Жобалау технологиясы бойынша оқушылармен жұмысты ұйымдпстыру

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқушылардың ойлау әрекеттерін қалыптастыру әдістері - білім беру жүйесінде жобалау технологиясын қолдану технологиясының негізгі нәтижесі ретінде.


«Естігенімді - ұмытамын, көргенімді - есте сақтаймын,

өз істегенімді - меңгеремін».

Конфуций

Оқудың қажеті неде?

Әркім осы «жеңіл» сұраққа өзінше жауап береді. Жоғарғы білімді адам да бұл сұраққа жауап беру үшін біраз ойланып қалады.

Оқу - көп білу үшін қажет.

Ал көп білудің қажеті неде?

Көп оқып, көп білсең - жоғарғы оқу орнына түсесің...

Онда оқу не үшін қажет? Одан әрі білім алу үшін бе?

ОҚУ - алдағы үлкен өмірде өз орныңды дұрыс таба білу үшін керек екен. Яғни оқу барысында оқушыны өз бетімен іздендіре отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп, дұрыс шешім қабылдауға , яғни жеке тұлға болып қалыптасуына бейімдеу қажет.

Дәстүрлі сабақ беру жүйесінде оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру мүмкін емес.

21- ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі - мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.

Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені - бүгінгі күн талабы.Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.

Бұл технология әлемдік педагогикада жаңалық емес.Ағылшын тілінен аударғанда «cooperative learning» - бірге үйрену деген мағынаны білдіреді.

Түсіндірме сөздікте оған төмендегідей анықтама беріледі: Жобалау технологиясы - оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі.

Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2- ші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған.Оның негізін қалаған - Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ.Дьюидің ілімін жалғастырушы - Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау - бұл технологияның негізі. «Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық.Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе -- бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі.» - деген екен Хилпатрик.

20 -шы ғасырдың басында жобалау технологиясы Ресей педагогтарының назарын өзіне аудара бастайды. Дегенмен, бірқатар себептерге байланысты , бұл әдістеме кеңінен таралмай, тоқтап қалды:

- Жоба жұмысымен жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдердің болмауы

-жоба жұмысының әдістемесінің жасалмауы

-жеке баға мен сынақты ұжымдық сынаққа көшіру салдарынан жеке оқушы білімінің төмендеуі т.б. себептер.

Кеңес үкіметі кезеңіндегі мектептерде жобалау технологиясын енгізуге асықпай жүргенде, ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерде: АҚШ-та, Канадада, Англияда, Австралия және Жаңа Зеландияда ол кеңінен таралып жатты.Еуропаның да бірқатар мемлекеттерінде ол кең тамырын терең жая бастады.

Әрине, уақыт өткен сайын бұл технология да бірқатар өзгерістерге ұшырап отырды.Еркін тәрбиелеу ойынан туындаған жобалау әдістемесі біртіндеп «тәртіпке бағынып», білім беру әдістемесі құрамына табыспен еніп отыр.

Бірақ оның негізі, түпкі мақсаты қай кезде болса да қала бермек - оқушыны білім алуға және сол білімін мектеп қабырғасынан шыққанда нақты проблемаларды шеше білуде қолдануға үйрету.

Қазақ педагогикасының атасы Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық» деген өлең жолдарында осы технологияның негізгі ұстанымдары жатыр.

Өйткені, бұл технологиялық оқудағы мұғалім мен оқушының іс- әрекеттері түбегейлі өзгереді. Салыстырып көрелік:

Оқушының іс-әрекеті:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

-Оқушы-оқыту субъектісі.

-Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы, нақты мақсат қоюшы.

-Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект.

-Бағыт-бағдар беруші, кеңесші.

-Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы.

-Оқушының жетістігін құптаушы.

-Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі.

-Ынталандырушы, мақсат қоюшы.

-Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға.

-Мақсаттарға жетелеуші.

Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат - оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.

Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса- ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт - бағдар бере алады.

Сонымен, жобаның тиімділігі - көзбен көріп, құлақпен естіп,есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.

Жобалау технологиясының негізінде -оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.

Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарыда айтылғандай, оны жоспарлай білу қажет.

Жоба жұмысы кезендері

Жұмыстың мазмұны.

Мұғалімнің тәрбиелік мақсатты шешудегі негізгі іс-әрекеттері.

Оқушылардың іс-әрекеті.

1. Дайын-

дық кезеңі

Жоба тақырыбын анықтау.

Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандырады. Топтағы әрбір оқушының пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді.

Әр оқушы өмірлік өз тәжірбиесіне (егер ол болса), сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірігіп жобаның түпкі мақсатын анықтайды.

2. Жоспар-

лау.

Топқа бөлу. Ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету. Әрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау.

Оқушыларды өз бетімен ақпарат жинауға бағыттайды. Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі. Оқушылардың жобы бойынша күнделігін тексереді.

Топ арасында әркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап, бірінші нәтижеге жету уақытын белгілейді. «Қоғамдық» тапсырманы орындауға дайындығын көрсетеді.

3. Зерттеу жұмысы.

Ақпарат жинау, аралық нәтижені талдау, зерттеудің негізгі құралдары: сұхбат,

анкета бақылау, алынған түрлі ақпаратты талдау.

Оқушы күнделігін бақылап, әрбір жетекшісімен және топ мүшелерімен жеке-жеке сөйлесу, талдау, нәтижені салыстыру арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру.

Жеке және жұптық жұмыс, анкета сұрақтарын құрастыру. Қажет болса сценарий жазу, қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас қалыптастыру. Білімін әр пәндік салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыстармен танысады, шығармашылық, белсенділік, талаптылық қасиеттерін бойында қалыптастырады.

  1. Нәтиже-

ні талқылау.

Ақпаратты талдау, шешім шығару,тұсау кесердің қандай түрде өтетінін жоспарлау.

Бақылайды, кеңес береді. Топ ішіндегі жеке оқушылардың еңбегін бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір-біріне деген сыйластыққа шақырады. Тұсау кесерге келетін қонақтар тізімін жазады, қажетті аудио- видеотехниканы жабдықтайды.

Топ арасындағы әркімнің ролін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгіні белгілеп жазады. Проблемалық сұрақтарды анықтап, оны бірге шешуге дайындалады.

5. Жұмыс-

тың тұсау кесері.

Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды.

Алынған нәтиже туралы есеп береді. Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеу мәдениетін ескере отырып бір-бірінің ойларын жалғастырып отырады.

6. Бағалау

және жоспарлау.

Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдағы үлкен мақсаттарға жетелейді.

Ұжымды талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді, алдағы жұмыс құрайды.

Технологиядағы жобаның түрлері:

  • Ғылыми жоба;

  • Шығармашылық жоба;

  • Ойын түріндегі жоба;

  • Ақпараттық жоба және т.б. түрлері бар.

Мерзіміне қарай қысқа мерзімді жоба болып бөлінеді.

Әр топ шешудің негізгі сатыларын басшылыққа алды. Олар:

  1. Ақпараттық - «не істеу керек?»;

  2. Жоспарлық - «бұған қалайша жетуге болады?»;

  3. Шешім қабылдау - «іске асырудың жолдары мен құралдарын анықтау»;

  4. Орындау - «жүзеге асыру»;

  5. Бақылау - «тапсырма дұрыс орындалды ма?»;

  6. Бағалау - «келесі жолы нені дәлірек істеген жөн?».

Жобалау технологиясының дидиктикалық негізін белгілі тақырыптардағы жұмыстарға шолу жасай отырып, байқап көрелік.

«Менің болашақ мектебім» жобасын жасаудағы жоспарланған түпкі нәтиже-тұтынушылар: мектеп директоры, оқушылар және ата-аналардың тілектерін, армандарын ескере отырып, сәулетші, биолог маманы, жергілікті әкімшілік өкілі заман талабына сай мектеп макетін жасап оны тұтынушылар алдында қорғай білуі.

Осы жобадағы қызықты және өзекті ойлар - оқушылардың ойы және олар болашақ мектептің әнұранын жазып шығарды:

«Мектебім - шырағымсың,

Сарқылмас бұлағымсың.

Өзіңе бар құштарымды

Әнге ұштастырдым».

«Біздің театр» жоба жұмысын жасаған оқушылар қаладағы театр туралы соңғы нәтижесі ретінде - Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді? Деген сұрақтарға нақты жауап бере білді.

«Қаламыздағы бұқаралық ақпарат құралдары» төңірегінде ақпарат жинаған оқушылар қаладағы ең бірінші газеттің редакторы - Тайшыбаев Мақсұттың белгілі ақын Жұмабаев Мағжанмен туыстың қарым-қатынаста болғанын және осы ұлтжанды журналистің де 1938 жылы жала жабылып атылғандығы туралы мәліметтерді қызығушылықпен әңгімелеп бере алды.

Сонымен, оқушыларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау - жобалау технологиясының негізі. Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдына әр кезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа қол жеткізудегі іс-әрекеті, яғни сиқыршының көжекті цилинірдің астына салу үшін ұзақ мерзім көлемінде атқарған еңбегі тәріздес. Конфуцийдің Естігенімді - ұмытамын, көргенімді есте сақтаймын, өзім істегенімді меңгеремін дегені - бұл технологияның негізгі ұстанымы.

Қолданылған әдебиет:

1. Дьюи Дж. «Школа и общество» (1925) - цит. по «Педагогическая лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе» / Спец. прилож. К журналу «Лицейское и гимназическое образование», вып. 4, 2003 - с.

  1. Е.Г. Сатарова «Метод проектов в трудовой школе» (1926) - цит. по «Педагогическая лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе» / Спец. прилож. к журналу «Лицейское и гимназическое образование», вып. четвертый, 2003 - с. 12.

  2. Килпатрик У.Х. «Метод проектов. Применение целевой установки в педагогическом процессе» (1928) - цит. по «Педагогическая лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе» / Спец. прилож. к журналу «Лицейское и гимназическое образование», вып. четвертый, 2003 - с. 6.

  3. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования / под ред. Е.С. Полат - М.:2000.

  4. Пахомова Н.Ю. Проектное обучение - что это? // Методист, №1, 2004 - с. 42.

© 2010-2022