Ашық сабақ: Беттік керілу. Жұғу. Қылтүтіктік құбылыстар. (7 сынып)

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Беттік керілу. Жұғу. Қылтүтіктік құбылыстар.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, ғылыми жүзінде түсіндіру.

  2. Дамытушылық мақсаты: таныс нәрседен жаңа проблема тудырып оны шеше білу.

  3. Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакат

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

а) теориялық білімдерін тексеру.

ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

б) есептерін тексеру.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру.

ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша беттік керілу, жұғу, қылтүтіктік құбылыстарымен танысу.

V. Жаңа материалды меңгерту:

Жұққыштық және капиллярлық.

Әр түрлі заттардың молекулалары бір-бірімен әр түрлі күшпен тартылады. Осы жағдайды тәжірибе арқылы бақылайық.

Жіңішке серіппеге шыны пластинаны іліп, оған төменгі жағынан суы бар ыдысты жақындатайық (75, a-сурет). Пластина суға тиген кезде, оны серіппемен бірге жоғары көтерейік. Пластина суға жабысып қалғандай болғанын көреміз. Серіппе бара-бара қатты созыла береді де пластина орнында қалады (75, б-сурет). Серіппенің серпімділік күші, плстинаны су бетінде ұстап тұрған молекулалардың тартылыс күшінен артық болғанда, пластина судан үзіледі (75, в-сурет). Бұл кезде пластинаның төменгі бетінде судың жұқа қабықшасы пайда болады. Бұл қабықшаның болуы - су молекулаларының шыны млекулаларымен беттескен жерде емес, су молекулаларының беттескен жерінде үзілгенін көрсетеді. Бұдан су молекулаларының өзара тартылыс күші шыны молекулаларының өзара тартылыс күшінен кем екендігін көрсетеді.

САшық сабақ: Беттік керілу. Жұғу. Қылтүтіктік құбылыстар. (7 сынып)ұйық молекулаларының қатты дене молекулаларына тартылуы, сұйықтың өз молекулаларымен тартылыс күшінен артық болғанда сұйық қатты дененің бетіне жағылып, оның бетінде жұқа қабат түзеді. Қатты дене бетінен сұйықтың ағуы бұл дененің жұғуы не сулануы деп аталады.

Мысалы, су шыны, ағашты, теріні және басқа көптеген заттарды сулайды.

Ал, егер, суға шыныдан емес, мысалға, парафин немесе балауыздан жасалған пластинаны батырсақ, оны судан суырып алғанда оның құрғақ екенін байқаймыз. Яғни, су балауыз бен парафинге жұқпайды. Су сонымен қатар, майлы беттерге де жұқпайды.

Жұқпайтын сұйықтарда сұйық молекулаларының өзара тартылыс көші, қатты дене молекулаларының тартылыс күшінен артық болатындығымен түсіндіріледі.

Егер сұйық қатты денеге жұқпайтын болса, ол жұқа қабатпен жайылмай, жиырылып шар формасына енеді. Мұндай тамшыларды (немесе шариктерді) шыныдағы сынап түзеді. Шойынға да сынап жұқпайды. Ал, алтын мен цинкке сынап жұғады.

Жұғу және жұқпау құбылыстарын практикада ескереді. Біздің сүртінетін сүлгілеріміз суланатын маталардан жасалады. Жақсы жұғудың затты бояған кезде, кір жуу, фотографиялық материалдарды өңдеу, лак бояуларын жағу, әр түрлі материалдарды жабыстыру т.б. жағдайда маңызы зор.

Суда жүзетін құстар, арнаулы бездері бөлетін маймен тұмсықтары арқылы өз қауырсындарын майлап қояды. Сондықтан олардың жүндеріне су жұқпайды да қауырсын астындағы түбіті құрғақ болып тұрады. Осының арқасында құстар мұздай суда тоңбайды және оның бетінде жүзіп жүреді.

Судың мұнаймен ластануы құстар үшін өте қауіпті. Мұнай құстардың қауырсындарына жұғады, сөйтіп су түбіт қабатына өтеді де, суланған құстар тоңады да, суға батып кетуі мүмкін.

Жұғудың болуы капиллярлық деп аталатын құбылысты қамтамасыз етеді. Молекулалық күштердің салдарынан, жұғатын сұйық , капилляр деп аталатын өте кішкене түтікшемен жоғары көтеріледі. Латын сөзі "капиллус" -"шаш" деген ұғымды білдіреді. Осыған сәйкес жіңішке түтікшені капилляр дейді. Олардың диаметрі миллиметр және одан аз болады.

Капилляр неғұрлым жіңішке болса, жұғатын сұйық соғұрлым үлкен биікке көтеріледі.

Таби,атта капиллярлар жиі кездеседі. Бізді қоршаған көптеген денелердің құрлысы кеуек, бірнеше көзге көрінбейтін капиллярлардан тұрады. Мұндай денелерге ағаш, қағаз, тері, жер қыртысы, мата, мақта, әр түрлі құрылыс материалдары жатады. Су және басқа оларға жұғатын сұйықтар, мұндай денелермен түйіскенде, олардың капиллярларына "жұтылады" да дененің ішкі жағында барлық бағытқа тарайды. Міне, сондықтан мақтаның (не қанттың) кесегі тез суланды. Осы себептен де ылғал кірпіштерге тез енеді, ал керосин болса, лампаның білтесі арқылы жоғары көтеріледі.

Капилляр құбылысы өсімдіктерді сумен қамтамасыз етуде және топырақтағы ылғалдың ауысында атқаратын рөлі ерекше. Құрғақшылықта жер қыртысы жарылып, онда сызаттар капиллярлар пайда болады. Жер астындағы сулар капиллярлар арқылы көтеріліп, буланады. Жердің беті бұның салдарынан одан әрі кебеді. Жер қойнауында ылғалдықты сақтау үшін жер бетін қопсытады. Бұл кезде капиллярлар бұзылады да, су топырақта қалады.

Керісінше, жер қыртысы шамадан артық сулы болғанда, оны таптап тегістейді. Бұл кезде капиллярлар жіңішкереді де тереңнен көтерілетін сұйықтардың мөлшері артады. Ең жоғары көтерілген су буланады да, топырақ жайлап кебе бастайды.

VІ. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

  1. Лактометр деген не?

  2. Шөгім деген не?

  3. Ауа шарының көтерілу биіктігі қалай реттеледі?

VІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

  1. Эксперименттік тапсырма:

Суға аздап сабын ерітіңдер және қағаздан жасалған түтік көмегімен сабын көпіршігін үрле. Олар қандай пішін алады?

  1. 33 жаттығу № 1, 2 есебі

  2. 34 жаттығу №4, 5, 6 есептер.

VIІI. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §49,50 27-жаттығу(1-3)


© 2010-2022