Физиканы дамыта оку технологиясы

Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Физиканы дамыта оқыту технологиясы

Физика пәнінің қоғам өмірінде үлкен роль атқаратын себептерінің бірі - оқу үрдісінде адамның ақыл-ойы, ойлау қабілеттері дамиды. Сондықтан да физиканы дамыта оқыту - қоғам талабы.

Дамыта оқыту қазіргі педагогикалық процестің негізгі және қажетті элементі. Қазіргі кезде физиканы оқытуда негізгі дидактикалық принциптердің бірі - дамыту принципі екенін негіздеуге болады.

Біріншіден, адамзаттың даму процесі өз еркіне жіберілсе, даму баяу жүрер еді. Ал бала кезінен адамның ашылмаған табиғи қабілеттерін оятса және ол қабілеттерді дамуға бағыттаса, даму процесі жылдам жүреді.

Екіншіден, бүгінгі таңда физика қоғам өмірінде үлкен роль атқарады. Физика - адамның ақыл-ойын, сана-сезімін, ойлау қабілеттерін дамытатын бірден бір құрал. Сондықтан да физиканы дамыта оқыту күн тәртібінде ең бірінші тұрған мәселе.

Үшіншіден, ойлау қабілеттері дамыған оқушы өз бетімен ізденіске, заттар мен құбылыстарды зерттеуге құлшынады. Осылайша дарындылықтың көзі ашылады.

Міне осы себептер физиканы оқытуда негізгі принциптердің бірі - дамыту принципі екендігін және бұл аталған принципті тәрбиелеу принципінен бөліп, жеке-дара қою керектігін дәлелдеп отыр.

Оқыту әдістемесінің тарихы да осы қорытындыға дәлел. И.Г.Песталоццийдің (1825) «Аққу әні» еңбегінде «Элементарлы білім теориясы - адамзатқа табиғи берілген негіздерін, қабілеттерін қалыптастыру және дамыту» делінген [3]. Адам жаратылысындағы «Адам жүрегі, адам ақылы, адам білігі - әрқайсысы өзін-өзі дамытуға еріксіз ұмтылады. Бұл табиғаттың мәңгі өзгермейтін заңдары. Көз көргісі, құлақ естігісі, аяқ жүргісі, қол ұстағысы келеді. Жүрек сезгісі, сүйгісі келеді. Ми ойлағысы келеді». Табиғаттың өзі адамды талаптануға, еңбектенуге, ойлауға, дене шынықтыруға және сезім мүшелері мен қабілеттерін дамытуға мәжбүр етеді. Тек оқу ғана адамды дамытады. Оқушының ақыл-ойының дамуы оқыту процесінде жүзеге асады. «Элементарлы білім беру идеясы адамды жан-жақты гармоникалық дамыту талабынан шыққан» [3].

Сонымен, физиканы дамытып оқыту дегеніміз - физиканы оқыту барысында оқушылардың ақыл-ойын, өз бетімен нәтижелі ойлауын, инттелектісін дамытып, дендері сау, өнегелі адам қалыптастыру. Дамыта оқыту барысында үш түрлі күш қатар дамиды. Олар: бала денесі, өнегелілік, ақыл-ой. Егер үш түрлі күштің бірі дамымаса, адамның ақыл-есі дұрыс дамымаған дейміз. Естілік, парасаттылық баланың денесінің өсуі, өнегелілігі, ақыл-ойы гармоникалық түрде даму нәтижесінен туады. Қоғамдағы әрбір адам парасатты яғни интелектуалды дамыған болса, қоғам да жан-жақты дамуы сөзсіз.

Адам дамуының бір-біріне тығыз байланысты үш компоненті болып отыр. Олар: 1) дененің өсуі, яғни денсаулық; 2) өнегелілік; 3) ақылдылық.

Дененің өсуі дененің тазалығына, денсаулықтың дұрыстығына байланысты. Өнегелілік адамның адамгершілік қасиеттеріне, ішкі мәдениетінің жоғарылығына байланысты. Дені сау адамның көп жүріп, көп көріп, көп оқып өнеге алуына, ішкі мәдениетін өсіруіне мүмкіндігі бар [4]. Дені сау, өнегелі адам оқуға, ізденуге құштар. Оқып ізденудің арқасында ақыл-ой дамитыны сөзсіз.

Олай болса дамыта оқыту принципі мынадай үш мақсатты жүзеге асырады:

1)Денсаулықты сақтау арқылы дененің өсуін қамтамасыз ету.

2) Өнегелілікті тәрбиелеу және дамыту.

3)Ақыл-ойды дамыту.

Бүкіл адамзаттың дамуы - дамыта оқытуға тікелей байланысты болып отыр.

Осыған орай дамыта оқытуға үлкен көп мән беріп, мектеп денсаулық, өнегелілік, ақыл-ой секілді үш күшті гармоникалық түрде қатар дамытса, болашақта эстафетаны интелектісі жоғары, парасатты азаматтарға береміз.

Сонымен, дамыта оқытуға төмендегідей міндеттер қойылады:

1)Дене өсуіне көңіл бөлу, денсаулық сақтау:

а) ынып бөлмесінің тазалығын сақтау;

ә) бөлменің ауасын жаңартып отыру;

б) бел омыртқаның қисаймауы үшін оқушының отырысын үнемі қадағалау;

в) көздің саулығына мән беру т.б.

2) Өнегелілікті тәрбиелеп дамыту:

а) мәдениеттілікке тәрбиелеу;

ә) қазақтың бұрынғы ұлттық қасиеттерін оқушылар бойына дарыту, себебі сол ұлттық қасиеттер - зор мәдениеттілік, тазалық, тәртіптілік, инабатылық, төзімділік, нәзіктік, үлкендерді сыйлау т.б.;

б) зейін қойып тыңдай білу, ешкімді сөз сөйлеп тұрғанда бөлмеу, сұраққа толық жауап беру, физикалық анықтамаларды бергенде сөйлемді дұрыс құру;

в) жауаптың дәлдігі, дұрыстығы арқылы шыншылдыққа, адамгершілікке, сұлулыққа тәрбиелеу;

3)Ақыл-ойды дамыту:

а) оқушылардың физикалық қабілеттерін дамыту:

- физикалық материалды қабылдай білу;

- логикалық ойлау қабілетін дамыту;

- физикалық заңдылықтарды, қатынастарды талдап қорыта білу;

- физикалық есте сақтау қабілетін дамыту;

- ойлау үрдісінің икемділігін дамыту;

б) оқушылардың жаңа білімге құштарлығын тәрбиелеп, оны толық және тиянақты меңгерулерін қадағалау;

в) алған білімдерін қолдана білуге бағыттау;

г) өз бетімен нәтижелі ойлау интеллектісін дамыту;

д) ізденушілік қабілеттерін дамыту.

Сонымен мектепте барлық сабақты дамыта оқытудың мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Біз нақты түрде дамыта оқыту үрдісін физика сабағында бақылап, жоғарыдағы қорытындыларға келдік.

Ұлы Абайдың «… Талап, еңбек терең ой

Қанағат, рақым, ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз,» - шумағындағы сөз тізбегі де адамның даму үрдісінің тізбегі емес пе?

Шынында, талап қойып еңбектенудің арқасында ақыл-ой дамиды. Ақылы терең азамат азға қанағат тұтып, өз еліне еңбек етіп, халқына рақымшыл болады. Біздің қоғамның да түп мақсаты осындай азамат тәрбиелеу.

Олай болса физиканы дамыта оқыту - қоғам талабы .


© 2010-2022