Сабақ тақырыбы: Жұлдызды аспан

Сабақ тақырыбы: §38- §40. Жұлдызды аспан. Аспан сферасы.Аспан сферасының координаттары.1. Оқушыларға шоқжұлдыздар, көрінерлік, абсолют жұлдыздық шама, аспан сферасы, оның негізгі элементтері, аспан координаталары, кординаталардың көкжиектік жүйесі, азимут, шырақ биіктігі, координаталардың экваторлық жүйелері, еңістік, тура көтерілу туралы түсінік беру.2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Сабақ түрі: араласСаба...
Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: §38- §40. Жұлдызды аспан. Аспан сферасы.Аспан сферасының координаттары.

1. Оқушыларға шоқжұлдыздар, көрінерлік, абсолют жұлдыздық шама, аспан сферасы, оның негізгі элементтері, аспан координаталары, кординаталардың көкжиектік жүйесі, азимут, шырақ биіктігі, координаталардың экваторлық жүйелері, еңістік, тура көтерілу туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Өткен тарау бойынша алынған бақылау және зертханалық жұмыстың қорытындысы.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Шоқжұлдыз дегеніміз -аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі.

Сабақ тақырыбы: Жұлдызды аспан

Жарық жұлдыздарды α әрпімен, одан сәл солғындау жұлдыздар реті бойынша грек алфавитінің келесі әріптерімен белгіленді.

Сабақ тақырыбы: Жұлдызды аспан

Жұлдыздардың көзге көрінерлік жарықтылығын санмен өрнектеу үшін көрінерлік жұлдыздық шама ұғымы пайдаланылады.

Жұлдыз-жалтырлығы -одан келетін сәулеге перпендикуляр орналасқан бірлік ауданды жарықтандыратын жарық мөлшері.

Екі жұлдыздың жалтырлығы мен олардың жұлдыздық шамалары арасындағы байланыс Погсон формуласымен өрнектеледі:

Сабақ тақырыбы: Жұлдызды аспан

Жұлдыздардың шын мәніндегі жарықтылығын анықтау үшін абсолют жұлдыздық шама қолданылады.

М-абсолют жұлдыздық шама.

m-көрінерлік жұлдыздық шама.

R-жұлдызға дейінгі қашықтық.

Сабақ тақырыбы: Жұлдызды аспан.

Кейбір жарық жұлдыздардың атаулары, астрономиялық белгіленуі, орналасу орнының координаталары, көрінерлік және абсолют жұлдыздық шамалары туралы мәліметтер.

Сабақ тақырыбы: Жұлдызды аспан

Аспан сферасы -радиусы анықталмаған жорамал сфера. Аспан шырақтары әр түрлі қашықтықта болғандықтан, оның бетіне бақылаушы белгілі бір уақытта өзі орналасқан орыннан көретін бүкіл аспан шырақтары проекцияланады.

Аспан сферасының негізгі элементтері:

Сабақ тақырыбы: Жұлдызды аспанСабақ тақырыбы: Жұлдызды аспан


Эклиптика -Күннің зодиак шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалысы атқарылатын үлкен дөңгелек.

21-наурыз көктемгі күн мен түн теңелуі. (тоқты).

23-қыркүйек - күзгі күн мен түн теңелуі. (таразы)


Аспан координаталары аспан денелерінің аспан сферасында орналасуын анықтайды.

Коррдинаталардың көкжиектік жүйесі.

Сабақ тақырыбы: Жұлдызды аспан

Бұл жүйеде негізгі жазықтық математикалық горизонт. Аспан шырағының орны екі бұрышпен анықталады.

Азимут - көкжиек сызығы бойымен өлшенетін шырақ вертикалына дейінгі бұрыш. (А)

Шырақ биіктігі - верикаль бойымен өлшенетін шырақтың көкжиектен бұрыштық қашықтығы (һ) -900-тан +900-қа дейін.

Координаталардың экваторлық жүйесі.

Сабақ тақырыбы: Жұлдызды аспан

Негізгі жазықтығы -экватор жазықтығы.

Еңістік - аспан шырағының аспан экваторынан бұрыштық қашықтығын көрсететін шама. (δ).

Еңістіктің аспан сферасының солтүстік жарыт шарында таңбасы «оң» мәні 0-ден +900-қа дейін, ал оңтүстік жарты шарда «теріс» 0-ден -900қа дейін.

Тура көтерілу (α) координатасының мәні аспан экваторының бойымен көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінен шырақтың еңістің дөңгелегіне дейін аспан сферасының айналу бағытына қарама-қарсы бағытта өлшенеді.

Тура көтерілудің мәні 0-ден 3600-қа дейін және сағаттық бірліктермен өлшенеді.

24 сағ=3600

1 сағ=150

1мин=15/

1c = 15//

10=4 мин

1/=4c

Қосымша деректер.


Сабақ тақырыбы: Жұлдызды аспанСабақ тақырыбы: Жұлдызды аспан


Сабақ тақырыбы: Жұлдызды аспан

ІV. Есептер шығару. 30-ж. №2, 31-ж. №2.

V. Пысықтау.

  1. Шоқжұлдыздар дегеніміз не?

  2. Аспанда қанша шоқжыұлдыз бар?

  3. Көрінерлік және абсолют жұлдыздық шамалар қалай белгіленеді?

  4. 5-кестедіг жұлдыздардың қайсысы ең жарық, қайсысы ең солғын?

  5. Аспан сферасы дегеніміз не?

  6. Аспан сферасының негізгі элеменеттерін атаңдар.

  7. Аспан экваторы мен аспан меридианы қандай нүктелерде қиылысады?

  8. Эклиптика аспан экваторына қатысты қалай орналасқан?

  9. Эклиптика мен аспан экваторының қиылысу нүктелері қалай аталады?

VІ Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма: :§38- §40. 30-ж. №3, 31-ж. №3.

© 2010-2022