МИФ мейрамханасы, білім достар ортасы

(Физикадан тәжірибелер. Көрсетіп, түсіндіру керек). «Құпия жәжік» ішінде физикалық құралдар жасырылған. Даяршылар жасырын қағаздағы нөмерді суырады. Сол нөмерге байланысты «Құпия жәшік» ішіндегі тәжрибені түсіндіру керек. 1.Денелердің электленуі. (эбонит, шыны таяқша, тері, жібек мата)  /Дене электр зарядына ие болу үшін теріс зарядтың белгілі бір бөлігін онымен байланысқан оң зарядтардан бөліп алу  - электрлеу деп аталады/ 2.Магнит өрісінің күш сызықтары. /Өрістің кез келген нүктесіне жүргізілген жанама осы нүктедегі магнит күшінің  (магнит индукция векторының) бағытымен сәйкес келетін көрнекі сызықтарды айтады/ 3.Атмосфералық қысым. /Стаканды төңкергенде үстіңгі жағындағы бос кеңістіктегі қысымнан қағазды стаканға қысып ұстап тұрған атмосфералық қысым артық/ 4.Камертон. /Дыбыстың қаттылығы нег байланысты болатынын анықтау үшін камертон пайдаланамыз. Камертонның немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады/
Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: МИФ мейрамханасы, білім достар ортасы

Мақсаты: 1) Оқушылардың білімдерін жүйелеу.

2) Оқушылардың ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін, білім бағдыларын

дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру.

3) Еңбекке, өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа ұқыптылыққа және

дәлдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық

есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: топтық сайыс сағаты

Мұғалім: Уа, халайық, халайық

Бәріне жар салайық

Бүгінгі ойын төрінде

Есеп шешіп жырысып

Жұмбақ шешіп аңдысып

Шабыт тасып шалқысып

Көңілді ойын жасайық

Жоспары:

а) Кештің шартымен таныстыру.

1 - тур Топтың өзін таныстыру, амандасу рәсімі

2 - тур Даяршылар мейрамхананың бүгінгі күннің ас мәзірін қонақтарға ұсынады.

Бүгінгі ас мәзірі.

  1. Дәмді теңдеулер.

  2. Жұмбақтармен әшекейленген қуырдақ.

  3. Палауға қосылған есептер.

4.Тәжірибемен әзірленген винегрет салаты.

5. Ғалымдар үлес қосқан қияр салаты. (МИФ ғалымдары).

1-үстел

2-үстел

3-үстел

4-үстел

2. Жұмбақтармен әшекейленген қуырдақ.

1) Жердің жүзін шарлайсың

Онсыз еш жерге бармайсың

Көлікпен де, жаяу да

Саралайсың, таңдайсың.

(Жол)

2) Көп болса алыстайсың

мезетпен қашықтайсың

Асықсаң аз болады

Табасың мұны қайсысың?

(Уақыт)

3) Жылдамдықты өзгертеді

Қозғалысты тездетеді

Қарсы шықса қозғалысқа

Тоқтарына көз жетеді.

(үдеу)

4) Сипаттайды жұмысты

Тындырады көп істі

Ол көп болса ширақсың

Кімдер әлсіз, кім күшті?

(Қуат)

5) Көтерілсе жоғары

Ерітеді мұхит

Төмен түссе шамала

Сездірер суық ызғарын

(Температура)

6) Жәй уақыттын " артық "

Өзгеріске орнатады тәртіп,

Процесстің толық бір

Қайталануына кететін уақыт

(Период)

7) Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл.

(Масса)

8)Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады?

(дәреже)

Мұғалім:

Ойын толқын айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда жат дауыста

Біреу озып келеді қатарынан

Біреу қалып жатады асығыста

3.Палауға қосылған есептер. (Физикалық есептер).


4. Тәжірибемен әзірленген винегрет салаты.

(Физикадан тәжірибелер. Көрсетіп, түсіндіру керек). «Құпия жәжік» ішінде физикалық құралдар жасырылған. Даяршылар жасырын қағаздағы нөмерді суырады. Сол нөмерге байланысты «Құпия жәшік» ішіндегі тәжрибені түсіндіру керек.

1.Денелердің электленуі. (эбонит, шыны таяқша, тері, жібек мата)

/Дене электр зарядына ие болу үшін теріс зарядтың белгілі бір бөлігін онымен байланысқан оң зарядтардан бөліп алу - электрлеу деп аталады/

2.Магнит өрісінің күш сызықтары. /Өрістің кез келген нүктесіне жүргізілген жанама осы нүктедегі магнит күшінің (магнит индукция векторының) бағытымен сәйкес келетін көрнекі сызықтарды айтады/

3.Атмосфералық қысым. /Стаканды төңкергенде үстіңгі жағындағы бос кеңістіктегі қысымнан қағазды стаканға қысып ұстап тұрған атмосфералық қысым артық/

4.Камертон. /Дыбыстың қаттылығы нег байланысты болатынын анықтау үшін камертон пайдаланамыз. Камертонның немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады/

Мұғалім:

Ойын толқын жатқандай асып тасып

Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Бұл ойынан өтеді ғұлама ойлар

Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып

5. Ғалымдар үлес қосқан қияр салаты. (МИФ ғалымдары).

Физика. 1775 жылы 20 қаңтарда Лион маңындағы Полимьеде дүниеге келген. Электромагнетизм саласында бiрнеше жаңалық ашқан, Француз ғалымы. Электр және магнетизм саласы бойынша өте маңызды мақалаласы 1827 жылы жарық көрген "Электродинамика құбылыстарының математикалық теориясы туралы мемуар" - болып табылады. /Андре Мари Ампер/

Физика. Ағылшын физигi, дәрiгер және астроном, жарықтың толқындық теориясының негiзiн салушысының бiрi. Лондондың корольдiк ұйымның мүшесi (1794), 1802-29 оның хатшысы. /Юнг Янг Томсон/

Физика. 1821 жылы ол магниттiң токтағы өткiзгiш бойымен айналатынын және токтағы өткiзгiштiң магнит бойымен айналатынын бақылап, электр қозғағыштың алғашқы моделiн жасады. 1831 жылы барлық тұрақты және айнымалы ток генераторларының жұмысы негiзделген - электромагниттiк индукцияны ашты. /Майкл Фарадей/

Физика. 1811 жылы жай газдардың молекуласы бiр немесе бiрнеше атомдардан тұрады деген жорамалды айтты. Осы жорамал негiзiнде Амедео негiзгi идеал газ заңдарының бiрiнiң айтылуын (өрнектелуiн), атомдық және молекулалық массаны анықтау әдiсiн анықтады. /Авогадро Амедео/

6. Біздің дастарханнан сіздерге дәм.

Айналайын алға ұмтылған дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар,

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.

1.Барлық әлемді ұстап тұрған басты үш алып. /зат, энергия, ақпарат/

7. Ғажайып десерт. (Қызықты сұрақтар).

1. Аспан неге көк? /Атмосфера көк түсті көп жұтады/

2. Әлемдегі ең бай адам кім? /Билл Гейтс/

3. Тақтада көрсетілген 81 санына 63-ті алып, ал 86 санына 12-ні қосу керек. Сонда біріндегі азайтқыш пен екіншісіндегі қосындыны қағаз бетіне жазбастан қалай көрсетуге болады? /қағазды төңкереміз/

ІІ.Кешті өткізуге бағыттама және оның мақсаты (ойының түрі, ережесі т.б. хабарландыру).

б) Кешке 7-10 сынып оқушылары қатысады.

1-үстел (қонақтар саны 5)

2-үстел (қонақтар саны 5)

3-үстел (қонақтар саны 5)

4-үстел (қонақтар саны 5)

Кештің барысында:

1.Толық жауапқа 5 ұпай

2.Толық емес жауапқа 3 ұпай

3.Қате жауапқа 0 ұпай

Мұғалім:

Біреуінің жүрегінің түгі бар

Біреуінің қоғамдық арқалап жүрген жүгі бар

Біреуінің күмбірлеген күйі бар

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.

(Бүгінгі кештің қонақтарын ортаға шақырамыз. Даряшылар қонақтардың сыртқы киімдерін шешіп, орындарына отырғызады)

Мұғалім:

Армысыздар,қымбатты төрешілер,

Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.

Таразының екі басын тең қойып,

Сіздерде әділ баға берерсіздер-

дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысып өтейік:

Кезек, келіп, өжеттеніп, сөз аппын,

Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн!

Тегіміз бір-батырақ та, байда емес,

Емеспіз бе, азаматы қазақтың!-демекші

1-тур Командалардың сәлемдесу рәсімі.

Мұнда әрбір команда өздерін таныстырып, әділ қазыларға, көрермендерге және қарсыластарына сәлем береді.Ал енді сөз кезегін ойыншыларымызғаберейік.

Міне, біз ойыншыларымызбен таныстық.Осы сәлемдесу рәсімінің бағасын

Ең жоғарғы ұпай - 5.

1 - жүргізуші:

Бұл адамдар ардақтаған халықты,

Физикада даңқы шыққан алыптар.

Қара, ойлан зерек болсаң балақай,

Алыптарды әрқашанда танып қал.

2 - ші сайысымыз.Ал, енді біздің ойнымыздың II - бөлімі

« Танымдылық » деп аталады.

Ойын шарты: Ғалымдардың суретіне қарап, олард тану,олардың есімін атау және қандай жаңалық ашқанын айту.

1 - сұрақтар тобы

1.Энергияның дененің көбірек қозған бөлігінен азырақ қозған бөлігіне қарай таралуы. - Жылу өткізгіштік

2.Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы - Қатаю, кристалдану.

3.Тұтас алғанда бүкіл атом заряды-Бейтарап

4.Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал-Амперметер

5.Ток тудыратын электр өрісін сипаттайтын шама.-Кернеу.

6.Қуат бірлігі-Ватт (Вт)

7.Бойымен жарық таралатын сызық-Сәуле

8.Сандық мәнімен, бағытымен сипатталатын физикалық шамаларды басқаша қандай шамалар деп атайды?-Векторлық

9.Материяның ажырамас қасиеті?-Қозғалыс

10.ХБЖ жылдамдық бірлігі-(м/с)

11.Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық векторлық шама - Үдеу

12. Еркін түсу үдеу неге тең ?- 9,8м/с2

13.Период қандай әріппен белгіленеді ? - Т

14.Бұрыштық жылдамдықтың бірлігі ? - (рад/с)

15.Сызықтық жылдамдық пен бұрыштық жылдамдық арасындағы қандай байланыс бар - МИФ мейрамханасы, білім достар ортасы

16.Цетрге тартқыш үдеу қалай бағытталған ? - Центрге қарай

17.МИФ мейрамханасы, білім достар ортасыненің графигі ? - Парабола

18.Материалық нүктенің айналу центрінің маңында 1 с. ішінде жасайтын айналым саны - Жиілік

19. Жылдамдық қандай әріппен белгіленеді ? - МИФ мейрамханасы, білім достар ортасы

20.Жол қандай шама ? - Скаляр

2 - сұрақтар тобы

1.Жұмыс істемей - ақ дененің ішкі энергиясының өзгеру процесі - Жылу берілу

2.Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы - Балқу

3.Дененің электрленгенің анықтауға арналған прибор - Электроскоп

4.Атомдағы теріс зарядталған бөлшек - Электрон

5.Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы - Электр тогы

6.Кернеу бірлігі - Вольт (В)

7.Тоқ күші кернеуге тура кедергіге тура пропорционал.Бұл кімнің заңы ?- Ом заңы

8.Қарастырылып отырғын жағдайда өлшемі мен пішінің ескермеуге болатын дене ?- Материалық нүкте

9.Векторлардың проекциялары қандай шамалар болады ?-Скаляр

10.Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді ?-Спидометр

11.ХБЖ үдеудің бірлігі ?- (м/с2)

12.Еркін түсу үдеуі қандай әріппен белгіленеді ? - МИФ мейрамханасы, білім достар ортасыg

13.Нүктенің шеңбер бойымен 1 айналым жасауға кеткен уақыты ?-Период

14.Шеңбердің 2 радиусының арасындағы центрлік бұрыш - Радиан

15.Орын ауыстыру қандай шама ? -Векторлық

16.Уақыт қандай әріппен белгіленеді ? - t

17.Шеңбер бойымен қозғалған дененің бұрыштық жылдамдығы қалай бағытталады? - Шеңбердің бір нүктесінен жүргізілген жанама бойымен бағытталады.

18.Уақыт қандай прибормен өлшенеді ? - Сағат

19.МИФ мейрамханасы, білім достар ортасы қандай қозғалыстың теңдеуі ?- Бір қалыпты үдемелі

20.Өте аз орын ауыстырудың осы орын ауыстыруға кеткен өте өз уақытқа қатынасы не болып табылады - Лездік жылдамдық

3- сұрақтар тобы

1.Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы - Жылу мөлшері

2.Сұйықтың бетінде болатын булану құбылысы - Кебу

3.Электр зарядының бірлігі - Кулон (Кл)

4.Ядродағы бейтарап бөлшек - Нейтрон

5.Кернеуді өлшейтін прибор - Вольтметр

6.Тоғы бар өткізгіштен бөлініп шығатын жылудың мөлшері тоқ күшінің квадраты, өткізгіштің кедергісі және уақыттың көбейтіндісіне тең - Джоуль-Ленц заңы

7.Ішінде темір өзегі бар катушка - Электромагнит

8.Қозғалыс траекториясының бойымен дененің жүріп өткен арақашықтығын не дейді ? - Жол

9.ХБЖ уақыттың бірлігі - (с)

10.Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытың сипаттайтың физикалық векторлық шама - Жылдамдық

11.Жиілік қандай әріппен белгіленеді? -МИФ мейрамханасы, білім достар ортасы

12.Дененің орнын қандай үш тәсілмен анықтайды ?- Векторлық, координатолық және траекториялық

13.Период пен жиілік бір- біріне қандай шамалар? - Кері

14. Үдеу қандай әріппен белгіленеді? - а

15.Физикалық шамаларды өлшеудің қандай түрін білесің -Тікелей және жанама өлшеулер

16.ХБЖ бұрыштық ығысу немен өлшенеді ? -Радиан

17.МИФ мейрамханасы, білім достар ортасы әрпімен қандай шама белгіленеді ?- Бұрыштық жылдамдық

18.Центрге тартқыш үдеуді басқаша қалай атайды? - Нормаль үдеу

19.Акселерометрмен қандай шама өлшенеді?-Үдеу

20.МИФ мейрамханасы, білім достар ортасықандай қозғалыстың теңдеуі?-Бір қалыпты кемімелі.

5-тур «Кім жылдам?»

Конверттегі берілген сөздердерден әр команда жарыса физикалық мағынасы бар мақал құрастырады.

1 - жүргізуші: Олар жайлы төреші,

Көрермендер өздерің.

Ақ - қарасын айырып,

Куә болды көздерің. -деп әділ қазылар алқасына сөз беріледі.

2 - жүргізуші: Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендерге көп рахмет.

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахымет, мың рахымет!

1 - жүргізуші: Осмен біздің кештігіміз аяқталды. Келесі кезіккенше сау болыңыздар!

2 тур. Көмекке келетін жұмбақ

Шарты: 1 көмек 5 ұпай 2 көмек 3 ұпай 3 көмек 2 ұпай

4 көмек 1 ұпай

1 Ғалым туралы .....

аМИФ мейрамханасы, білім достар ортасы) Зарядталған денелердің өзара әсерін тексерген 5 ұпай

б) 2 ұпай

г) Француз физигі ,электростатиканың негізгі заңын ашқан ғалым (Шарль Огюстен Кулон)

1 ұпай

2 Жанды нәрсе туралы.....

а) Көзі қырағы,жанған жарықта алыстан көреді 5 ұпай

б) Жүрегіңнің қуаты 2.2 Вт 3 ұпай

в) Ғұмырында 40 тонна тамақ жейді 2 ұпай

г) жердегі ең ақылды кім? ( адам) 1 ұпай

3 Зат не?

а) Адам организмнің 65 процент 5 ұпай

б) Заттың үш күйінің біреу 3 ұпай

в) Үш күйде де бола алады 2 ұпай

г) Жерде онсыз өмір жоқ 1 ұпай

Қорапта бір физикалық дене бар?

а) Ғылымда, физикада зерттеу жұмыстары үшін қолданылады 5 ұпай

б) Беттік ауданы ең аз геометриялық фигура 3 ұпай

в) Спортшы осы денемен дос 2 ұпай

г) Шар тәріздес ( доп) 1ұпай

3-тур Физикалық тілде сөйлейік 1 ұпай

Қай тілде,сөз мағынасын ашу

  • Метр грек сөзі « өлшеймін»

  • Диффузия латын сөзі «жайылу, таралу»

  • Электр грек сөзі « электрон,эбонит»

  • Гелиос грек сөзі « күн деген мағынаны білдіреді»

  • Конвекция латын сөзі « тасымалдау»

  • Электроскоп грек сөзі « электрді бақылау»

  • Гипотеза грек сөзі «болжам»

  • Кило грек сөзі « 1000 есе»


© 2010-2022