«Күз-мереке, күз-береке» атты сайыс

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы білімдерін жеткізу,ой-өрістері мен танымдылық қасиеттерін дамыту,күз табиғатын сүюге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Мерекелік группаның іші әдемі реңге бөленіп,түрлі-түсті шарлар,жапырақтар,гүлдер іліну,күз табиғаттары суреттері,күзгі тағамдар бұрышын жасау. Кіріспе бөлімі: Қош келдіңіздер,қымбатты ұстаздар,құрметті ата-аналар,оқушылар. « Куз –мереке,куз береке» атты сайысты ашуға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі сайыста әр топтан кішкентай ғана балапан қыздарымыз « Куз аруы» жеңісіне жетеміз деп қатысқалы келіп отыр. Сайысымыздың жоспары мынадай,құлақ түрейік.
Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарағанды облысы

Осакаров ауданы

Шұңқыркөл №11орта мектебінің

Шағын орталық тәрбиешісі

Жунусова Сауле Оразовна


«Күз-мереке,күз-береке» аттысайыс

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы білімдерін жеткізу,ой-өрістері мен танымдылық қасиеттерін дамыту,күз табиғатын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Мерекелік группаның іші әдемі реңге бөленіп,түрлі-түсті шарлар,жапырақтар,гүлдер іліну,күз табиғаттары суреттері,күзгі тағамдар бұрышын жасау.

Кіріспе бөлімі: Қош келдіңіздер,қымбатты ұстаздар,құрметті ата-аналар,оқушылар. « Куз -мереке,куз береке» атты сайысты ашуға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі сайыста әр топтан кішкентай ғана балапан қыздарымыз « Куз аруы» жеңісіне жетеміз деп қатысқалы келіп отыр. Сайысымыздың жоспары мынадай,құлақ түрейік.

  1. Өзін-өзі таныстыру

  2. Уақыт бойынша « Күз кұрметі» тақырыбына сурет салу,жеміс-жидек салу.

  3. Әр бала өз өнерін көрсету

  4. Көздерін байлап жапырақ жинатамыз.

  5. Қол өнер (уй тапсырмасы)

  6. Ептілік өнері (қасықпен су тасу)

  7. Көрермендер көз айымы,әр ата-ана ұпай қосылу үшін қызына күз тағамын ұсынады,әділ -қазылар үстеліне.

Тәрбиеші:1. Ендігі осы мерекеге арнап өзінің ақ тілегін айтуға сөз кезегін мектеп басшысы Сағынай Ақыжанұлына береміз.

2. Ендігі кезек,әділ бағасын беретін қазылар алқасын сайлайық.

Уа халайық,халайық мұңда назар салайық. Мерекесі тобымыздың алтын күзге арналған,кешімізді бастайық.

Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

Қуаныш пен шаттықбірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

Жиналыппыз бүгін міне бәрімізде,

Үлкен-кіші кәрімізде.

Төрлетеді сайыстың мүшелері,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.

Бүгінгі кеште көңіл шіркін тасиды,

Кешімізге ән шашуы шашылды.

Бүгінгі сайыс арулардың сауығы саналар,

Қыздарымыздың есімі әулеттерге таралар.

Шақырайық ортаға,өнерпазды қол соға,

Мың бұралып билесін балапанымыз ортада демекші әнші қайсы,биші кім екен ортаға шығатын?

Көрермендер көз айымы.

Татыңыз күз тағамының дәмі қандай,

Барша жұрт көзбен көріп қызыққандай.

Күзгі тағам дайындап әкеліпті,

Ұпай қосуға сайыскер қыздарын-ай демекші әділ-қазылар күз тағамына әділ бағасын берер.

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгілде біраз жерге таяп қалды.

Баға беріп қатысқан сапйыскерге,

Қуантайық тілек тілеп әділ-қазы.

Бата: Үлкендеріміз батасын береді екен,

Бата деген ақ тілек керек екен.

Жақсы дәстүр,жақсы сөз ізгі тілек,

Ұрпақтарға жалғасып келеді екен.

Олай болса, әділ-қазылар арулардың ұпай санын есептеп «Күз аруы» атағына ие болған аруымызды атап көрсе және үлкендерден бата тілеп,кешімізді аяқтасақ.



© 2010-2022