Физика пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары (7 класс)

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

Күні:

Сыныбы: 7

Пәні:физика

Сабақтың аты

§24 Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар жайлы мағлұмат беру

  • Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстарды күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Бірін-бірі бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

  • Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар жайлы мағлұмат алады

  • Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстарды күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдануға үйренеді

  • Бірін-бірі бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Дененің уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бір қалыпты қозғалыс деп аталады.

ДФизика пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары (7 класс)ене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.

Физика пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары (7 класс)

Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Жұптық жұмыс

Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  1. Сәлемдесу

  2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

  3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)

  1. Орын ауыстыру деп нені айтады?

  2. Жүрілген жол дегеніміз не?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Бір қалыпты және қалыпсыз қозғалыс жайында не білеміз?

  2. Қозғалыс түрлеріне қандай мысал келтіруге болады?

ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу


2

Міндетін атқару


3

Топтық жұмысқа атсалысуы


Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жұптық жұмыс (5 минут)


Физика пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары (7 класс)Физика пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары (7 класс)


VІ.Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)

1

Білу

Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не?

2

Түсіну

Бірқалыпты емес қозғалысқа мысал келтір?

3

Қолдану

Ауылдан Жаңақорғанға дейін қандай қозғалыс түрлері арқылы барамыз?

4

Талдау

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалысты салыстыр?

5

Жинақтау

Автомобиль 1 сағат ішінде 100 км жол жүреді, ал келесі сағатта ол 90 км жол жүреді. Бұл қандай қозғалыс түрлеріне жатады?

6

Бағалау

Қозғалыс түрлерін білудің маңызы неде?

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар

Эссе жазу

Кейінгі оқу

§24 Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар


© 2010-2022