензин жұмсайды. Егер машинаның п.ә.к.-і 25% болса, онда осы жолдағы машинаның қуаты қандай? (1,9 кВт)

2) П.ә.к.-і 11%, өндіретін қуаты 8,096 кВт болатын мотоцикл қозғалтқышы бір сағатта қанша литр бензин жұмсайды? (8 л)

V. Сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалау.

Бүгінгі сабақты Шәкәрім атамыздың өлең жолдарымен қорытындылағым келеді:

Бақ-дәулетті мол берді жаратылыс,

Пайдаланып қылсаңшы жақсы жұмыс.

Табиғаттың таусылмас қасиетін

Жұрттың жұмсап жүргені - ақылсыз іс.

VІ. Үйге тапсырма:§26, 13-жаттығу(2,5,6)



© 2010-2022