• Преподавателю
  • Физика
  • Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп

Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп

Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:

§ 28. Денелердің электрленуі.Электр заряды. Электр зарядының

сақталу заңы.Электроскоп.

Білімділік мақсаты:

Зарядталған бөлшектердің өзара әрекеттесуі мен қозғалысын туындайтын құбылыстармен таныстыру.Алынған теориялық білімдерін бір жүйеге келтіріп, практикалық біліктіліктер дағдыларын қалыптастыру.Терең де тиянақты білім беру.

Техникалық шеберлік пен ұқыптылыққа баулу.

Оқушының көркемдік талғамын арттырып, өз ойларын сауатты

қорытындылай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, тірек сызбалар,

электронды оқулық, т.б..

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушыларды түгендеу. Топқа бөлу. Топтарға атау беру: «Үйкеліс», «Янтарь», «Электр»

ә) сабақтың мақсатын хабарлау. Оқушыларға бағалау парағын тарату

Дұрыс жауап, жақсы қатысқаны-1 ұпай

Толық емес -0,5 ұпай

Жауап жоқ немесе қатыспады-0 ұпай

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.

Әр топқа қарапайым құралдартаратылып беріледі және осы құралдар арқылы қандай құбылысты көрсете алатындықтарын бақылау.

Тапсырма-1. Оқушылар,алдарыңда тұрған құралдар арқылы қандай тәжірибе жасай аласыздар,бақылап көріп,өз ойларыңды ортаға салыңыздар. Уақыт: 1,5-2 мин.

1-топқа; Құрғақ шүберек пен айна. (шыны мен пластинка тозаңды және басқа ұсақ бөлшектерді өзіне тартады неліктен?)

2-топқа: ұсақ қағаздар, тарақ, қағаз. (тарақты алып құрғақ шашты тарағанда, содан кейін кішкене қағазды жақындатқанда нені байқадыңдар? (ұсақ қағаз қиындыларын өзіне тартатынын көресіңдер)

3-топқа: Эбонит таяқша, қағаз үгінділері,қағаз,жібек мата қиындысы.(Синтетикалық киімді шешкенде нені байқайсыңдар?шытырлаған дыбыс ести аласыңдар, ал қараңғы бөлмеде тіпті жарқылды да байқайсыңдар)

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

(Оқулықпен жұмыс)

1-топқа: &28,1-2-3 тақырыпша.

2-топқа: 4-5-6 тақырыпша

3-топқа: &29,

Әр топ өз беттерінше берілген тапсырманы игеріп,негізгісін анықтап ортаға салады.Постер құрып Топ алдында қорғайды.

Әр топқа талдау мен қорғауға -10 минут уақыт беріледі.

Негізгі түсініктер.

І. Бұл құбылыстар өте ертеден белгілі болған. Біздің заманымызға дейін 600-жылдары ертедегі гректер сары янтарьдың ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Яғни янтарьды теріге немесе жүнге үйкегенде оның әртүрлі денелерді өзіне тартанын байқаған. Сол кезде гректер сары янтарьды өндірген.

«Янтарь» - Жер бетінде әлденеше жүздеген мың жылдар бұрын өсіп-өрген қылқан жапытарқы ағаштардың қатып тасқа айналған шайыры. Грек тілінде «янтарь» -электрон дегенді білдіреді. Гректер осы шайырды «электрон», ал оған қатысты денелердің электрленуі деп атаған. Янтарь өзіне басқа денелерді тарту қабілетіне ие болғанда, оны электрленген күйде деп атайды. «Электрон» сөзінен «электр» деген сөзі шықты. Электрлену барысында пайда болатын күштерді электр күштері деп атаған.

Денелердің электрленуі.Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.Электроскоп.Денелердің электрленуі.Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.Электроскоп.

Денелер өзара электрленеді де, олардың арасында электр күштерінің тартылысы пайда болады. Бұл құбылыс үйкелу арқылы электрлену деп аталады.

Денелердің өзара электрлік әрекеттесу қабілетіне ие болуы -олардың электрленуі деп аталады.

Сонымен, электрленген таяқшадан екі шар да бірдей электр зарядына ие болады. Мұндай бірдей электр зарядтарын аттас зарядтар деп атайды.

Денелердің электрленуі.Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.Электроскоп.

Жүнге үйкелген эбонит таяқшада немесе янтарьда пайда болған зарядтар шартты түрде теріс (-), ал жібекке немесе теріге үйкелген шыны таяқшадағы зарядтар оң (+) деп аталған. (Оң заряд1 электронды оқулық)

Қоршаған ортаның денелерімен әрекеттеспейтін денелер жүйесін оқшауланған немесе тұйықталған деп атайды.

Бұл жүйедегі электрлену құбылысы электр зарядының сақталу заңына бағынады:

Тұйықталған жүйедегі денелердің электрленуінің барлық құбылыстарында электр зарядтарының қосындысы сақталады:

Денелердің электрленуі.Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.Электроскоп. q1 + q2 + … + qn = const

Осы заң бойынша, егер бір дене оң электр зарядына ие болса, онда екінші дене одан модулі бойынша өзара тең, бірақ теріс заряд алады

Электрленуді байқауға арналған ең ыңғайлы аспап электроскоп деп аталады.

- Дәптермен жұмыс

А) Тақтадағы сызбаларды сызу

ә) Оқулықтан анықтамалар жазу. (Назар аудар, есіңде сақта)

ІУ. Бекіту (Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі.)

Оқушыларға жеке жұмыс жасауға тапсырмалар беру.

Физика сұрақтары мен есептер жинағы 7-8 кл.

937. Жіңішке жібек жіпке бірдей екі шар ілінген. Бұл шарлардың бірі зарядталған, ал екінші зарядталмаған. Шарлардың қайсысы зарядталғанын анықтау үшін қыз бала саусағын әуелі бір шарға, содан кейін екіншініе тигізеді. Ол осы тәсілмен шарлардың қасйысы зарядталғанын анықтай ала ма? ( Жауабы: Иә. Зарядталған кішкене шар саусаққа тартылады)

944.

ЖДенелердің электрленуі.Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.Электроскоп.іпке ілінген кішкене тозағаш шарлары зарядталған. Шар таңбалары қандай?


945.

Денелердің электрленуі.Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.Электроскоп.Металл шар зарядталған. Жібек жіпке ілінген массалары бірдей шарлар зарядтарының таңбалары қандай?

№947.

Жіпке ілінген кішкентай шарлардың зарядтарын анықтаңдар.Денелердің электрленуі.Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.Электроскоп.

№959.

Төмендегі материалдардың қайсысы өткізгіштерге, қайсысы диэлектриктерге жатады: Күміс, қола, мыс корпусы, тұздың судағы ерітіндісі, көмір, шыны, болат, графит, пластмасс, құм, бетон, балауыз, алюминий, мыс, бензин, жібек, қант ерітіндісі, ауа, су.

IУ.Бекіту кезеңі. «Серпілген сауал» топтармен және «ыстық орындық»

УІ. Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау кезеңі.

Оқушылар «Кері байланыс» тақтасына ойларын білдіреді.

Оқушы._________________________

Тәжірибені талдауға қатысу

Топ атынан Тәжірибені баяндау

Тапсырманы топта талқылау

Постер құруға қатысу

Тапсырманы топ атынан баяндау

Жеке карточкамен жұмыс

Серпілген сауал

Ыстық орындық

Тест


Жалпы ұпай








Қорытынды баға:___________

Дұрыс жауап, жақсы қатысқаны-1 ұпай

Толық емес -0,5 ұпай

Жауап жоқ немесе қатыспады-0 ұпай

Ұпай бойынша бағалау

Ұпай саны

Баға

1

14-17 ұпай

«5»

2

11-13,5

«4»

3

7,5-10,5

«3»


© 2010-2022