ФизикаданРентген сәулелеріашық сабақ жоспары

Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ФизикаданРентген сәулелеріашық сабақ жоспары« Бекітемін»

Күні:26.02.2016ж

Сыныбы: 9 «ә»

Тақырыбы: §51.Рентгендік сәулелер
Сабақ мақсаты:
Білімділік: оқушыларға рентгендік сәлелердің шығу тарихын және оның қазіргі таңдағы қолданыс аясы туралы толық мәлімет беру.
Дамытушылық: теориялық білімдерін толықтыру,қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды ізденімпаздыққа, басқа оқушының пікірін тыңдай білуге,топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Ашық сабақ

Сабақтың тип: Жаңа білімді меңгерту

Сабақты өту әдісі: сұрақ-жауап,түсіндірмелі-иллюстративті,рефлекция.

Сабақта қолданылатын технология: ынтымақтастық технологиясы

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, дидактикалық тапсырма, бағалау жетондары, қосымша материалдар,слайд,видео.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а/ оқушылардың сабаққа зейінін жинақтап, олардың сабаққа әзірлігін тексеру.
ә/ сабаққа қажетті құрал - жабдықтарды түгендеу.
б/ «Миға шабуыл» класты 3 топқа бөлу.

(«Жарқын түстер» әдісі арқылы)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Суреттер сөйлейді» (Стефан-Больцман тәжірибесі,Электромагниттік толқындар шкаласы,Абсолют қара дененің моделі)

III.Үй тапсырмасын бекіту

«Сөзжұмбақ»


1 Р



2 Е


3 Н

4 Т



5 Г


6 Е


7 Н

1.Көзге көрінбейтін сәлелердің бірі

2.Денелердің сәуле шығарғыштық қабілетін зерттеген ғалым?

3. h = 6,63*10-34 Дж*с

4. Түскен жарықтың әсерінен заттан (металдан және сұйықтардан) электрондардың

ұшып шығу құбылысы

5.

6.Фотоэффект құбылысын түсіндірудің жолын тапқан ғалым?

7.Тыныштық массасы нөлге тең элементар бөлшек

IV.Жаңа білімді меңгерту

1895 жылы неміс ғалымы В.Рентген ауасы сорылған түтіктердегі электр тогын зерттеу үстінде ерекше сәулелердің пайда болатынын байқаған.Бұл сәулелер көзге көрінбейді,бірақ кейбір заттарда жарқыл туғызады және жабық фотография пластинкасын қарайтады. Осы екі қасиетіне қарай бұл ерекше сәулелерді Рентген X сәулелер деп атаған.Бұл сәулелер кейінірек оны ашқан ғалымның құрметіне рентгендік сәулелер деп аталатын болды.

Рентгендік сәулелер де электромагниттік сәулелерге жатады.Жиілігі бойынша рентгендік ультракүлгін сәулелер мен гамма-сәулелердің аралығында орналасқан.

Рентгендік сәулелер жылдам электрондарды затпен тежегенде электронның кинетикалық энергиясының сәуле шығару энергиясына айналуы нәтижесінде пайда болады.

ФизикаданРентген сәулелеріашық сабақ жоспарыТежелу барысында жылдам электрондар біраз мөлшерде кинетикалық энергияларынан айырылады: ФизикаданРентген сәулелеріашық сабақ жоспары

Бұл энергия рентгендік сәулелер фотонының энергиясына түрленеді: ФизикаданРентген сәулелеріашық сабақ жоспары

Жылдам электрондардың тежелуі кезінде туындайтын сәулеленуді тежеулік рентгендік сәулелер деп атайды.

Рентгендік сәлелер рентгендік түтікшелер деп аталатын арнаулы қондырғыда алынады.

ФизикаданРентген сәулелеріашық сабақ жоспары

Зарядталған бөлшектерді бір нүктеден екінші бір нүктеге дейін қозғалту үшін электр өрісі жұмыс атқарады: ФизикаданРентген сәулелеріашық сабақ жоспары.

Өрістің істейтін жұмысы есебінен электронның кинетикалық энергиясы өседі,яғни жылдамдығы артады: ФизикаданРентген сәулелеріашық сабақ жоспары

Рентген сәулелері де жақын және алыс ғаламдарда жүріп жатқан процестер туралы мол ақпарат жеткізеді.Сондықтан соңғы жылдарда рентгендік астрономия дами бастады.

V. Жаңа сабақты бекіту

«Дидактикалық тапсырма»

VI. Қорытындылау,бағалау

«Рентген сәулелері видео»

VII.Рефлекция «Білім қоржыны»

VШ.Үй тапсырмасын беру
(40-жаттығу,рентген сәулелері ізденіс жұмыстары)


© 2010-2022