Дарынды балаларды айқындау мен дамытудың тиімді жолдары

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дарынды балаларды айқындау мен дамытудың тиімді жолдары


Мектеп -еліміздің халыққа білім беру жүйесінің - күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. Бүгінгі білім берудегі тәжірибе оқушылардың әртүрлілігін көрсетіп отыр. Білім берушінің алдындағы басты назар аударатын негізгі міндеттердің бірі - дарынды балаларды анықтап, оларға адамгершілік қасиеттерді дарыту, шығармашылыққа үйрете отырып, терең біліммен қаруландыру. Интеллектілері шығармашылыққа жақын сараптай алатын, байланысын сезе алатын өте жақсы дамыған оқушылар өз қатарларынан өзгешелініп тұрады. Олар өздерін қызықтыратын сұраққа үнемі жауап іздеп, білімқұмарлықтарымен және өзіндік ізденімпаздықтарымен көзге түседі. Дарынды балалар мектепке баруға құлшынады, сабаққа барған кезде осындай дарынды балалармен қиын жағдайға ата-аналарда, оқытушылар да тап болады. Осындай білімқұмар балаларға сынып іші жалықтырып жібереді. Мұғалімдер сынып ішіндегі барлық баламен жұмыс жасауы үшін тырысып бағады, себебі бір сыныпта дарынды баламен қатар, қабылдауы төмен балаларда отырады. Оқу бағдарламасын барлығына дерлік ұғындыру, барлығымен жұмыс жасау мұғалімге қойылатын басты талап. Ендеше, осындай жағдайлар дарынды баланы жалықтырып алмау үшін арнайы жұмыс жасау қажеттігін көрсетіп отыр.

Дарынды оқушылардың шығармашылық әлеуетінің даму тәжірибесі арнайы шығармашылық бағдарлама мен оқу материалдарының жоспары мен іске асырылуын шамалайды. Дарынды балаларды оқытудың болашақта шығармашыл тұлғаның әлеуметтік іске асырылуына ықпал ететін шығармашылыққа, қарым-қатынас жасай білуге, көшбасшылық және басқа тұлғалық сапаларды қалыптастыруға ықпал ететін арнайы бағдарламалар жоспарлануда.

Пассов әртүрлі жастағы дарынды және талантты балаларға сәйкес арнайы оқу бағдарламасының 7 принципін ұсынды.

1 Оқу бағдарламасының мазмұны ой құрылымымен білімді ықпалдастыратын маңыздырақ мәселелерді, ойлар мен тақырыптарды ұзақ, тереңірек үйретуді қарастыруы қажет.

2 Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы өндірістік ойлаудың дамуын қарастыруы керек, сонымен қатар ол оқушыларға бар білімін қайта ойлау және жаңасын игеруге мүмкіндік беретін тәжірибеде қолданылу дағдысын қарастыруы тиіс.

3 Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы оларға үнемі ауысып отыратын, дамып отыратын білімге және жаңа ақпараттарға қатынасу мүмкіндігін беруі керек, оларға білімді іздеп табуға талпыныс жасауға әсер етуі қажет.

4. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы сәйкес келетіндерінің еркін қолданылуын және дайын болуын қарастыруы тиіс.

5. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың ынтасын және оқу мен дамудағы еркіндігін кеңейтуі керек.

6. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың санасы мен сезімін, бөтен адамдармен, табиғатпен, мәдениетпен және т.б. жағдайлармен қарым-қатынас түсінігінің дамуына ықпал етуі қажет.

7.Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы алдыңғы маңызы бар принциптермен бірге бағалануы керек. Сонымен бірге балалардың күрделі ойлау процесіне, олардың шығармашылыққа икемділігіне және орындау шеберлігіне басты назар аударылады.

Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруы мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Сондықтан да ғылыми жоба технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат - оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы ғылыми жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт - бағдар бере алады. Атап айтқанда, олар - білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.Қорытындылай келе, дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге құштарлықтың, биік ізгіліктің, бәрінің кілті - мыңды жығатын білімде бола отырып, оны дамытуды педагогтардың дұрыс үйлестіре білуі басты мәселелердің бірі ретінде алға шығады.


© 2010-2022