Қозғалыс тарауын қайталау физикадан сабақ жоспары (7 сынып)

Тақырыбы: Қозғалыс тарауына есептер шығару Сабақ мақсаты: Білімділік: «Қозғалыс» тарауындағы негізгі физикалық                        ұғымдарды қайталап еске түсіру және                       оларды есептер шығаруда қолдана білуге                                      үйрету; Дамытушылық: алған білімді практикамен ұштастыра                       білуге, формулаларды түрлендіре білуге                       үйрету, ойларын дамыту, қарапайымнан                      күрделіге жеткізу; сынтұрғы...
Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қозғалыс тарауын қайталау физикадан сабақ жоспары (7 сынып)Қозғалыс тарауын қайталау физикадан сабақ жоспары (7 сынып)Қозғалыс тарауын қайталау физикадан сабақ жоспары (7 сынып)Қозғалыс тарауын қайталау физикадан сабақ жоспары (7 сынып)Қозғалыс тарауын қайталау физикадан сабақ жоспары (7 сынып)7 сынып Физика

Тақырыбы: Қозғалыс тарауына есептер шығару

Сабақ мақсаты:

Білімділік: «Қозғалыс» тарауындағы негізгі физикалық

ұғымдарды қайталап еске түсіру және

оларды есептер шығаруда қолдана білуге

үйрету;

Дамытушылық: алған білімді практикамен ұштастыра

білуге, формулаларды түрлендіре білуге

үйрету, ойларын дамыту, қарапайымнан

күрделіге жеткізу; сынтұрғыда ойлау;

Тәрбиелік: оқушыларды топтың, ұжымдық жұмысқа,

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қорытындылау, білімді жинақтау

сабағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1) Оқушылармен амандасу;

2) Сабаққа психологиялық жағдай тудыру

ІІ.Өткенді қайталау:


  1. «Механикалық қозғалыс» кластер құрастыру






  1. «Қайталау сұрақтары»

1-топқа

  • Механикалық қозғалыс деп нені айтамыз?

  • Орын ауыстыру деп нені айтамыз?

  • Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не?

  • Бірқалыпты емес қозғалысқа анықтама беріңдер?

  • Материялық нүкте дегеніміз не?

2-топқа

  • Қозғалыс траекториясы деп нені айтамыз?

  • Жол деп нені атайды?

  • Жылдамдық дегеніміз не?

  • Орташа жылдамдық деп нені түсінеміз?

  • Санақ денесі дегеніміз не?


  1. «Формулалар әлемі»

ІІІ. «Есептер шығару»

1-топ

1. Ұшақ 750 км/сағ жылдамдықпен ұшып барады. 6 сағат ішінде ол қандай қашықтықты өтеді?

2.Дене t1=20с уақыт ішінде 1=20м/с жылдамдықпен және t2=20с уақыт ішінде 2=30м/с жылдамдықпен қозғалды. Орташа жылдамдықты табу керек.

2-топ

1. Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 30мин ішінде 9 км жол жүреді. Велосипедшінің жылдамдығын есепте?

2. Автомобиль бір қаладан екінші қалаға жету уақытының жартысында 60км/сағ тұрақты жылдамдықпен жүрді. Егер оның қозғалысының орташа қандай жылдамдығы 65 км/сағ -қа тең болса, қалған уақытта ол тұрақты жылдамдықпен жүрген.

ІҮ. «Практикалық жұмыс»

Мына жағдайлар үшін бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графиктерін сызыңдар:

1-топ 2-топ


Ү. «Деңгейлік тапсырмалар»

1 топ

2 топ

  1. Велосипедші 150м жолды 1,5 м/с жылдамдықпен жүрген. Осы ара қашықтықты велосипедші жүріп өтетін уақытты есептеңдер

  1. Станциядан жүк пойызы 72 км/сағ жылдамдықпен шықты, ол 1440 км жол жүру үшін қанша уақыт кетеді?

(2-деңгей)

1 топ

2 топ

  1. Аквариумның қабырғаларын тазарту үшін оған салып қойған ұлулардың біреуі сейсенбі күні күні 16 сағат 30 минуттан бастап, содан бейсенбінің 9 сағат 00 минутына дейін қабырға бойымен 42 см жүрген. Ұлу қандай орташа жылдамдықпен қозғалған?

  1. Автомобиль алғашқы 30 мин. ішінде 15 м/с жылдамдықпен, одан кейін 20мин. ішінде 10м/с жылдамдықпен қозғалды. Орташа жылдамдықты есепте?

(3-деңгей)

36 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан поездың вагонын, оның жүрісіне перпендикуляр бағытта атылған оқ тесіп өтті. Вагонның қабырғасындағы бір тесік екіншісіне қарағанда 3 см жылжыған. Вагонның ені 2,7м. Оқтың жылдамдығы қандай?

ҮІ. Қорыту:

Тест:

Жауаптарын сәйкестендір:

1. Қайсысы зат болып табылады?

  1. Жарық

  2. Ауа

  3. Трактор

  4. Булану

2. Физикалық шаманы көрсет?

  1. Уақыт

  2. Темір

  3. Тікұшақ

  4. Үстел

3. Қайсысы физикалық шама?

  1. Қағаз

  2. Дәптер

  3. Жылдамдық

  4. Қайнау

4. Аспан денесін көрсет

  1. Астероид

  2. Су

  3. Ұшақ

  4. Жарық

5. Жүрілген жолдың өлшем бірлігін көрсет:

  1. км, см, м

  2. км/сағ, м/с, см/с.

  3. м3, см3, мм3

  4. сағат, минут, секунд

6. Күн жүйесінде неше планета бар?

A. 8

B. 9

C. 10

D.12

7. Жер Күнді қанша уақытта бір айналып шығады:

  1. 365 тәулік

  2. 24 сағат

  3. 365 минут

  4. 12 сағат

8. Мына сандардың стандарт түрде жазылуын көрсет: 6000; 0,00003; 9250000

  1. 6∙10-3, 3∙10-5, 925∙104

  2. 6∙103, 3∙105, 925∙104

  3. 6∙103, 3∙10-5, 925∙104

  4. 6∙103, 3∙10-5, 925∙10-4

9. Диффузия құбылысы дегеніміз -

  1. Бөлшектердің тез қозғалысы.

  2. Газдағы (сұйықтағы) бөлшектердің ретсіз қозғалысы.

  3. Қатты денедегі бөлшектердің ретсіз қозғалысы.

  4. Бөлшектердің баяу қозғалысы

10. Температура нені сипаттайды?

  1. Дененің қозғалыс әреткетін.

  2. Дененің жылдамдығын

  3. Дененің ыстық, суық екендігін

  4. Дененің температурасын

Бағалау критериі:

" 5 " - 9-10

" 4 " - 6 -8

" 3 " - 3-5

ҮІІ. Үйге тапсырма: §11 - 19 Қайталау. 6-жаттығу (3,4)

© 2010-2022