Шығамын білім шыңына ойыны. (10 сынып)

Раздел Физика
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Шығамын білім шыңына

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін ғылыми тұрғыда қалыптастыру, сөйлеу шеберлігін, өзбеттерімен ізденуге, ақпараттық құралдарды пайдалану мақсатында таным белсендігін тереңдету. .

Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейін, дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Қоршаған ортаны қорғауға, топтасып жұмыс істеуге, бірінің ойын бірі тыңдай алатын, өзара қорытындыға келе алатын тұлғаларды тәрбиелеу.

Әдісі: «Шаттық шеңберін құру», «Сұрақты ұстап ал», «Кубизм», «Пазл» әдістерін қолдану

Барысы:

Әр топ алдын ала ала бөлініп қойылады.

1-ші топ:

Нұрқасымов Ильяс

Оразбаев Дамир

Сейілханова Әдемі

Набиденова Анель

Серикова Меруерт

2-ші топ

Боранбаев Дәулет

Маженов Нұрсұлтан

Ақбулатова Асемгуль

Әділхан Ақерке

Амантаева Айгерім

Топ бақылаушылары:

1-ші топ бақылаушысы: Саметова Ақбота

2-ші Топ бақылаушысы: Жолдасбек Ақбота


  1. «Шаттық шеңберін құру» - оқушылар бір-біріне тілек айтады.

«Сұрақты ұстап ал» әдісі бойынша әр топқа тақтада нөмірленген қағаздардың астында сұрақтар болады, сол сұрақтарға топ мүшелері жауап береді. Белгілі бір уақытқа.

Сұрақ. Қанды қабылдаушы адам (Ж: реципиент)

Сұрақ. Қан құрамындағы металл (Ж: темір)

Сұрақ. Зат мөлшерін табатын формула ( ν=m/M немесе ν=N/NA)

Сұрақ. Мидың орташа салмағы (1300-1400 г)

Сұрақ. Қан тоқтатуда қолданылатын ерітінді. (Ж: йод)

Сұрақ. Халықаралық жүйеде зат мөлшерінің өлшем бірлігі (Ж: моль)

Сұрақ. Төменгі бөлігі қарынмен жалғастыратын мүше (Ж: Өңеш)

Сұрақ. Миллионер атанған элемент ?

Сұрақ. Пластикалық хирургияда сынған сүйекті бекітуге қолданатын металл (Ж: титан)

Сұрақ. Жылу алмасу жүрмейтін процесс (адиабаталық)


  1. «Кубизм» әдісі. Бір кубиктің алты жағына химия, физика пәндерінен есептер беріледі, сол кубикті әр топ тастау арқылы есептерін шығарады. Шығарған есептерді топ бақылаушылары тексереді.

1-есеп. ФИЗИКА

Ыдыста 3 моль гелий бар. Ыдыстағы гелий атомдарының саны неге тең?

Жауабы: 18*1023

2- есеп. Химия.

3-есеп. Физика

Массасы 10 кг, мольдік массасы 40*10-3 кг/моль газдың 400 К температурадағы қысымы 250кПа. Газ тұрған ыдыстың көлемі қандай?

Жауабы: 3,324 м3

4-есеп. Химия.

5-есеп. Физика

Көлемі 0,01 м3 ыдыста 6*1010 газ молекуласы бар. Молекулалардың концентрациясы неге тең?

Жауабы: 6*1012м3

6-есеп. Химия

Сергіту сәті «Атомдар мен молекулалар» ойын әдісін қолданып, оқушыларды сергітіп аламыз

«Пазл» әдісі бойынша оқушыларға қағаз қиындылары беріледі, сол қиындылар арқылы бір тақырып беріледі. Сол тақырыпты ашады. /Постер қолдану/. Тақырып «Радиация»


5. Қорытынды.
Білмейтінін білем деп олжа қуар,
Кей біреудің әр пәннен білімі бар.
Жаратылыстану пәндерін ұға алмасаң
Шыға аларма білімнің шыңына олар
- деп бүгінгі қорытынды сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайық.

Осымен «Шығамын білім шыңына» атты ойынымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

© 2010-2022