Оқытуда компьютерлік технологияны қолдану

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқытуда компьютерлік технологияны қолдану.

Сармантаева Айсулу.

М.Горький атындағы №16

мектептің физика пәнінің мұғалімі.

Білім беру жүйесінің мақсаттарының бірі - әрбір адамға оның қабілетін , қызығушылығын және қажеттілігін ескере отырып еркін , ашық түрде білім алуына мүмкіндік беру.

Бұл мәселені мемлекет мектеп жүйесі , орта , жоғары оқу орындарында және білімді арттыру жүйесі арқылы шешеді.

Білім берудің бір формасы ретінде қашықтықтан білім беру ғылым - техникалық ақпа- раттандырудың бір бағытымен дамытылуда.

Дүние жүзінде дамып келе жатқан қашықтықтан білім беру тәжірибесінде мынадай үш негізгі технологияларды атап өтуге болады.

  • кейстік технология - қағаз , электрондық және білім алушылардың өзіндік білім алуға жіберілетін мультимедиялық оқу - әдістемелік материалдардың жинақтауларын толымдауға негізделген технология.

  • ТВ - технологиялар - білім алушыларға оқу - әдістемелік материалдарды жеткізу.

  • желілік технология - оқу - әдістемелік материалдармен қамтамасыз ететін білім алушылардың оқытушымен және бір-бірімен интерактивтік өзара әрекеттесу ныса -нын, сондай-ақ интернет желісін пайдалану негізінде оқу процесін әкімшілік етуді қам- титын технология.

Бүгінгі таңдағы Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуге мүмкіндігі осы салада халықаралық әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан озық деп танылған оқыту модельдерін өз мүмкіндігімізге сай үйлестіре қолдану үшін заман талабына лайық отандық білім беру стратегиясы мен тактикасын жаңалаудың қажеттілігін арттырып отыр.

Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру страгиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі » деп атап көрсетті.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту , дара тұланы бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып , оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігін жоғарлатуды көздейді.

Ақпараттандыру жұмысы тек қана компьютерлік техникамен жабдықтаумен ғана шек -телмей ,облыс мектептері интернет желісімен қосылып , жұмыс жасауда.

2007 жылдан бастап интерактивті оқытудың Президенттік бастамасы бойынша көпте -ген мкетептер интерактивті тақталар , зертханалық web - камералар және басқа да

Интерактивтік құрылғылармен жабдықталды.

Интерактивті тақталар - мультимедиалық материалдармен үлкен экран арқылы жұмыс істей отырып , компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін кеңейте түседі.

Қазіргі заман талабына сай оқу пәндерінің барлық бағыттары бойынша әлектрон дық оқулықтар құрылуда . Электрондық оқулық - оқушыға жеткізілетін оқу және зерттеу материалдарын ақпараттық технологиялар арқылы ұсынуды қамтамасыз ететін тасымалдағыштағы программалық жабдық немесе қосымша ғылыми - педагогикалық құрал.

Осы бағытта өзімде «Өзіндік жұмыс» тақырыбында электрондық оқулық дайындап , сабақтарда пайдаланып жүрмін.


  1. жылдық білім беруде барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа , ол « жыл -дам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті , өзіндік дамуға даяр , өзін таныта алатын және өзі үшін де , қоғам үшінде бар мүмкіндігін пайдаланатын жоары білімді шығар- машыл , құзыретті тұлға қалыптастыруда және дамытуды » алдын ала болжайды.

Әр мұғалім өзінің тәжірибесінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөле отырып , мынадай мақсаттар қоюына болады:

  • жаңа ақпараттық технология арқылы білім сапасын арттыру;

  • қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін , ақпараттық қоғамға тәрбиелеу.

Оқу процесінде компьютерлік технологияны қолдану ойды кеңейтуді іске асырып жаңа әдістің пайда болуына , оның ұйымдастыру түріне әкеледі.

Оқытуда компьютерлік технологияны қолдану адамның қабілетін кеңейтуге жол ашады. Оны қолдану оқудың мақсаты мен мазмұнын өзгертеді. Оқудың жаңа әдісі мен ұйымдастыру түрі пайда болды. Қаіргі кезде оқушыларға білім беру , әр мұғалімнің білікті білімі, әдіс - тәсілі және оқытудың жаңа технологиясын, әдістемелік жаңалықтар- ға құмарлығын талап етеді. Оқу материалдарын түсіндіру барысында әр түрі әдіс- тәсілдерді қолдануға болады.

Ақпараттық технологияны пайдалану енді - енді қалыптасып келеді. Ақпараттық технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай , шыармашылықпен жұмыс істеуге жетелеуге де болады.

Нәтежесінде оқушы:

  • компьютерде еркін жұмыс жасайды;

  • компьютерлік желілермен байланыс жасайды;

  • ақпаратарды алады , өңдейді , сақтайды;

  • интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;

  • электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады;

  • өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;

  • ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады;

Информатика пәніне жақын пән математика болғандықтан бірнеше жыл қатарынан бірігіп өзіміз оқытатын сыныптарда интеграциялық сабақтар жүргізудеміз. Назарларыңызға ұсынылып отырған ашық сабақтың мақсаты - оқушыларға компьютерлік желілермен жұмыс жасау ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруге көмек көрсету және басұа пәндерді оқығанда тиімді қолдана алуға үйрету. Осындай мақсатты ұстана отырып 9- сы -ныпта геометрия пәнінен « Центрлік және осьтік симметрия » тақырыбы бойынша прак- тикалық жұмысты информатика сабағымен біріктіріп өткізген ашық сабағымызды ұсынамыз.

Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен , ақпараттық ортаны қалыптастырумен , сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.

Ақпараттық технология ХХI ғасыр талаптарына сай білгір ,уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Бұзаубақова К. Ж. Жаңа педагогикалық технология. Тараз. ТарМУ .20003ж.

2. Қараев.Ж. , Абықанов Б. Танымдық белсенділік деңгейлері. ҚМ .?. 2004ж.

3. Компьютерная технология обучения: Словарь - справочник. Под. Редакцией В. Ю. Гриценко ,А. М. Довгялло. « Наука думка » 1992.

4. Погорелов А. В. Геометрия 7-11 сынып.


© 2010-2022