Сабақтың тақырыбы: Ток күші. Амперметр

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ: физика

Мектеп: Қант зауыты орта мектебі


Күні 26.12.2015ж

Мұғалім есімі:Берликенова Г.К.


Сынып: 8 «а»

Қатысқандар саны

қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы

Ток күші. Амперметр.

Сабақ негізделген оқу мақсаты


Ток күші анықтамасымен, формуласымен , ток күшін өлшейтін құралдарымен танысады. Ток күшінің формуласын қолданып есептер шығаруды үйренеді.

Оқу нәтижелері

Барлық оқушылар

  • Ток күшінің анықтамасын, формуласын біледі.

  • Ток күшін өлшейтін құрал амперметрді қолдана біледі.

  • Ток күшінің формуласын қолданып есептер шығара біледі.

Оқушылардың басым бөлігі

  • Ток күшінің формуласын түрлендіріп, білімді, дағдыны жетілдіруге байланысты есептерді шығара алады.

Кейбір оқушылар

  • Ток күшінің схемасын приборларды қолданып, жалғануын біледі.

Алдыңғы оқу

Электр тогы. Электр тогы көздері

Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар


Басталуы


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Өткен тақырыпты «Сұрақты ұстап ал» әдісін қолдана отырып, өткен тақырыпты қайталау. Яғни қиындылар бойынша анықтамалар құрастырады. «Таңдау және негіздеу» әдісі қолданылады, яғни үйге берілген есепті тексеру үшін бірнеше жауап беріледі, сол бойынша дұрыс жауабын табады, дәлелдейді.

«Тізбек бойынша сұрау», «Формативті сұрау» әдісітерін қолдану. Яғни есеп беріледі соны оқушылар тізбек бойынша шешеді және түсініктеме береді.

«Пазл» әдісін қолдана отырып тақырыпты құрастырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.

Қадағалау

Ынталандыру

Ортасы


Сергіту сәті. «Бір, екі, үш, физикалық шама аты айтылады, сөйтіп сергіту сәті осылай үш, төрт рет қайталанады. «Болжау» әдісі бойынша тақырыпты өз бетімен меңгереді.

Сабақтың табыс критерийін құрғызу.

  1. Ток күші анықтамасын білу.

  2. Ток күші нені сипаттайтынын білу.

  3. Ток күшінің өрнектелуін, өлшем бірлігін білу.

  4. Ток күшін өлшейтін құралдарды қолдана білу.

  5. Ток күшіне байланысты практикалық есептер шығаруды үйрену.

«Таңдмалы сұрау» әдісі бойынша тақырыпты меңгергендерін ауызша тексеру, «Сұрақ-жауап» әдісі бойынша сұралады.

Есептер шығаруда «Формативті сұрау» әдісі қолданылады. «Неге?, Қалай?, Неге олай ойлайсың? Неліктен?» сұрақтарын қолдану.

  1. 10 минут ішінде шамасы 18 Кл заряд өткен амперметрдің көрсетуі неге тең?

  2. Металл өткізгіш бойымен 640 мкА ток ағып жатыр. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы әр секунд сайын өтетін электрон саны.

  3. Тізбектегі амперметрдің көрсетуі 1мА болса, өткізгіштің көлденең қимасынан 1с ішінде қанша электрон өтеді?

Ток күшінің құралдарын қолдана отырып, тізбек құрастырып, соның схемасын сызба түрінде көрсету.

Қадағалау

Ынталандыру

Өзара бағалау

Аяқталуы


Топ бақылаушысы бағалау парақшасы бойынша, топ мүшелерін бағалайды. «Ыстық орындық» әдісін қолданып тақырыпты қорытындылау.

«Алма, гүл, сары жапырақ» стратегиясы бойынша сабаққа кері байланыс алынады.

Өзін-өзі бағалау.

Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс құндылығы байланысы

  • Қадағалау нәтижесі бойынша бағыт беру, кеңесу, ой қозғау сұрқтарын қою.

  • «Қадағалау, бақылау, ынталандыру, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, топ бақылаушысының нәтижелері бойынша оқушылардың білімін бағалау. Формативті сұрақ қою, сабаққа кері байланыс, қадағалау, бақылау нәтижелер бойынша оқушылардың білімдері тексеріледі.

  • Математика, қазақ тілі.

  • Өмірмен байланысты.

  • Қауәпсіздік ережесі қолданылды.

  • Интер белсенді тақтаны қолдана отырып, слайдтар қолдану.

Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың оқу мақсаты шынайы.

Бүгін оқушылар өтілген тақырыпты толық меңгеріп, формулаларын қолданып есептер шығара білді.

Сыныпта оқушылар топпен бірлесе жұмыс жасай білді.Сабаққа белсенді қатысты.

Мен сабақта қолданған әдістерім тиімді болды, бірақ үй тапсырмасын қайталауға арналған слайдтарды көбірек қолданып, уақытты тиімді қолдана алмады.

Уақытты үнемдеу үшін, «Ыстық орындық» әдісінің орнына оқушыларға ашық сұрақтарды қою арқылы қорытындыладым.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1. «Сұрақты ұстап ал» әдісі арқылы оқушылар өткен тақырыпты қайталап, сабаққа қызығушылықтары басым болды.

2. «Болжау» әдісін қолдана отырып, оқушылар тақырыпты толық меңгере алды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1. «Формативті сұрау» әдісі

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

  1. Оқушыларды қызықтыру үшін, «Кубизм», «Он сұрақ», « шеңбер» әдістерін қолданатын едім.


Сабақтың тақырыбы: Ток күші. Амперметр.Сабақтың тақырыбы: Ток күші. Амперметр.

Сабақтың тақырыбы: Ток күші. Амперметр.Сабақтың тақырыбы: Ток күші. Амперметр.

Сабақтың тақырыбы: Ток күші. Амперметр.Сабақтың тақырыбы: Ток күші. Амперметр.

Бірінші(ілгері) деңгей мұғалімі Тулегенова Кульмира Сағымбековнаның

рефлексивтік есебі.

26 желтоқсан күні физика пәнінің мұғалімі Берликенова Гульмира Карибайқызының 8а сыныбында «Ток күші. Амперметр» тақырыбында өткізген сабағына қатыстым. Сабақ жоспарын бірге жоспарладық. Сабақта мұғалім «Сұрақты ұстап ал» әдісін қолдана отырып, өткен тақырыптар бойынша ережелерді қайталатып, үйге берілген есептерді, «Таңдау және негіздеу» әдісін қолдана отырып тексерді. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды жақсы орындай білді, дегенмен тақтада слайд бойынша өткенді қайталауға уақыт көбірек кеттіп, сабақтың қортындылау бөліміне уқыт жетіңкіремей қалды. Есептерді талдату барысында мұғалім формативті сұрау әдісін тиімді қолдана білді. «Пазл» әдісін қолдана отырып оқушылар тақырыптың мазмұнын ашып, «Болжау» әдісін қолдана отырып, оқушылар өздігінен тақырыпты игеріп, сабақтың табыс критерийлерін оқушылар өздері құрастыра білді. «Таңдмалы сұрау» әдісін қолдана отырып, оқушылардың тақырыпты меңгергендігі тексерілді. Әр топ өздеріне берілген есепті орындап, болған соң тақтада талдап, шығару жолын көрсетті. Есептерді талдау барысында «Формативті сұрау» әдісін мұғалім тиімді қолдана отырып, шығарылған есептердің қателіктерін түзетуге мұғалім дұрыс бағыт беріп отырды. Сабақ соңында топ бақылаушысы бағалау парағы негізінде топтағы оқушылардың жұмысын бағалап, «Алма, гүл, жапырақ» әдісі бойынша сабаққа кері байланыс алынды. Стикерларын оқушылардың көпшілігі алмаға қойғанмен, не себепті оған қойғандығын түсіндіріп жазбаған. Сондықтан мұғалімге кері байланысты оқушыларға әлі де болса түсіндіріп, үйретуі керек деп ойлаймын. Сабақта мұғалім мен ұсынған біраз әдістерді қолданбапты. Сабақта мұғалім өзінің алға қойған мақсаттарына жетіп, оқушылар тақырыпты меңгере білді





© 2010-2022