«Тербелістер мен толқындар » тарауын қайталау 9 сынып

Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Тербелістер мен толқындар » тарауын қайталау 9 сынып«Тербелістер мен толқындар » тарауын қайталау 9 сынып«Тербелістер мен толқындар » тарауын қайталау 9 сыныпҚостанай облысы Аманкелді аудааны Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің физика пән мұғалімі Жанбосынова Гулнар Қойшықызы 9 cынып
Сабақтың тақырыбы: «Тербелістер мен толқындар » тарауын қайталау.
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылардың тербелістер мен толқындар тарауы бойынша алған білімдерін байқау, тексеру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өздігінен ойланып, жұмыс істеу қабілетін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, физикалық есептерді шығара білуге дағдыландыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сабақ үстінде ұқыптылыққа, өзін - өзі бағалай білуге, өздеріне деген сенімділікке, уақыттарын дұрыс қолдана білуге үйрету.
Сабақтын түрі: оқушылардың тарау бойынша білімдерін тексеру, бағалау.
Сабақ әдісі: сыни тұрғыдан ойлау , топпен жұмыс , жұппен жұмыс , жеке жұмыс
Көрнекілік: слайд, карточкалар, приборлар,суреттер, құрал-жабдықтар, екі топта ноутбук.

Сабақтын барысы:
Ұйымдастыру;
І кезеңі .Оқушылармен амандасып , сыныпты екі топқа бөліп , атау беру.

1 топ «Тербеліс»

ІІ топ «Толқын»


ІІ кезеңі .

«Білім минуты»сұрақ-жауап сайысы.

1.Тербеліс қалай сипатталады?

2.Томсон формуласы?

3.Электромагниттік тербелістер дегеніміз не?

4.Еркін тербелісті қалай түсіндіруге болады?

5.Еріксіз тербеліс дегеніміз не?

6.Музыкалық дыбыстардегеніміз не?

7.Дыбыстың қаттылығы қалай анықталады?

8.Тембр дегеніміз не?

9.Жаңғырық ....

10.Электрмагниттік толқын қалай тарай алады?

11.Бірінші рет радиобайланыс қай жылы жасалды?

12.Радиолакция не үшін қажет ...

ІІІ кезең.

Формулалар әлемі . Сәйкестендіру кестесі арқылы формуланың дұрыс жауабын табады.
1. Тербеліс периоды 1. Т=t/n
2. Тербеліс жиілігі 2. ν=n/t
3. Математикалық маятниктін тербелісі 3. T=2*π√m/k
4. Серіппелі маятниктін тербелісі 4. T=2*π√l/g
5. Электромагниттік тербелісінің периоды 5. T=2*π√LC
6. Толқын ұзындығы 6. λ=υ*T
7. Толқын жылдамдығы 7. υ=λ / T= λ*ν
8. Электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы 8. υ=c/n
9. Электромагниттік толқынның вакуммдағы толқын ұзындығы 9. λ=c*T=c/ν
10. Дауыстын қашықтықтығы 10. S=υ*t/2

IV кезең. Топпен жұмыс.

1-топ « Тербеліс» тобына тапсырма. 2-топ «Толқын» тобына тапсырма.

Тербеліс қалай пайда болады? Толқынның пайда болуын қалай

Бейне ролик көрсетіледі. түсіндіруге болады?

Бейне ролик көрсетіледі.

«Тербелістер мен толқындар » тарауын қайталау 9 сынып«Тербелістер мен толқындар » тарауын қайталау 9 сынып

Оқушылар жұмысты тәжірибе , слайд арқылы көрсетеді.

V кезең . «Есептей білгеннің есесі түгел»
Есептер шығару:
Оқушылар тақтадан жасырулы тұрған есептерді , номерді таңдау арқылы есептерді шығарады.
1.Маятникті жерден айға апарса , оның тербелістер периоды қалай өзгереді. Ай массасы жерден 81 есе кем , ал жер радиусы айдікінен 3,7 есе үлкен .

2.Маятниктің бірі 10 тербеліс жасайды. Екіншісі дәл сондай уақытта 6 тербеліс жасайды. Маятниктердің ұзындықтарының айырмасы 16 см. Маятниктердің l 1 және l2 ұзындықтарын табыңдар.

3.Математикалық маятниктің h= 3,2 км биіктіктегі тербеліс периоды , жер бетіндегі тербеліс периодына тең болу үшін ұзындығын қалай өзгерту керек.

4.Амплитудасы 8 см -ге тең , 1 мин уақыт ішінде 60 тербеліс жасайтын гармоникалық тербелістің теңдеуін жазыңдар?

5.Тербелістің амплитудасы 2 см .Егер нүкте х=xmcoswt заңымен тербеліс жасайтын болса , ауытқу 1 см -ге тең болу үшін тербеліс басынан есептегенде қанша уақыт керек болады?

VІ -кезең. Логикалық сұрақтар. ( сергіту сәті)

1.Ақ жарық неге әртүрлі түстерге жіктеліп кетеді?

Жауабы: Жарықтың түсі толқынның ұзындығына байланысты. Толқынның ең жоғарғы ұзындығы 770 нанометрді құрайды.

2.Біз барлық дыбыстарды ести аламыз ба?

Жауабы: Жоқ, біздің құлағымыз 20-дан 20000 Гц-ке дейінгі диапазондағы діріл жылдамдығымен болатын дыбыстарды ғана қабылдайды.

VІІ -кезең
Венн диаграммасы.
Тербеліс Ортақ қасиет Толқын

VІІІ -кезеңі .Сабақты қорытындылау. Тест алу.

ІХ -кезең. Бағалау. Бүгінгі сабақтың критерийі

(өзін-өзі бағалау)

Нені меңгеруім керек?

Нені меңгердім?

1




Қорытынды баға




Оқушының аты-жөні: Сыныбы:

Топ жұмысын бағалау парағы

(өзін-өзі бағалау)

Күні: _________Мектеп: _________Сынып: ______Топ аты: __________________

Оқушының аты-жөні

Жұмыс кезеңдері

Қорытынды баға

Өткен сабақты қорытындылау кезеңіндегі оқушының белсенділігі.

Сабақ барысында өз ойларын тұжырымдауы

Қосымша тапсырмалар

1




Үйге тапсырма:

2016 жылғы тесттік кітапшадан тербеліс және толқын тарауына берілген есептерді шығарып келу.









© 2010-2022