Қоғамдық гуманитарлық бағыттағы 10 сыныпқа арналған бақылау жұмысы материалдары

Раздел Физика
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Физика 10-сынып ҚГБ

№1 бақылау жұмысы. «Механика»

1 - нұсқа

1. Ұзындығы 240 м поезд бірқалыпты қозғала отырып, көпірден 2 минутта өтеді. Егер көпірдің ұзындығы 360 м болса, поездың жылдамдығы қандай?

2. Массасы 5 кг дене қайсыбір күштің әсерінен 1 м/с2 үдеу алады. Осы күш массасы 10 кг денеге қандай үдеу береді?

3. Горизонталь жолмен 1,5 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы

2*104 кг вагонға тіркеледі. Тіркескеннен кейін вагондар қандай жылдамдықпен қозғалады?

4. Неліктен бөлмедегі денелер бір-біріне тартылуына қарамастан бір-біріне жақындамайды?

Физика 10-сынып ҚГБ

№1 бақылау жұмысы. «Механика»

2 - нұсқа

1. Екі поезд 36 км/сағ және 54 км/сағ жылдамдықпен параллель жолдармен бір-біріне қарама-қарсы қозғалып келеді. Поездардың ұзындықтары 120 м және 150 м. Поездардың бір-бірінің жанынан қанша уақытта өтетінін анықтаңдар. Есепті қай санақ жүйесінде қарастырып отырсыңдар?

2. 150 Н күштің әсерінен күш әрекеті бағытында дене координаталары

Х ꞊ 100 + 5t + 0,5t2 заңы бойынша өзгеретіндей түрде қозғалады. Дененің массасы неге тең?

3. Горизонталь бет бойымен 3 м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келе жатқан массасы 100 кг арбашаға массасы 50 кг жүк вертикаль құлайды. Егер жүк арбадан сырғанап түспейтін болса, ол қандай жылдамдықпен қозғалатын болады?

4. Егер арақашықтығын екі есе азайтса, онда екі дененің өзара тартылыс күші қалай өзгереді?

Физика 10-сынып ҚГБ

№2 бақылау жұмысы. «Молекулалық физика»

1 - нұсқа

1. Қысымы 105 Па, температурасы 290 К ауа молекулаларының концентрациясын анықтаңдар. Ауаны идеал газ деп санаңдар.

2. 320 К температурада алынған идеал газды изохоралық түрде қыздырғанда қысымы 1,4*105 Па-дан 2,1*105 Па - ға дейін артады, газ температурасы қалай өзгереді?

3. Массасы 960 г О2 оттекті 80 К-ге суытқанда, оның ішкі энергиясы қалай өзгереді?

4. Терең суда өмір сүретін балықты судан шығарғанда неліктен оның денесі қампиып кетеді?







Физика 10-сынып ҚГБ

№2 бақылау жұмысы. «Молекулалық физика»

2 - нұсқа

1. Егер азоттың молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы 500 м/с және тығыздығы 1,35 кг/м3 болса, онда оның қысымы қандай?

2. 1 кг азоттың 270С температурадағы ішкі энергиясын анықтаңдар?

3. Қыздырғышының температурасы 1200 К, ал тоңазытқышының температурасы 900 К жылу машинасының максимал ПӘК-ін табыңдар.

4. Майланған қағазға неге сиямен жаза алмаймыз?



© 2010-2022