Физика пәнінен сабақ жоспары (7класс)

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

Күні:

Сыныбы: 7

Пәні:физика

Сабақтың аты

§ 17.18 Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы жайлы мағлұмат беру

  • Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығын күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Топта бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

  • Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы жайлы мағлұмат алады

  • Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығын күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдануға үйренеді

  • Топта бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Дененің немесе дене бөлшектерінің уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы бұрынғы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады.

Физика пәнінен сабақ жоспары (7класс)

Қозғалмайды деп есептелетін және басқа денелердің қозғалысы соған салыстырылып қарастырылатын денені санақ денесі деп атайды.

Ал, онымен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгертетін дене қозғалыстағы дене деп аталады.


Кез келген механикалық қозғалыс салыстырмалы болып табылады.Санақ жүйесі деп санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтады.Физика пәнінен сабақ жоспары (7класс)

Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Жигсо»

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  1. Сәлемдесу

  2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

  3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)

  1. Заттар қандай күйде бола алады?

  2. Заттың қатты күйіне тән қасиет қандай?

  3. Заттың сұйық күйіне тән қандай қасиет?

  4. Заттың қатты күйіне тән қасиет?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

1. Механикалық қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?

2. Санақ денесі деген не?

3. Тыныштық салыстырмалы дегеніміз не?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу


2

Міндетін атқару


3

Топтық жұмысқа атсалысуы


Физика пәнінен сабақ жоспары (7класс)Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жұптық жұмыс (5 минут) Берілген суретті түсіндіру.

Физика пәнінен сабақ жоспары (7класс)


Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

V. сергіту сәті (3 минут) (видео)

VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (10 минут)

1

Білу

Санақ денесі дегеніміз не?

2

Түсіну

Санақ денесіне мысал келтір?

3

Қолдану

Планеталардың қозғалысын түсіндір?

4

Талдау

Алып планеталар мен Жер тобындағы планеталарды салыстыр?

5

Жинақтау

Жер планетасын сипаттап бер?

6

Бағалау

Адам баласы үшін планеталардың қозғалысы қаншалықты қажет?

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар

Эссе жазу

Кейінгі оқу

§ 17.18 Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы


© 2010-2022